Санның модулі. Математика, 6 сынып, презентация.
Санның модулі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
6.3.3.1
координаталық түзуде нүктелердің арақашықтығын табу;
Сабақ мақсаттары
- Координаталық түзу бойында екі нүктенің ара қашықтығын табу формуласын білу;
- Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығын табуды формуласын қолдану.
Бағалау критерийлері
- Координаталық түзу бойында екі нүктенің ара қашықтығын табу формуласын біледі;
- Координаталық түзудегі екі нүктенің ара қашықтығын табуды формуласын қолданып есептер шығара алады.
Практикалық жұмыс 1
Жеке орындауға
1. Мына координаталық түзуде кескінделген нүктелердің координаталарын табыңыз:
2. Термометр таңертен -40С-ты, түсте +120С-ты, кешке -20С-ты, түнде -60С-ты көрсетті. Координаталық түзуде термометрдің көрсетуін кескіндеңдер
,
,
,
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.
Мысалы:
Практикалық жұмыс 2
Жеке орындауға
А(-4) және В (3) болатын АВ кесіндісінің ұзындығын (бірлік) кесінді есебімен табыңыз.
Шешімі:
Координаталық түзудегі АВ кесіндісін табу үшін:
А(-4) және В(3) нүктелерін координаталық түзуде белгілеу керек.
.
Жұптық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар:
Негізгі деңгей
№1.
Координаталық түзуде , , кескіндеңіз және АВ,АС,ВС кесінділерінің ара қашықтығын табыңыз.
Дамытушылық деңгей
№1.
АВСD квадратының АВ қабырғасы бірлік кесіндісі 1 см-ге тең координаталық түзу бойында орналасқан. А(-5,2) және В(4,7). АВСD квадратының периметрі неше сантиметр?
Шығармашылық деңгей
№1.
координаталық түзуде санынан 5 бірлік қашықтықтағы нүкте
координатасын табыңыз (мүмкін жағдайларды ескеріңіз);
- теңсіздігін қанағаттандыратын неше бүтін сан бар?
Жеке жұмыс 1 нұсқа
1) Мына нүктелерді координаталық түзуде кескіндеңіз: А(4), В(-4), С(8), D(-8), E(2), F(14), K(-13), L(-1), M(-6).
a) нүктелердің ара қашықтығын табыңыз:
D және L; В және С; Е және F.
б) ВЕ кесіндісінің ортасы қай нүкте?
в) 0 –ге қай нүкте жақын F немесе К?
г) қай нүкте 0 – ден алысырақ А немесе D?
д) L нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерді табыңыз;
e) LC кесіндісінің ортасы Р нүктесі болса, оның коордтнатасын табыңыз.
2) Берілген нүктелердің арасындағы бүтін сандарды жаз:
а) - 9 және 10; б) – 9 және 8.
3) Координаталық түзуден X(-21). Y(12) нүктелерін кескіндеңіз, M және N нүктелері XY кесіндісінде жатады. M және N нүктелерінің координаталарын табыңыз, егер:
- М нүктесі NХ кесіндісінің ортасы;
- N нүктесі МY кесіндісінің ортасы болса.
4) А және В нүктелерінің ара қашықтығын табыңыз, егер А(а + 0,8), В(b – 4.2), b – a = -1 болса.
II нұсқа
1) Мына нүктелерді координаталық түзуде кескіндеңіз: А(2), В(-6), С(6), D(-10), E(-1), F(12), K(-15), L(-3), M(-8).
а) нүктелердің ара қашықтығын табыңыз:
D және L; В және С; Е және F.
б) МС кесіндісінің ортасы қай нүкте?
в) 0 –ге қай нүкте жақын F немесе К?
г) қай нүкте 0 – ден алысырақ С немесе D?
д) L нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерді
табыңыз;
e) LC кесіндісінің ортасы Р нүктесі болса, оның коордтнатасын табыңыз.
2) Берілген нүктелердің арасындағы бүтін сандарды жаз:
а) - 10 және 11; б) – 8 және 7.
3) Координаталық түзуден X(-18). Y(24) нүктелерін кескіндеңіз, M және N нүктелері XY кесіндісінде жатады. M және N нүктелерінің координаталарын табыңыз, егер:
- М нүктесі NY кесіндісінің ортасы;
- N нүктесі ХМ кесіндісінің ортасы болса.
4) А және В нүктелерінің ара қашықтығын табыңыз, егер А(а -0,2), В(b +0,5) , a – b = -1 болса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру