Екі санның пайыздық қатынасы. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4А: «Пайыз» (12 cағ). Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. | ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалы «Қарағанды қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Махашев С.Т., Мустахаева В.М. | |||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны | ||||||
Сабақ тақырыбы | Екі санның пайыздық қатынасы | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру; 5.1.2.35 бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше таба білу; Екі санның пайыздық қатынасын қолдана білу. | |||||||
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты оқыту | |||||||
Бағалау критерийлері | Екі санның қайсысы бөлінгіш, қайсысы бөлгіш болатындығын түсіне алады; Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше таба алады; Екі санның пайыздық қатынасын қолдана алады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Пән бойынша оқу мақсаты Оқушылар: - пайыздар мен бөлшектер арасындағы байланысты түсінеді; - шама мәндерінің пайыздық кемуін немесе артуын түсінеді; - бөлшектерді пайыз арқылы өрнектей алады және керісінше орындай алады; - санның пайызын, пайызының мәні бойынша санды табуға, сондай-ақ екі санның пайыздық қатынасын табуға есептер шығара алады; - берілген бөлімнен алған білім және біліктерін практикалық мазмұнды есептер шығаруда қолданады. Тілдік мақсат Оқушылар: - бөлшектерді пайыз арқылы және керісінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады; - санның пайызын табу және пайызының мәні бойынша санды табуды түсіндіре алады; - пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады; - мәтін есептің шешу жолын түсіндіре алады; - практикалық есептердің математикалық модельдерін сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология - пайыз; - пайыздық қатынас; - пайыздық арттыру; - пайыздық кеміту ; - қарапайым пайыздық өсім; - күрделі пайыздық өсім; - концентрация. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - пайызды ондық бөлшекпен өрнектеу үшін … керек; - санның пайызын табу үшін ... керек; - пайызы бойынша санды табу үшін ... керек; - ондық бөлшекті пайызбен өрнектеу үшін ... керек; - сан ... %- ға артты; - сан … %- ға кеміді; - сандардың пайыздық қатынасын табу үшін ... керек. Берілген пайызы бойынша санды табуда келесі сөз тіркестерін қолданады: Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын табу үшін:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенділік, шыншылдық, басқаларды тыңдай білу, жұптық, топтық жұмыстар арқылы құрметтеуді дарыту топ ішіндегі бір бірін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыс табады. Мысалы: Жер телімінің ауданы 1500 . Қарақаттың бұтақтары ауданы 450 жерді алып жатыр. Қарақаттың бұтақтары жердің қанша пайызын алып жатыр? | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану, калькулятор http://festival.1september.ru/articles/590323/ сайтынан қосымша тапсырмалар орындайды | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: пайыз, пайызды санға өрнектеу, санды пайызбен өрнектеу, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақ басы 2 минут Сабақ барысы 3 минут | 1. Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын беру. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою. Миға шабуыл:
2. Оқушылардың өзіндік жұмысы (тақырып бойынша негізгі дағдыларды бекіту) 1. Кестені толтыр (үлестірме 1) Оқушылар калькулятордың көмегімен өз жұмыстарын тексереді | Презентация слайд1-2 Слайд 4-5 (үлестірме 1) Калькулятор | ||||||
5 минут 10 минут 10 минут 10 минут 3 минут | 3. Білімін жандандыру Сөйлемді аяқтау үшін, көп нүктенің орнына сандарды дұрыс таңдаңыз. Бір сағатың 20% = . . . минут. Бір килограммның 15% = . . . грамм. Бір метрдің 78% = . . . дециметр. Бір минуттың 65% = . . . секунд. Бір граммның 25% = . . . милиграмм. Бір килограммның 35,5% = . . . метр.
