Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.4.A бөлім: Пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.Р., Махашев С.Т.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.34

берілген санның пайызын табу;

5.1.2.36

берілген пайызы бойынша санды табу;

Сабақ мақсаттары

"пайыз" ұғымын қайталау;

берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша санды табуды үйрету;

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:

берілген санның пайызын және берілген пайызы бойынша санды таба алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бөлшектерді пайыз арқылы және керісінше өрнектеу алгоритмін түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- пайыз;

- пайыздық қатынас;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- санның жүзден бір бөлігі ... деп аталады;

- пайызды ондық бөлшекпен өрнектеу үшін … керек;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жеке, жұпта және топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу. Өз жұмысын дұрыс жауапен тексеруде азаматтық жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Осы бөлімнен алған білімдері мен біліктері оқушыларға практикалық сипаттағы, сонымен қатар, экономика элементтерімен байланысты есептерді шешуге мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда оқушылар алған білімдерін химияда заттардың концентрациясына берілген есептер шешуде, физикада пайдалы әсер коэффициентін табуға және басқа да көптеген салаларда қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

http://www.mathgoodies.com/puzzles/percent_solutions.html

оқушыларға осы сілтемені беріп,сабақта тілдік мақсатты бекіту ретінде пазлды өткізуге болады.

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге, ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану; санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу ережелерін білу және қолдану; белгісіз компонеттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу біліктілігі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды оқу мақсаты, тілдік мақсаты, сабақ мақсатымен таныстыру. Пайыз ұғымын, пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға айналдыруды қайталау, мысалдар қарастыру.

Презентация

1-7 слайд

Сабақтың ортасы

3 минут

8 минут

2 минут

5 минут

2 минут

6 минут

4 минут

10 минут

Боялған бөліктің ауданын табу. Сынып оқушылары кезекпен берілген бөліктің қанша пайызы боялғандығын жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен және пайызбен атап, кестені толтырады.

Жай бөлшек

Ондық бөлшек

Пайыз

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырып «Тұздалған қиярдың 8%-ы тұз. 30 кг тұздалған қиярда қанша тұз бар?» мысалы бойынша түсіндіріледі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен берілген мысалды талдау арқылы санның пайызын табу алгоритмін қорытып шығады.

Бекіту үшін келесі мысалдар шығарылады:

2 мысал.

Сүтті өңдеу кезіне 5% ірімшік алынды. 20 кг сүттен қанша ірімшік алуға болады?

3 мысал.

45 кг бидайдың 20%-ы 45∙0,2=9 кг.

4 мысал.

140-тың  23%-ын табу үшін алдымен, пайызды ондық бөлшек түрінде өрнектейміз: 

23%=23 : 100=0,23.

Одан кейін көбейтеміз:

 0,23⋅140=32,2.

Сонымен,   140-тың  23%-ы 32,20. кг.

5 мысал.

140-тың  25%-ын табу үшін алдымен, пайызды жай бөлшек түрінде өрнектейміз:  

.

Одан кейін көбейтеміз :

 ⋅1403.

Сонымен,   140-тың  25%-ы 35.

Оқушылардың назарына келесі слайд ұсынылады.

Есінде сақта!!!

Санның 20%, 30%, 40%, 60%, 70%, 80%, 90% табу үшін:

  • Санның 10%-ын анықтап
  • Одан кейін 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9-ға көбейтеміз.

Жұптық жұмыс.

Алдын ала басылып шығарылған парақтарды оқушыларға жұпта орындауға ұсынылады. Тапсырма межеленген уақытта аяқталған соң, тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі. Оқушылар төмендегі критерийлер бойынша бірін-бірі бағалайды.

8

400

78

244

1%

50%

25%

75%

10%

20%

100%

Жұптық жұмыста оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері:

  • Берілген пайыздар бойынша сандарды таба алады;
  • 28 тапсырманың кем дегенде 23-іне берілген жауап дұрыс.

Жеке жұмыс

Оқушыларға парақшалар (Қосымша 1) таратылады. Қосымшада көрсетілген үлгі бойынша кестені толтырады. Алдыңғы жұптық жұмыс тапсырмасы типтес тапсырмалар берілген, оқушы жеке жұмыс жасай отырып, тақырыпты қаншалықты меңгергенің саралай алады. Мұғалім әрбір оқушыны қадағалайды.

Мұғалім оқушыларға калькулятор таратады. Презентацияда көрсетілген алгоритмдер бойынша оқушылар берілген санның пайызын табуды үйренеді. Бекіту тапсырмасы беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар.

Оқушыларға 3 деңгейлі тапсырмалар ұсынылады. Оқушы кез келген деңгейді таңдап шығарады. (Деңгейлік тапсырмаларды қызыл, жасыл, сары түсті қағаздарға шығаруға болады. Қызыл түске - С деңгейлі есептерді, сарыға – В деңгейлі есептерді, жасыл түске – А деңгейлі есептерді басып шығару арқылы мұғалім жалпы сыныптың жағдайын қадағалай алады. Түстер арқылы қай оқушы қандай деңгейлі есептерді таңдағаның бірден байқай алады.)

8 слайд

Математика, 5 сынып, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.

9-17 слайд

18 слайд

19 слайд

20 слайд

Қосымша 1

21 слайд

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақты бекіту.

  • Пайыз деп нені айтады?
  • Пайызды бөлшекпен, бөлшекті пайызбен қалай өрнектейді?
  • Берілген санның пайызы қалай табылады?

Үй жұмысы

Қосымша 3

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалардан үш деңгейдің бірін таңдап алады. Егер оқушы орташа деңгейде болып, бірақ жоғары деңгейлі тапсырманы таңдаса, бұндай оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс. Оқушылардың қандай деңгейді таңдағаның «бағдаршам» әдісі арқылы қадағалауға болады.

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу