Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу Екі санның пайыздық қатынасы. Математика, 5 сынып, қосымша материал.
1 нұсқа
1. Ондық бөлшектерді пайызбен өрнектеңіз: 0,44; 0,252; 3,74.
2. Токарь бір күнде 48 бұйымды қырлады, ол оның күндік нормасының 75%-ын құрайды. Токардың күндік нормасы қандай?
3. Турист бірінші күні 20 км жолды жүрді, және оған жоспарланған жолдың 60%-ын жүру қалды. Жолдың ұзындығы қандай?
4. Автобус билетінің құны 50 тг. 10%-ға қымбаттаған соң, 500 теңгеге қанша билет сатып алуға болады?
2 нұсқа
1. Ондық бөлшек түрінде жазыңыз: 8%, 77%, 123%, 44,6%.
2. Токарь бір күнде 28 бұйымды қырлады, ол оның күндік нормасының 70%-ын құрайды. Токардың күндік нормасы қандай?
3. Жаяу жүргінші А пунктінен В пунктіне шықты. Бір сағатта ол 5,4 км жол жүрді. Жаяу жүргіншіге жолдың 70%-ын жүру қалды. А және В пунктерінің арақашықтығы қандай?
4. Автобус билетінің құны 60 тг. 20%-ға қымбаттаған соң, 500 теңгеге қанша билет сатып алуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?