30 минут бір сағаттың қанша пайызын құрайды? 15 минут бір сағаттың қанша пайызын құрайды? 12 минут бір сағаттың қанша пайызын құрайды? 350 грамм 1 кг-ның қанша пайызын құрайды? 45 см 1 метрдің қанша пайызын құрайды? 4. Жаңа материалды оқу Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыс табады. Мысал 1. Егістіктің ауданы 140 га, оның 91 га бөлігіне картоп отырғызды. Картоп егістіктің қанша пайызын алып жатыр? Есепті шешу үшін, 91 га жердің 140 га ауданының қанша пайызын құрайтынын білу керек:
2) Картоп егістіктің қанша пайызын алып жатыр? 0,65=(0,65∙100)%=65% Бір сан екінші санның қанша пайызын құрайтынын табу үшін: 1) Бірінші санды екінші санға бөлу керек; 2) Шыққан бөлшекті пайызбен өрнектеу керек. Мысал 2. Жер телімінің ауданы 1500 . Қарақаттың бұтақтары ауданы 450 жерді алып жатыр. Қарақаттың бұтақтары жердің қанша пайызын алып жатыр? 1. Қарақат жер телімі ауданының қанша бөлігін алып жатқандығын анықтайық: 450:1500 2. Алынған бөлшекті пайызбен өрнектейік. Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын табу үшін:
Әріптердің көмегімен келесі түрде жазуға болады: . мұнда, – пайыз саны; – сан (100% сәйкес келетін сан), – пайызын табу керекті сан. Бос орындарды толтырыңыз 3 доллар 25 доллардың . . . % құрайды. 12 километр 800 километрдің . . . % құрайды. 6 килограмм 120 килограммның . . . % құрайды. 15 минут бір сағаттың . . . % құрайды. 5. Есептер шығару Жұптық жұмыс – (үлестірме 2) Мұғалім сұрақтаға жауап ала отырып, бақылау жүргізеді және көмек көрсетеді. Әр оқушы жұпта өз нұсқасын орындайды, бір-біріне есептерді шығаруға көмектеседі. 1 нұсқа 1. Пайызбен өрнектеңіз: Сынып оқушыларының ; кітаптар санының ; Бидай өнімінің ; ақша қорының . 2. Жүздікке дейін дөңгелектеңіз және пайызбен өрнектеңіз: 0,473; 0,7025; 0,328; 0,3976. 3. Сыныптағы 32 оқушының 24-і спорт үйірмелеріне қатысады. Сыныптың қандай бөлігі спорт үйірмелеріне қатысады? Жауапты пайызбен өрнектеңіз. 4. Бір айдағы 30 күннің 9-ы демалыс болды. Осы айдағы жұмыс күндері қанша пайызды құрайды? 5. Көктемде 24 алма ағашын отырғызып, алма бағын жасады. Күзде осы баққа тағы да 6 алма ағашын отырғызды. Алма ағаштарының саны қанша пайызға артты? 6. Шаңсорғыш 25000 тг тұрады. Бағасы арзандатылғаннан кейін ол 20000тг тұратын болды. Осы шаңсорғыштың бағасы қанша пайызға төмендеді? Топтық жұмыс (үлестірме 3) Оқушыларды топқа бөлу еркін түрде жүзеге асады. Жұмыс барысында оқушылар бір-бірімен ақылдасады, көмектеседі, жауаптарын тексереді. №1. Мектепте 700 оқушы бар. Олардың 357-сі ұлдар. Ұлдар осы мектеп оқушыларының қанша пайызын құрайды? №2. Механикалық цехте барлық 350 станоктың 35 жөндеуде тұр. Станоктардың қанша пайызы жұмысқа жарамды күйде тұр? №3. Жоспар бойынша жасалатын 35 бөлшектің орнына жұмысшы 42 бөлшек жасады. Ол жоспарды қанша пайызға орындады? Ол жоспарды қанша пайызға артық орындады? №4. 4А сыныбында 40 оқушы. Тапсырманы 32 оқушы орындады. Ал 4Б сыныбында 35 оқушы, оның 28 оқушысы тапсырманы орындады. Қай сынып тапсырманы жақсы орындады? №5. 200 қарбыздың 16 -сы піспеген болып шықты. Піспеген қарбыздар барлық қарбыздардың қанша пайызын құрайды? Қосымша деңгейленген тапсырмалар (үлестірме 4) 6. Оқушылар өздігінен тапсырма алгоритмімен танысады және тапсырмаларды орындайды. Микрокалькулятордың көмегімен бір санның екінші санға пайыздық қатынасын табу алгоритмі. 30 саны 75-ң қанша пайызын құрайтынын табу үшін: 1) калькуляторға 30 санын енгізу керек; 2) / немесе баспасын басу; 3) калькуляторға 75 санын енгізу; 4) % баспасын басу керек. Индикаторда жауап көрінеді: 40. Демек 30 саны 75 санының 40 % құрайды. Табу программасы: 30: 75 %. Микрокалькулятордың көмегімен бөлінгіш бөлгіштің қанша пайызын құрайтының табыңыз: 1) 4,2:6; 3) 3,66:6,1; 5) 8,91:8,1; 7) 7,84:5,6; 2) 5,6:7; 4) 4,96:6,2; 6) 5,16:4,3; 8) 7,6:9,5. | Слайд 6-7 Слайд 8-11 үлестірме 2 үлестірме 3 Математика 5 сынып Виленкин Н.Я. 2008г үлестірме 4 Алдамұратова «математика» 5сынып үлестірме 5 | ||||||
Сабақ соңы 2 минут | 7. үй тапсырмасы (үлестірме 4-5) 8. Рефлексия. - Сабақта өзімізге қандай мақсат анықтадық? - Бүгін сабақта қандай қиыншылықтармен кездестіңіз? - Жағдаяттан қалай шықтыңыз? - Сабақтағы өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз? - Сабақты қандай көңіл-күймен аяқтайсыз? - Сіз үшін сабақта ең қиын болған не? - Сабақта сіз үшін ең қызық болған не? |
| ||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | ||||||
Талқылау мен өз бетімен оқу арқылы топ, жұп ішінде жұмыс жасау | Бір бірінің жұмыстарын тексеру Өз-өзін тексеру | |||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар ҚКФ-ын өз беттерімен қорытып шығарды Сабақты жақсарт уға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Тақырып негізіне бағыттайтын есептер Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Оқушылармен жекелей жұмыс, оқушылардың деңгейін анықтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?