Стандартты өлшем бірліктерін пайдалану. Ұзындық өлшем бірлігі. Сантиметр. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Сабақ: Математика

2 С бөлім Шамаларды өлшеу

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Стандартты өлшем бірліктерін пайдалану. Ұзындық өлшем бірлігі.Сантиметр

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.1.2** заттарды, тауарлардың бағасын салыстыру кезінде қолданылатын түсініктерді пайдалану

1.1.3.1 ** шамаларды ажырата білу: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем жүргізу

1.1.3.2 ** өлшем бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу: см, дм/кг/л

Сабақтың мақсаттары

Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзындықты өлшеу.

Тілдік мақсаттар

Ұзындық, сантиметр, миллиметр,дециметр

... қарағанда ұзын , .... қарағанда қысқа, тең, шамамен, жуық

салыстырыңыз, тексеріңіз, салыстыра отырып, тестілеңіз, көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың өлшемдерін анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.

Бастапқы білім

Сандарды білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

30-ға дейін жұптап тура санау.

100-ден бастап ондықтармен кері санау.

http://www.topmarks.co.uk/ordering-and-sequencing/caterpillar-ordering

Оқушылар көңілді шеңберге жиналады. Менің қолымда 1-ден 3-ке дейінгі цифрлар жазылған кеспе-қағаз болады. Ойынды менің оң жағымда тұрған, қолында доп ұстаған оқушы бастайды. Мен қай цифрды көрсетсем, оқушы санға сәйкес тірек сөздерді айтып, қолындағы допты келесі оқушыға береді.1-ді көрсетсе оқушы қазақ тілінде «өлшеу» деп бір рет айтады да, допты келесі оқушыға береді. Мұғалім 2-ні көрсетсе, оқушы «өлшеу – измерить» деп екі тілде айтады да, допты келесі оқушыға береді. Осылай барлығы айтып шыққанша жалғастыра береді.

Артық, кем, тең, сонша, қысқа, ұзын, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан сөздері жазылған карточкалар

Сабақтың ортасы

30 минут

Стандартты өлшем бірліктерін пайдалану

Сантиметр

(Т,Ж,ОТ) Ұзындықты қалай өлшейтінін талқылау. Егер оқушылар сызғышты немесе лентаны қолдануды ұсынса, қандай тәсілмен өлшегендерін түсіндіру (метрді стандартты өлшем бірлігі ретінде қолдану). Тәжірибе нақты заттарды өлшеуге тапсырма беріледі және нәтижелерін түсіндіреді.

(Ж) Оқушылар үстелінде жатқан қарындаш пен қаламсаптарының ұзындығын өлшейді. Салыстыру үшін беттестіруге болады. Содан кейін суреттегі қаламсап пен қылқаламның ұзындықтарын салыстыру (қаламсап қылқаламнан қысқарақ), қызыл қарындашты қаламсаппен салыстыру (қызыл қарындаш қаламсаптан қысқарақ). Бұл жерде оқушылар заттарды көзбен қарап салыстырады, себебі суреттегі заттарды беттестіруге келмейді.

Сызғыш және метрлік лентаны қолдану тәсілін көрсету және түсіндіру. Ұзындықты өлшеу үшін сызғыш/ метрлік лентаны қолданып, мысалдар келтіру. Барлығы Альтернатива ретінде көруі үшін интерактивті тақтадағы суретті қолдану.

(М.Т) Оқушыларға фигуралардың ұзындықтарын Латын әріптерімен белгілеуге болатынын түсіндіру. А В С D R Z H

(Т.Қ) Оқушыларға сынып ішінен жеткіліктігеометриялық фигураларды тауып, қабырғаларының ұзындықтарын өлшеуді ұсыну. Оқушылар өлшемдерді жазу үшін, фигураларды үстінен бастырып қоршап сызуы немесе сурет үлгілерін салуы мүмкін.

(Ж) Бізді қоршаған әлемде осы фигураларды қай жерде көргенін талқылау. Оқушылардан осындай фигураларды үйлерінен (мысалы қаптамада) тауып алып, қабырғаларының ұзындығын өлшеуді тапсыру.

Сергіту.

(Ж.Ф.) Оқушыларға алдарындағы дәптер мен қарындаштардың ұзындығын өлшеуді және жазуды ұсыну.

(Б) Суретте белгіленген сызықтардың ұзындығы қанша?

Тәжірибе жұмысынан кейін оқушыларда сұрақтар туындауы мүмкін: бірдей заттарды өлшеген кезде нәтижелер барлығында бірдей болу үшін қалай өлшеу жүргізуге келісу керек? Ұзындықтың өлшеудің бірегей әдісі болу керек. Мұндай өлшем бірлігі сантиметр болып табылады.

(Ұ) Сантиметрдің моделін жіңішке қағаз жолағында көрсету. Сантиметрді саусақ тың жуандығымен, дәптердегі екі тордың ұзындығымен салыстыруға болады.

Содан соң оқушыларды сызғышпен таныстыру. Кесінді өлшеу үшін сызғышты қолдану ережесімен таныстыру.

Оқушыларды кесінділердің қадамдап салынуымен таныстыру. Қаламсап пен қарындаштың ұзындықтарын өлшеу. Енді өлшем нәтижелері бірдей болды ма деп сұрау. Қорытынды жасау.

(Ұ) Кесінділердің ұзындықтарын өлшеп анықтауға жаттығу үшін оқулықтағы «Сызғыштың көмегімен кесінділерді өлше» тапсырмасын орындату. Оқушылардың сызғышты дұрыс қолданғанын бақылау, дұрыс өлшей алмаған оқушыларға көмектесу.

(Ж. Дифф.) Шығарып көр. Оқулықтағы суретке қарап онда не бейнеленгенін сұрау. Табиғат көрінісі қандай сызықтардың көмегімен салынғанын сұраңыз. Таныс сызықтарды тауып, атауды ұсыныңыз.

Түзулердің ұзындығын өлшеу жұмысын төмендегі нұсқау бойынша орындату:

күн сәулесінің бойындағы

ЕМ кесіндісін тауып, ұзындығын өлше.

АВ кесіндісінің ұзындығын өлше.

ВС кесіндісінің ұзындығын өлше.

Сахналау үшін ойыншықтар, кірпіштер және т.б.

Метрлік сызғыш, см, дм –ге бөлінген сызғыштар, өлшеу ленталары.

Сабақтың соңы

2 минут

Қорытындылау

Рефлексия

- Ұзындықты қандай құралдармен өлшеуге болатынын білдіңдер? (сызғыш, өлшеуіш таспа)

- Ұзындықты сызғыштағы қай цифрдан бастап өлшейді? (0-ден бастап)

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылардан кез келген заттардың ұзындықтарын см бірлігмен өлшеп,түсіндіруі талап етіледі.

Түзулердің ұзындықтарын берілген нұсқа бойынша өлшету.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу