18-сабақ Ұзындық. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Ф.К

Сынып:4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

18-сабақ Ұзындық

Оқу мақсаты:

4.1.3.4** ұзындық: (мм, см, дм, м, км) / масса: (мг, г, кг, ц, т) / аудан (мм2, см2, дм2, м2, га, а)/ көлем (мм3 , см3, дм3, м3) / уақыт: (сек, мин, сағ, тәул) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру;

Бағалау критерийлері

Ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендіруді үйренеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Ұзындық – сызықтың қаншаға созылатынын санмен көрсететін физикалық шама.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

-Заттың ұзындығын өлшеу үшін қандай өлшем бірлікті қолданады?

-Кабинеттен асханаға дейінгі жолды ше?

- Қалалардың арақашықтығын ше?

-1 километрде неше метр, дециметр, сантиметр, миллиметр бар? -Ұзындықты ірі өлшем бірліктен ұсақ бірлікке қалай ауыстыруға

болады?

Талқылау:Ұзындықтың басқа барлық өлшем бірліктері 10-ның дәрежесі арқылы метрмен өрнектеледі, бұл есептеуді жеңілдетеді (мысалы, 1 км = 10³ метр).

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұзындықты өлшей алады.Ұзындық өлшем бірліктерін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кіріспе тапсырма. Егер сыныпта қажетті техника болса, тақтадан «38 тотықұс» мультфильмінің үзіндісін көрсету. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда мультфильмнің кейіпкерлерін суреттер арқылы еске түсіруге немесе Г. Остердің кітабынан үзіндіні оқып беру.Ертегі кейіпкерлерінің ұзындығына талдау жүргізу.

-Мультфильмнің кейіпкерлері жыланның ұзындығын немен өлшеді?

-Жыланның ұзындығы қандай болды?

-Неге тотықұстың саны көп?

-Кейіпкерлер жыланды неге өлшей алмады?

- Заттың ұзындығын өлшеу үшін қандай өлшем бірлікті қолданады? Ең кішісін атату. Сантиметр, метр, дециметр, метрді қолданып жыланның ұзындығын өлшеп көру. Ұзындықты ірі өлшем бірліктен ұсақ бірлікке қалай ауыстыру. (10, 100, 1000-ға көбейту арқылы) Ірі бірлікке ше? (10, 100, 1000- ға бөлу арқылы)

Ұзындықтың өлшем бірліктері.(Ж) Тапсырманы жұп болып орындауды ұсыну. Оқушылар саяхаттау кезінде ұзындықты өлшеу үшін кімнің қандай өлшем бірлікті қолданғанын анықтауы. Миллиметрден өзге атаулы сандарды километрмен өрнектеген ыңғайлы екеніне назар сұрау. Жауаптарын сынып болып тексеруді ұйымдастыру.

Жауабы: Ұшақ – 2 000 000 м – 2000 км;

адам – 20000 дм – 2 км;

пойыз – 20 000 000 см – 200 км;

ұлу – 200 мм – 2 дм; ләйлек – 20 км.

(Т)Кімнің жолы ұзақ? Сыныптағы оқушыларды

4 шағын топқа біріктіру. Әр топқа бір саяхатшыны таңдауды тапсыру. Оқушылар саяхатшының жүріп өткен жолын есептеп, жауабын флипчартқа немесе ламинатталған параққа жазады. Оқушылар жауаптарын салыстырып, кімнің ең ұзақ жол жүргенін анықтау. Есептеуде қандай өлшем бірлікті қолданған ыңғайлы болатынын сұрау (метр). Жауабы:

Жаяу адам – 6807 м,

велосипедші – 11457 м,

мотоциклші – 9045 м,

салт атты – 14443 м.

Салт атты ең ұзақ жол жүрді.

(Т) Ұзындықтың бірдей мәндерін тап. Топтық жұмыс ұйымдастыру. Әр топқа атаулы сандар жазылған кеспеқағаздарды тарату. Ұзындықтың бірдей мәндерін бір-бірімен сәйкестендіріп сызуды сұрау. Әр топтың өкілдері дайын жұмыстарды тексереді. Олар топтың жауабы дайындалған кестеге жазу. Тексергеннен кейін нәтижені түсіндіруді сұрау. Жауабы:

47 дм 9 см = 4 м 79 см,

8000 см = 80 м,

92 км 437 м = 924 370 дм,

2 м 3 дм 81 мм = 23 дм 8 см 1 мм,

26 дм = 20 дм 60 см.

(Ұ)Шығарып көр. Тапсырманы сынып болып орындауды ұйымдастыру. Әр тапсырманы оқығаннан кейін оқушылар есептің шешуін талдайды. Бірінші тапсырмада жанама сұрақ берілген. Үшінші есепте берілген ұзындықтарды алдымен километрмен өрнектеп алу , ал қалған жағдайларда тек қана өлшем бірлікті басқа бірлікке ауыстыру. Оқушылардан есептерді шығару арқылы Қазақстан туралы қандай жаңа ақпарат алғанын сұрау.

Жауабы:

а) 2010 дм; ә) 35 км; б) 348 м; в) 30 мм; г) 169 120 см.

Саяхатшылар. Есепті сынып болып талдауды ұйымдастыру.

-Саяхатшылардың пойызбен қанша жол жүргені белгілі ме?

-Бұл неше метр? Олар автобуспен қанша жол жүрді?

-Жаяу неше метр жол жүрді? Есепте нені табу керек?

-Оны қалай табуға болады?

Жауабы: 213 000 + 11409 + 9937 + 2760 = 237 106 м. 5. (Ж) Өрнекте. Оқушылардан есептің шартын қалай түсінгенін сұрау, тапсырманы жұп болып орындау. Құрамы ауыспалы топтардың жұмысы арқылы бірін-бірі тексеруді ұйымдастыру. Тақтадан немесе экраннан дұрыс жауабын көрсету. Жауабы:

6 км =6000 м, 60000 дм, 600 000 см;

3 м 4 дм=340 см, 34 дм, 3400 мм;

76000мм=7600 см, 760 дм, 76 м;

500 000дм=50000 м, 50 км.

(Ұ) Ойлан. Тапсырманы сыныппен талқылау. Оқушылардың картадағы 12 мм жер бетінде 12 км-ге сәйкес дегенді қалай түсінетінін сұрау. «Бұл қалай аталады? (Масштаб) Берілген масштаб бойынша жер бетіндегі арақашықтықты табу үшін не істеу керек?» Түсіндіріп шығару үшін тақтаға бір оқушыны шығару. Жауабы: 12 · 25 = 300 (км);

300 км = 300 000 м = 3 000 000 дм.

Орындап көр. Оқушыларға тапсырманы үйде өз бетінше орындауды ұсыну. Ол үшін картаны қолдану керек екенін айту. Картаның масштабы төменгі жағында көрсетілетінін түсіндіру.

Рефлексия

Шағын тест түрінде өткізу (жазбаша немесе экраннан/тақтадан көрсетіп, ауызша алуға болады)

1. 1 километрде неше метр бар?

а) 100 м; ә) 1000 м; б) 10 м.

2. 1 сантиметрде неше мм бар?

а) 10 мм; ә) 100 мм; б) 1000 мм.

3. 1 дм 1 метрден неше есе кем?

а) 1000 есе; ә) 10 есе; б) 100 есе.

4. 1 дм 1 сантиметрден неше есе артық?

а) 100 есе; ә) 1000 есе; б) 10 есе.

5. Километрдің жартысы неге тең?

а) 50 м; ә) 100 м; б) 500 м.

https://youtu.

be/C2DwgxkOuw4

3-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу