Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу Екі санның пайыздық қатынасы. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4А: «Пайыз» (12 cағ). Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу.

ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалы «Қарағанды қаласындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Махашев С.Т., Мустахаева В.М.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу

Екі санның пайыздық қатынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.33

бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру;

5.1.2.34

берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35

бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36

берілген пайызы бойынша санды табу;

Сабақ мақсаттары

Санның пайызын таба білу;

Пайызы бойынша снды таба білу;

Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды таба білуге сөз есептер шығара білу;

Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше таба білу;

Екі санның пайыздық қатынасын қолдана білу.

Сабақ түрі

Өткен тақырыпты бекіту сабағы

Бағалау критерийлері

Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке ауыстыра алады;

Санның пайызын таба алады;

Пайызы бойынша санды таба алады;

Екі санның қайсысы бөлінгіш, қайсысы бөлгіш болатындығын түсіне алады;

Бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше таба алады;

Екі санның пайыздық қатынасын қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша оқу мақсаты

Оқушылар:

- пайыздар мен бөлшектер арасындағы байланысты түсінеді;

- шама мәндерінің пайыздық кемуін немесе артуын түсінеді;

- бөлшектерді пайыз арқылы өрнектей алады және керісінше орындай алады;

- санның пайызын, пайызының мәні бойынша санды табуға, сондай-ақ екі санның пайыздық қатынасын табуға есептер шығара алады;

- берілген бөлімнен алған білім және біліктерін практикалық мазмұнды есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бөлшектерді пайыз арқылы және керісінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады;

- санның пайызын табу және пайызының мәні бойынша санды табуды түсіндіре алады;

- пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады;

- мәтін есептің шешу жолын түсіндіре алады;

- практикалық есептердің математикалық модельдерін сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- пайыз;

- пайыздық қатынас;

- пайыздық арттыру;

- пайыздық кеміту ;

- қарапайым пайыздық өсім;

- күрделі пайыздық өсім;

- концентрация.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- пайызды ондық бөлшекпен өрнектеу үшін … керек;

- санның пайызын табу үшін ... керек;

- пайызы бойынша санды табу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті пайызбен өрнектеу үшін ... керек;

- сан ... %- ға артты;

- сан … %- ға кеміді;

- сандардың пайыздық қатынасын табу үшін ... керек.

Құндылықтарды дарыту

Белсенділік, шыншылдық, басқаларды тыңдай білу, жұптық, топтық жұмыстар арқылы құрметтеуді дарыту

топ ішіндегі бір бірін бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жауапкершілікті дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыс табады. Мысалы: Жер телімінің ауданы 1500 . Қарақаттың бұтақтары ауданы 450 жерді алып жатыр. Қарақаттың бұтақтары жердің қанша пайызын алып жатыр?

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану, калькулятор

http://www.mathworksheetsland.com/topics/percentage/findpercentset.html сайтынан қосымша тапсырмалар орындайды

Бастапқы білім

Оқушылар келесі ұғымдарды біледі: пайыз, пайызды санға өрнектеу, санды пайызбен өрнектеу, санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Сабақ барысы

10 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын беру.

Үй тапсырмасын тексеру.

2. Алдыңғы өтілген тақырыптарды жүйелеу және жалпылау.

-Пайыз дегеніміз не?

Шаманың жүзден бір бөлігі

-Пайызды ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?

Шаманы жүзге бөлеміз.

-Ондық бөлшекті пайызға қалай айналдырамыз? 

Жүзге көбейтеміз.

- Пайыздарды ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

3%

21%

30%

56%

80%

110%

14,6%

0,03

0,21

0,3

0,56

0,8

1,1

0,146

- Ондық бөлшектерді пайыз түрінде жазыңыз:

0,05

0,6

8,6

1,3

0,124

0,71

0,48

5%

60%

860%

130%

12,4%

71%

48%

- Пайызға берілген есептердің қандай түрлерін білесіз:

Берілген санның пайызын табу.

Пайызы бойынша санды табу.

Екі санның пайыздық қатынасын табу. 

- Санның пайызын қалай табамыз?

120-ның 7% табыңыз: 120 · 0,07 = 8,4

- Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

15% -ы 315 болатын санды табыңыз: 315 : 0,15 = 2100

- Бір сан екінші санның қанша пайызын құрайтынын қалай табамыз?

42 саны 35 санының қанша пайызын құрайды?

42 : 35 · 100%= 120%

3. Жұппен жұмыс. (үлестірме 1)

Өз нұсқаңның тапсырмасын орында, калькулятордың көмегімен бір-біріңнің жұмысын тексереді.

Оқушылардың ағылшын тіліндегі терминологияны қолдану дағдысын дамыту мақсатында есептер ағылшын тілінде ұсынылады.

http://www.mathworksheetsland.com/topics/percentage/findpercentset.html

Numbers Based on Percentage Five Pack of Worksheets 

Презентация слайд1-3

Слайд 4-5

(үлестірме 1)

Калькулятор

7 минут

6 минут

10 минут

4. Есептер шығару

Пайызға берілетін есептердің негізгі түрлерін қайталау.

Пайызға арналған есептер өмірде кең қолданыста.

№1. Сары майдың бір орамы 60 тенге тұрады. Зейнеткерлерге дүкен 5% жеңілдік жасайды. Зейнеткер майдың бір орамы үшін қанша тенге төлейді?

№2. Мектепте 124 оқушы француз тілін оқиды, бұл мектептегі барлық оқушылардың 25% құрайды. Мектепте қанша оқушы оқиды?

№3. Шалбар 8500 тенге тұрады. Арзандатылғаннан кейін оның бағасы 6800 тенге тұрды. Шалбардың бағасы қанша пайызға арзандатылды?

5.Топтық жұмыс

Пайызға берілген есептердің түрін анықтау.

Топқа бөлу еркін түрде жүзеге асады.

Әр топқа бірдей есептер таратылады, олар пайызға берілген есептің түрін анықтауы керек: 1) Берілген санның пайызын табу. 2) Пайызы бойынша санды табу. 3) Екі санның пайыздық қатынасын табу. 

Пайызға берілген есептің түрін анықтаңыз:

№1. Алма бағында алма жиналды. Бір күнде 4840 кг жиналды. Жиналған алманың 25% дүкенге жіберді, ал қалғанын – қоймаға. Қоймаға неше килограмм алма жіберілді? (1 түр)

№2. 80т күрішті өңдеу барысында 60 т дақыл алды. Күрішті өңдеу барысында қанша пайыз дақыл шыққанын тап. (3 түр)

№3. Жұмысшылар бригадасына ұзындығы 760 м болатын жол бөлігін жөндеуден өткізу тапсырылды. Бригада жолдың қанша метрін жөнеуден өткізеді егер: тапсырманың 30%; 50%; 10% орындайтын болса. (1 түр)

№4. Мотоциклші қандай-да бір қашықтықты жүріп өтті. Жолдың 1% -ын ол ауыларалық жолмен жүрді, бұл 3,2 км құрады. Мотоциклші бір күнде қандай қашықтықты жүріп өткен? (2 түр)

№5. Оқушы кітаптың 138 бетін оқып бітірді, бұл кітаптағы барлық бет санының 23% құрайды. Кітапта неше беттен тұрады? (2 түр)

№6. Қарқынды технологияларын қолдана отырып, бригада жоспарланғаннан 250 деталды артық орындады, солайша ол жоспарды 5%-ға артық орындады. Бригада қанша детал дайындады? (2 түр)

№7. Слесарь мен оның оқушысы 1200 бұйым жасады. Оқушы барлық бұйымның 30% жасады. Оқушы қанша бұйым жасады? (1түр)

№8. Бір бөлменің ауданы 12 м2 , және ол пәтердің барлық ауданының 25% құрайды. Пәтердің барлық ауданын тап. (2түр)

№9. Геологтар ұзындығы 2450 км болатын жерді жүріп өтті. Жолдың 10%-ын олар ұшақпен ұшты, жолдың 60% -ын қайықпен жүзіп өтті, ал қалған бөлігін жаяу жүрді. Геологтар қанша километрді жаяу жүріп өтті? (1 түр)

№10. Сүттің 10% -нан ірімшік жасалады. 32,8 кг сүттен қанша ірімшік жасалады? 58,7 кг сүттен ше? (1түр)

№11. Автотурист бірінші күні 120 км жолды жүрді, ол барлық жоспарланған жолдың 15%-ын құрайды. Жоспарланған жолдың ұзындығы қандай? (2 түр)

№12. Егістіктің 24 % -на егін екті. Осы егістіктің қалған бөлігі 45,6 га егін егу қалды. Барлық егістіктің ауданын табыңыз.

№13. Сыныпта 17 ұл, ал қыздар 6 –ға артық. Сыныптың қанша пайызын қыздар құрайды және қаша пайызын ұлдар құрайды?

№14. Сыныптағы 40 оқушының «4» пен «5»-ке 18 оқушысы оқиды. Сыныптың оқу сапасы қанша пайыз? (3 түр)

№15. Кептірілген алма массасы жаңа алманың 16 % -ын құрайды. 4 т кептірілген алма алу үшін, қанша таза алма алу қажет? 4,5 т таза алмадан қанша кептірілген алма шығады? (1 түр)

6. Өздік жұмыс

Өздік жұмыс екі бөлімнен тұрады: тест бөлімі және есептен.

Өз жұмысын бағалау критерийі:

«үш балл» - тест бөлімі дұрыс + бір есеп;

«төрт балл» - тест бөлімі дұрыс + екі есеп;

«бес балл» - тест бөлімі дұрыс + үш есеп;

Слайд 7-10

Үлестірме 2

Слайд 13-14

Сабақ соңы

2 минут

7. Рефлексия.

Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыңызды бағалаңыз, сіз келесі сұрақтарды толық жауап беремін деп айта аласыз ба:

1) Пайыз дегеніміз не?

2) Пайызды ондық бөлшек түрінде қалай өрнектейміз және керісінше?

3) Пайыздың қолданылымы?

4) Берілген санның пайызын қалай табамыз?

5) Пайызы бойынша санды қалай табуға болады?

6) Бір сан екінші санның қанша пайызын құрайтындығын қалай білуге болады?

Егер барлық сұраққпа жауап бере алсаңыз, стикерді қызыл түске жабыстырыңыз, қалғанын жауабыңызға қарай жабыстырыңыз, егер бүгінгі сабақтағы мақсатқа жетпеген болсаңыз жасыл түске жабыстырасыз.

8. үй тапсырмасы (үлестірме 3)

Слайд 15

үлестірме 3

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау мен өз бетімен оқу арқылы топ, жұп ішінде жұмыс жасау

Бір бірінің жұмыстарын тексеру

Өз-өзін тексеру

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылар ҚКФ-ын өз беттерімен қорытып шығарды

Сабақты жақсарт

уға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Тақырып негізіне бағыттайтын есептер

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Оқушылармен жекелей жұмыс, оқушылардың деңгейін анықтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу