Санның модулі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Байдарманова Б., Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санның модулі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.9 санның модулі анықтамасын білу және оның мәнін табу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • рационал санның модулін табуды үйренеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Санның модулі анықтамасын біледі;
  • Санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

  • сан модулінің мәнін қалай есептеу керектігін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • рационал сандар; координаталық түзу; бірлік кесінді; санақ басы;

оң бағыт; теріс бағыт.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • рационал сан ... түрінде жазылуы/ұсынылуы мүмкін;
  • координаталық түзуде.... санын белгілеу үшін, бірлік кесінді...
  • координаталық түзудің санақ басының оң (сол) жағына...

Құндылықты

дарыту

Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу.

Академиялық адалдық: Жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау.

Пәнаралық

байланыстар

Санның модулі ұғымын қалыптастыру физика пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру сияқты физикалық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал етеді.

Бастапқы білім

Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Жұпқа бөлу: қағаз қиындыларында жазылған қарама-қарсы сандарды дұрыс табу арқылы оқушылар жұптарға бөлініп отырады.
  • Жұптағы оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы ұсынылған дайын жауаптарды қолданып бір-бірінің үй жұмысын тексеріп, комментарий жазу арқылы бағалайды.

Сабақтың ортасы

3-7 мин

7-10 мин

10-15 мин

15-20 мин

20-35 мин

Жаңа сабақты түсіну

Сыныппен жұмыс:

Сабақтың мақсатын ашу:

Оқушыларға сұрақтар қою және өткен сабақты қайталау мақсатында жаттығулар орындау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылады.

Сіздер білесіздер ме, …

1.Координаталық түзу дегеніміз не?

2.Түзудің бойындағы нүктелерді қалай атайды?

3. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады?

4. а санына қарама-қарсы сан қалай белгіленеді?

5. Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер.

6. Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңдер.

7. Қандай сан өзіне өзі қарама-қарсы болады?

Тапсырма 1.

Бүінгі сабақтың тақырыбын білу үшін берілген сандарға қарама-қарсы сандарды тауып, екінші кестеден сол сандарға сай келетін әріптерді табыңыз.

Сабақтың тақырыбы: Санның модулі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар рационал санның модулін табуды үйренеді.

Келесі материалға назар аударыңыз:

«Математика тарихынан»

Мұғалім таныстырылым арқылы санның модулі ережесін береді:

Модуль латынша modulus - қазақша "мөлшер" деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда "модульдің" орнына абсолюттік шама деп те атайды. Бұл терминді 1806 жылы француз Математикгі Жорж Аргон енгізген.

1.А ,В және С нүктелерінің координаталары қандай?

2.Координаталар бас нүктесінен А, В және С нүктелеріне дейінгі қашықтық неге тең?

3.- 5 санының модулі 5-ке тең, -3 санының модулі 3-ке тең, 4 санының модулі 4-ке тең.

Анықтама: а санының модулі деп координата бас нүктесінен А(а) нүктесіне дейінгі (бірлік кесіндідегі) қашықтықты айтады. Белгіленуі:

Мысалы: ;

Мұғалім фронтальды түрде есептерді оқушылармен талқылайды.

Проблемалық оқыту.

Тапсырма 2.

Нөл санының модулі неге тең? Не себептен?

Қандай сан, санның модулі бола алмайды?

Оң санның модулі неге тең?85

Теріс санның модулі неге тең? 56

Берілген сандар: 4 және - 4; 94 және - 94; - 42 және 42

1) Осы сандар қалай аталады?

2) Сандардың әрқайсысының модулін табыңыз.

3) Модульдерін салыстырыңыз.

4) Қандай қорытынды шығарасыз?

Оқушылар нәтижелерді салыстырады. Жіберілген қателерді талдайды.

|-а|=|a|

Ара қашықтық оң санмен немесе нөл санмен жазылатыны белгілі. Онда санның модулі координаталық түзуде берілген санды кескінейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы болатындықтан, модуль теріс санмен жазылмайды.

Координаталық түзуде о санын кескіндейтін нүкте санақ басы мен (О нүктесімен) беттеседі. Онда . Нөл санының модулі 0-ге тең.

Жаңа сабақты меңгеру

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 3.

Оқушыларға жұппен орындауға тапсырма беру. Әр жұпқа екі түрлі тапсырма беріледі, тапсырмалар саны мен күрделілігі бойынша айырмашылықтары бар. Бұл тапсырмаларды саралап беруге болады. Бұл тапсырманы орындау барысында «Темп бойынша саралау» түрі қолданылады.

1. Сандардың модулін табыңыз:

1);

7).

2. Сандық осьте кескінделген А, В, С, К нүктелерінің координаталарын табыңыз және модуль белгісін қолданып санақ басынан нүктеге дейінгі қашықтықты жазыңыз.

Бағалау: Оқушылар өздерінің жазған жауаптарын А4 қағазға жазып, барлығы бір мезгілде көтеріп, мұғалімге көрсетеді.

Мұғалім оқушылар жауабына сай кері байланыс береді.

Жаңа сабақты бекіту

Жеке жұмыс:

Тапсырма 4.

1. Өрнектің мәнін табыңыз:

1) |-8|-|-5| ; 2) |-10|*|-5|; 3)|240|:|-80| ; 4)|-710|+|-290|

2. х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады:

1) 3; 2) 5; 3) ;

4) ; 5) 6)1,5

3. 1) Модульдері 5-тен кіші бүтін сандардың А жиынын жазыңдар. А жиынының элементтерінің санын көрсетіп жазыңдар.

2) Модульдері 5-тен кіші натурал сандардың В жиынын жазыңдар. В жиынының элементтерінің санын көрсетіп жазыңдар.

3) А және В жиындарының қайсысы ішкі жиын екенін көрсетіп жазыңдар.

Бағалау

Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

Мұғалім оқушылар тапсырманы орындауын бақылап, оларға кері байланыс береді.

Қосымша 1.

«Математика» оқулығы

6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов

«Атамұра» 2011

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Сабақтың соңы

35-40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • Санның модулі дегеніміз не?
  • Оң санның модулі неге тең?
  • Теріс саның модулі неге тең?
  • 0 санының модулі неге тең?
  • Кез келген санның модулі теріс сан бола алама?
  • Қарама қарсы сандардың модульдері неге тең?

Келесі сабақта осы өтілген тақырыпқа байланысты есептер шығарып, тақырып кеңінен ашылады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Мен бүгін бәрін түсіндім»- «+» таңбасымен

«Түсінбедім» - «-» таңбасымен

«Түсінбегендерім бар»- 0 санымен белгілейді

Үй жұмысы:

№1

1. Мына сандардың модулдерін өсу ретімен жазыңыз:

6,4; -5,8; 3,9; -7,1; 0.

2. Мына сандардың модульдерін кему ретімен жазыңыз:

7,3; -4,5; 5,9; -8,1; 0.

№2. Амалды орындаңыз:

1) 2) 3)

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.

Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу