Санның модулі. Математика, 6 сынып, презентация.
1. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?
2.Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер.
3.Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер.
4. Координаталық түзуде екі санды белгілейікші.
5.Осы екі санның арақашықтығын қалай дұрыс табуға болады ?
7. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыз?
Сіздер білесіздер ме, …
Сабақтың мақсаттары:
санның модулі ұғымын және оның геометриялық мағынасын біледі;
айнымалысы модуль таңбасы ішінде берілген теңдеулерді шеше алады.
Бағалау критерийлері:
Оқушы:
Модульдің геометриялық мағынасын қолданады;
Санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолданады.
Жаттығу
Нүкте санақ басынан оң бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан;
|3|
2. Нүкте санақ басынан сол бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан;
|-3|
3. Нүкте координатасы 4 –ке тең нүктеден сол бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан;
|4 + (-3)|
4. Нүкте координатасы 2-ге тең нүктеден оң бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан;
|2 + 3|
5. Нүкте координатасы a-ға тең нүктеден b бірлік қашықтықта орналасқан;
|a – b|.
1 - топ координаталық түзуде оң таңбалы сандардың арақашықтығын зерттейді;
2 - топ координаталық түзуде теріс таңбалы сандардың арақашықтығын зерттейді;
3 - топ координаталық түзуде таңбалары әртүрлі сандардың арақашықтығын зерттейді (оң таңбалы санның модулі үлкен);
4 - топ координаталық түзуде 0 мен оң таңбалы сандардың арасындағы қашықтықты зерттейді;
5 - топ координаталық түзуде 0 мен теріс таңбалы сандардың арасындағы қашықтықты зерттейді;
6 - топ координаталық түзуде таңбалары әртүрлі сандардың арақашықтығын зерттейді (оң таңбалы санның модулі кіші).
Сергіту сәті
Бәріміз тұрамыз, жаттығу жасаймыз
егер тұжырымдамамен
келіссеңіздер
–аяқтың ұшымен тұрып,
қолымызды жоғары көтереміз
егер келіспесеңіздер
– қолымызды алға созып,
тізерлеп отырамыз
Тапсырма1.
Қай теңдеудің шешімі бар, қай теңдеудің шешімі жоқ, не себепті:
Дескриптор: Оқушы
санның модулінің анықтамасын қолданады;
модулі бар теңдеудің шешімдерін бағалайды.
Тапсырма2.
х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады:
Дескриптор: Оқушы
- санның модулінің анықтамасын қолданады;
- модулі бар теңдеудің шешімдерін табады
Сабақты қорытындылау:
Рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
немен жұмысты жалғастыру қажет
Бағалау критерийлер бойынша бағалайды.
Модульдің геометриялық мағынасын қолданады
Санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолданады
Пайдаланылған әдебиеттер, видеоресурстар:
1. «Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011
2. google.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру