Санның модулі. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Байдарманова Б., Каражигитова К.Е. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Санның модулі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.11 өрнегінің геометриялық мағынасын түсінеді. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||
Құндылықты дарыту | Ынтымақтастық: Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену, жаңаны тез игеруге дайын болу, өзгенің пікірін құрметтеу және тыңдай білу. Академиялық адалдық: Жұмыстану барысында бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, жауапкершілік, мақсатқа ұмтылу, академиялық адалдық ұстанымдарын сақтау. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Санның модулінің геометриялық мағынасын түсіну физика пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру сияқты физикалық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал етеді. | ||||||
Бастапқы білім | Координаталық түзу, рационал сандар түсінігі, қарама қарсы сандар, санның модулі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 1-3 мин |
| ||||||
Сабақтың ортасы 3-7 мин 7-12 мин 12-26 мин 26-27 мин 27-37 мин | Жаңа сабақты түсіну. Сыныппен жұмыс: Сабақтың мақсатын ашу: Оқушыларға сұрақтар қою және өткен сабақты қайталау мақсатында жаттығулар орындау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашылады. 1. Қандай сандар қарама-қарсы сандар деп аталады? 2.Оң санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңіздер. 3.Теріс санға қарама-қарсы сан қандай сан? Мысал келтіріңіздер. 4. Координаталық түзуде екі санды белгілейікші. 5.Осы екі санның арақашықтығын қалай дұрыс табуға болады ? 7. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты қандай болады деп ойлайсыз? Осыдан соң сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады. Тапсырма 1. Жұптық жұмыс: Оқушыларға жұппен келесі тұжырымдардың математикалық моделін жазуды ұсыну:
Оқушылармен бірге шыққан жазбаларды талқылау және өрнегінің геометриялық мағынасын түсінуін бағалау. Жаңасабақты меңгеру. Топтық жұмыс: Тапсырма 2. 1 - топ координаталық түзуде оң таңбалы сандардың арақашықтығын зерттейді; 2 - топ координаталық түзуде теріс таңбалы сандардың арақашықтығын зерттейді; 3 - топ координаталық түзуде таңбалары әртүрлі сандардың арақашықтығын зерттейді (оң таңбалы санның модулі үлкен); 4 - топ координаталық түзуде 0 мен оң таңбалы сандардың арасындағы қашықтықты зерттейді; 5 - топ координаталық түзуде 0 мен теріс таңбалы сандардың арасындағы қашықтықты зерттейді; 6 - топ координаталық түзуде таңбалары әртүрлі сандардың арақашықтығын зерттейді (оң таңбалы санның модулі кіші). Әр топ осы тапсырманы орындаудың алгоритмін немесе ережесін тұжырымдайды. Бүкіл сыныппен барлық жағдайлар үшін ортақ ереже анықталады. өрнегінің мәні а мен санына сәйкес нүктелердің арақашықтығын білдіреді. Сонда |x+2|=5 теңдеуінің геометриялық мағынасы х пен -2-ге сәйкес нүктелердің арақашықтығы 5 болғандықтан х=2+5=3 немесе х= - 2 - 5= -7 Жауабы: х=3; х=-7. Бағалау: Топтан бір оқушы тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған топ оқушыларынан сұрап талқыланады. Мұғалім оқушылар жауабына сай кері байланыс береді. Сергіту сәті Бәріміз тұрамыз, жаттығу жасаймыз (егер тұжырымдамамен келіссеңіздер –аяқтың ұшымен тұрып, қолымызды жоғары көтереміз, егер келіспесеңіздер – қолымызды алға созып, тізерлеп отырамыз.) Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс: Тапсырма 3. 1.Қай теңдеудің шешімі бар, қай теңдеудің шешімі жоқ, не себепті: Жауабы: Шешімі барлар: 2,3,7 Шешімі жоқтар: 1,4,5,6,8 Себебі: Модульда теріс сан бола алмайды Дескриптор: Білім алушы
Барлық оқушыларға өздерінің білімін тереңдетуге мүмкіндік беру. Оқушылардың өздерінің қазіргі даму деңгейіне сәйкес келетін бағалаудан өтуге мүмкіндік беру. 2. х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады: Жауабы: 1) х=-4,4 2)x=6,-6 3)x=6,-6 4)x=5,-5 5)x=2,-2 6)x=4,-4 7)x=4,-4 8)x=6,-6 9)x=3,5;-3,5 Дескриптор: Оқушы
Бағалау Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап, оларға кері байланыс береді. | Қосымша 1. Қосымша 2. «Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов «Атамұра» 2011 Қосымша 3. Қосымша 4. Қосымша 5. | |||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын төмендегі критерийлер бойынша бағалайды.
| ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | |||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. | Оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалаймын. Бағалау критерийі бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері жайлы өзін – өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру