Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу Екі санның пайыздық қатынасы. Математика, 5 сынып, қосымша материал.


№1. Алма бағында алма жиналды. Бір күнде 4840 кг жиналды. Жиналған алманың 25% дүкенге жіберді, ал қалғанын – қоймаға. Қоймаға неше килограмм алма жіберілді?

№2. 80т күрішті өңдеу барысында 60 т дақыл алды. Күрішті өңдеу барысында қанша пайыз дақыл шыққанын тап.

№3. Жұмысшылар бригадасына ұзындығы 760 м болатын жол бөлігін жөндеуден өткізу тапсырылды. Бригада жолдың қанша метрін жөнеуден өткізеді егер: тапсырманың 30%; 50%; 10% орындайтын болса.

№4. Мотоциклші қандай-да бір қашықтықты жүріп өтті. Жолдың 1% -ын ол ауыларалық жолмен жүрді, бұл 3,2 км құрады. Мотоциклші бір күнде қандай қашықтықты жүріп өткен?

№5. Оқушы кітаптың 138 бетін оқып бітірді, бұл кітаптағы барлық бет санының 23% құрайды. Кітапта неше беттен тұрады?

№6. Қарқынды технологияларын қолдана отырып, бригада жоспарланғаннан 250 деталды артық орындады, солайша ол жоспарды 5%-ға артық орындады. Бригада қанша детал дайындады?

№7. Слесарь мен оның оқушысы 1200 бұйым жасады. Оқушы барлық бұйымның 30% жасады. Оқушы қанша бұйым жасады?

№8. Бір бөлменің ауданы 12 м2 , және ол пәтердің барлық ауданының 25% құрайды. Пәтердің барлық ауданын тап.

№9. Геологтар ұзындығы 2450 км болатын жерді жүріп өтті. Жолдың 10%-ын олар ұшақпен ұшты, жолдың 60% -ын қайықпен жүзіп өтті, ал қалған бөлігін жаяу жүрді. Геологтар қанша километрді жаяу жүріп өтті?

№10. Сүттің 10% -нан ірімшік жасалады. 32,8 кг сүттен қанша ірімшік жасалады? 58,7 кг сүттен ше?

№11. Автотурист бірінші күні 120 км жолды жүрді, ол барлық жоспарланған жолдың 15%-ын құрайды. Жоспарланған жолдың ұзындығы қандай?

№12. Егістіктің 24 % -на егін екті. Осы егістіктің қалған бөлігі 45,6 га егін егу қалды. Барлық егістіктің ауданын табыңыз.

№13. Сыныпта 17 ұл, ал қыздар 6 –ға артық. Сыныптың қанша пайызын қыздар құрайды және қаша пайызын ұлдар құрайды?

№14. Сыныптағы 40 оқушының «4» пен «5»-ке 18 оқушысы оқиды. Сыныптың оқу сапасы қанша пайыз?

№15. Кептірілген алма массасы жаңа алманың 16 % -ын құрайды. 4 т кептірілген алма алу үшін, қанша таза алма алу қажет? 4,5 т таза алмадан қанша кептірілген алма шығады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу