Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу Екі санның пайыздық қатынасы. Математика, 5 сынып, презентация.
Берілген санның пайызын табу және керісінше пайызы бойынша санды табу
Екі санның пайыздық қатынасы
Сабақтың мақсаты:
Санның пайызын таба білу;
Пайызы бойынша санды таба білу;
Пайызы бойынша санды табуға мәтіндік есептерді шешу.
Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын таба білу және керісінше;
Екі санның қатынасын қолдана білу;
Оқу мақсаттары:
Пайыз дегеніміз не?
Шаманың жүзден бір бөлігі.
– Пайызды ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
Шаманы жүзге бөлеміз.
– Ондық бөлшекті пайызға қалай айналдырамыз?
Жүзге көбейтеміз.
Пайыздарды ондық бөлшек түрінде жазыңыз:
- Ондық бөлшектерді пайыз түрінде жазыңыз:
42 : 35 · 100%= 120%
- Пайызға берілген есептердің қандай түрлерін білесіз:
1. Берілген санның пайызын табу.
2. Пайызы бойынша санды табу.
3. Екі санның пайыздық қатынасын табу.
Санның пайызын қалай табамыз?
120-ның 7% табыңыз:
120 · 0,07 = 8,4
Пайызы бойынша санды қалай табамыз?
15% -ы 315 болатын санды табыңыз:
315 : 0,15 = 2100
-Бір сан екінші санның қанша пайызын құрайтынын қалай табамыз?
42 саны 35 санының қанша пайызын құрайды?
Жұппен жұмыс
Өз нұсқаңның тапсырмасын орында, калькулятордың көмегімен бір-біріңнің жұмысыңды тексер.
Есептер шығару
№1. Сары майдың бір орамы 60 тенге тұрады. Зейнеткерлерге дүкен 5% жеңілдік жасайды. Зейнеткер майдың бір орамы үшін қанша тенге төлейді?
Шешуі:
1) 60 ∙0,05=3 (тг) жеңілдік
2) 60-3=57 (тг) жеңілдікпен майдың бір орамы бағасы
Жауабы: 57 тенге.
№2. Мектепте 124 оқушы француз тілін оқиды, бұл мектептегі барлық оқушылардың 25% құрайды. Мектепте қанша оқушы оқиды?
Шешуі:
2) 124 : 0,25=496 (оқушы)
1) 25%=0,25
Жауабы: мектепте 496 оқушы оқиды.
№3. Шалбар 8500 тенге тұрады. Арзандатылғаннан кейін оның бағасы 6800 тенге тұрды. Шалбардың бағасы қанша пайызға арзандатылды?
Шешуі:
1) 6800 : 8500=0,8
2) 0,8=80% (шалбардың бағасы 80 пайызды құрайды)
3) 100%-80%=20%, демек шалбар бағасы 20%-ға арзандатылған
Жауабы: 20%
Топтық жұмыс
Пайызға берілген есептердің түрлерін анықтаңыз
Өздік жұмыс
Өздік жұмыс екі бөлімнен тұрады: тест бөлімі және есептен.
Өздік жұмыстың бағалануы:
«үш» - тест бөлімі дұрыс + бір есеп;
«төрт» - тест бөлімі дұрыс + екі есеп;
«бес» - тест бөлімі дұрыс + үш есеп;
1) Кітапханада 9450 кітап бар. Балалар кітабы оның 30% құрайды. Бұл:
а) 2835 б) 3,15 в) 283,5 г) 315
2) Тауардың құны 1200 тг. Тауардың құны 25%-ға артқаннан кейін қанша тенге болады?
а) 300 б) 1800 в) 1500 г) 900
3) Кітапханада барлық кітаптардың 15% -сөздіктер. Егер сөздіктер саны 600 болса, онда кітапханада барлығы қанша кітап бар?
а) 9000 б) 4000 в) 900 г) 900
4) Автобус бір қаладан екінші қалаға 50 км жол жүруі тиіс. 30 км жүрген соң ол демалуға тоқтады. Ол жолдың қанша пайызын жүрді?
5) Сенбілікке 160 адам шықты. Жолды жөндеуге барлық адамның 25 % қатысты, ал қалғандары ағаш отырғызды. Қанша адам ағаш отырғызды?
6) Математика бойынша қалалық олимпиаданың жүлдегерлері 48 оқушы, бұл барлық қатысушылардың 12% құрайды. Олимпиадаға қанша оқушы қатысқан?
Жауаптары:
а
в
б
60%
120
400
1) Пайыз дегеніміз не?
2) Пайызды ондық бөлшек түрінде қалай өрнектейміз және керісінше?
3) Пайыздың қолданылымы?
4) Берілген санның пайызын қалай табамыз?
5) Пайызы бойынша санды қалай табуға болады?
6) Бір сан екінші санның қанша пайызын құрайтындығын қалай білуге болады?
РЕФЛЕКСИЯ
Сөйлемді аяқтаңыз:
Мен толықтай сеніммен айта аламын …
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?