Ұзындық бірлігі – километрмен танысу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№21-сабақ

Тақырыбы:

Ұзындық бірлігі – километрмен танысу

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Какимбаева Арайлым Каскырбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

Ұзындықтың өлшем бірліктерін: мм, км-ді біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Шамалардың мәнін салыстыру және оларға амалдар орындайды.

Оқушылардың кейбіреулері:

Шамаларды түрлендіреді.

Ғылыми тіл

Оқушылар

Ұзындық өлшем бірліктерін салыстырады.

Пәндік лексика және терминология:

Ұзындық, км, мм.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұзындықты немен өлшейді?

Ұзындық өлшем бірліктері туралы жаңа мәліметтер ала алдың ба?

Сіз неліктен ......... екенін айта аласыз ба ?

Жаңа ұзындық өлшем бірлігі метрден үлкен бола ма, кіші бола ма?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ұзындық, см, дм, м.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ширату. Оқушыларды 5-6 оқушыдан бөліп, алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға біріктіру. Әр топ қалған топтарға өздерінің топ атауы болатын геометриялық фигураның қасиеттерін атап шығады. Қалған топтар геометриялық фигураның атауын табады.

1-топ:« Үшбұрыш »

2-топ :« Төртбұрыш »

3-топ: « Шаршы »

Слайд №1

Геометриялық фигуралар кескінделген қима қағаздар

(Ұ.Ж.) Тиісті өлшем бірліктермен сәйкестендір: (см, дм, м) Тапсырмаларда түрлі өлшем бірліктер кездескен, берілген заттардың ұзындығын өлшем бірліктермен сәйкестендіруге жұмыс жасайтындарын айту.

Қаламның ұзындығы 14 ...

Үйдің биіктігі 10 ...

Партаның ені 8 …

Тақтаның ұзындығы 2 …

Оқушының бойы 130 …

Қалалардың ара қашықтығы 120 ...

-Оқушының бойын басқа өлшем бірлікпен алмастыруға бола ма?

-Қалалардың ара қашықтығы 120 …(см, дм, м)

-Бұл өлшем бірліктер сәйкес келе ме? (Жоқ)

-Неліктен? (Олар кішкентай)

-Бұл жағдайды қалай шешуге болады? (Бізге жаңа ұзындықтың өлшем бірлігі керек).

-Жаңа ұзындықтың өлшем бірлігі метрден үлкен бола ма, кіші бола ма? (Үлкен болады).

-Метрден үлкен ұзындықтың өлшем бірлігін білетіндеріңіз бар ма? (Километр)

-Сонымен сөйлемді қалай аяқтаймыз? (-Қалалардың ара қашықтығы 120 км).

-Олай болса,үлкен қашықтықтарды ұзындықтардың бірліктері-метрмен және километрмен өлшеу керек.

Назар аудар!

«Метр» - деген сөз француз тілінен аударғанда «өлшем» - деген ұғымды білдіреді. «Кило» - сөзі «мың» - деген мағынаны білдіреді. 1 км = 1000 метр1 см = 10 мм

1 дм= 10 см

1 м = 10 дм

1 м = 100 см

1 км =1000 м

«Смайлик» арқылы бағалау.

(Ұ) Миға шабуыл. Тапсырмаларды интербелсенді тақтаның көмегімен немесе оқу:

1.Шөл далада ұзақ уақыт сусыз өсетін кактус өсімдігін кездестіруге болады.Оның бір жапырағының салмағы 5 кг.Осындай 20 жапырақтың салмағы қанша болады? (100 кг)

2.Қайыңның биіктігі 40 метр,ал үйеңкінің биіктігі одан 12 м аласа.Үйеңкінің биіктігі неше метр? (28 м)

3.Екі бала 2 сағат дойбы ойнаса, әр бала қанша сағат дойбы ойнады? (2 сағат)

4.Пілдің баласы 100 см болып туылады.Ал 5 жасқа келгенде оның бойы 2 есеге өседі. 5 жасар пілдің бойын септеп шығар. (200 см)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

Слайд № 2

Тапсырма жазылған А4 парақшалар

Слайд №3, 4

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/3-synyp/milimmetr-uzyndyqtyng-olshem-birligi-uzyndyq-birlikterining-ara-qatynasy

Слайд №5

Слайд №6-9

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж) «Дәлелде» стратегиясы бойынша ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіру. Алдын ала дайындалған тапсырманы таратып, оқушылардың тапсырманы топта орындауын бақылау.Қиындық тудырған тапсырмаларды қадағалай отырып, қажет оқушыларға көмек көрсету.

1-топ600 см = .... дм 6000 м =..... км 2-топ

600 дм =..... м

5000 м = .... км

3-топ

49 дм = .....м .....см 

8 км = ......м

Бағалау: тапсырма критерийлері арқылы бағалау

1.Ұзындық өлшем бірліктерінің ара қатынасын анықтайды. 3 ұпай

2. Ұзындық өлшем бірліктерін дұрыс түрлендіре алады. 3 ұпай

(Т.Ж) Бос орынға тиісті санды қой.

Бірінші қосылғышты 1000 метрге (1 км) дейін толықтыратын екінші қосылғышты тап. Ол үшін ұзындық өлшеуіштерін қайталау немесе «Есіңе сақта!» айдарын көрнекі жерге іліп қою арқылы қателіктерін жөндеуге мүмкіндік беру. Деңгейі жоғары оқушылар тапсырма бойынша қателескен оқушыларға көмек ұйымдастыру.

999 м + ….. = 1 км;

800 м + ….. = 1 км;

750 м + ….. = 1 км;

980 м + ….. = 1 км;

200 м + ….. = 1 км;

«Жұлдызша» арқылы бағалау.

«Сиқырлы текше» ойыны

(Ж.Ж) Оқушылардың әрбір жұбына нүктелері бар екі ойын текшесін тарату. Оқушылар текшені кезекпен лақтыруы керек және текшеде жазылған нүктелер бойынша атаулы сандарды ламинатталға параққа жазады: бірінші сан – сантиметрлер. Екінші сан – миллиметрлер. Екінші оқушы осы санды миллиметрге түрлендіріп жазуы тиіс. Мысалы, 5 және 4 сандары түсті делік. Бірінші оқушы ламинатталған параққа «5 см 4 мм» деп жазады. Екінші оқушы сызғышты қолданып, түрлендіруді орындап: «= 54 мм» деп жазуы тиіс. Содан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады. Біраз уақыттан кейін тапсырманы ауыстыру: бірінші оқушы екі таңбалы санды миллиметрмен жазады, ал екінші оқушы оларды сантиметр және миллиметрмен түрлендіріп жазады. Мысалы, 3 және 6 сандары түссе, бірінші оқушы ламинатталған парақ қағазға «36 мм» деп жазады. Екінші оқушы сызғышты пайдаланып түрлендіруді орындайды да, «= 3 см 6 мм» деп жазатын болады. Содан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

.Ж) Есепті шығар. Тапсырма жұпта орындалады. Алдымен оқушылардың есептің берілуін түсініп оқуын ұйымдастыру. Белгісіз бен қойылатын сұраққа назар аудару. Содан кейін қысқаша жазбасын немесе шартын құру керек екенін сұрау. Есепті шешу жолдарын көрсету.

Шаңғышы 2 сағатта 18 км жолды жүріп өтті. Егер ол осы жылдамдығын өзгертпесе, 90 км жолды неше сағатта жүріп өтеді?

Ш: 2 сағ – 18 км

90 км - ? сағ

Ш: 1) 18:2=9 км/сағ (1 сағатта жүрген жылдамдығы) 90:9=10 сағ

Ж: 90 километр жолды 10 сағатта жүріп өтеді.

«Бағдаршам» түсі арқылы бағалау.

(Ж.Ж) Қалалар ара қашықтығын тап. Тапсырма жұпта орындалады. Есептің берілгенін оқып, жұпта талқылайды. Сонан соң есептің қысқаша жазбасын жазып, шешуін табу жолдары көрсетіледі.

Жолаушы жеңіл көлікпен Астана қаласынан Алматы қаласына дейін 1224 километр, сонан соң Алматы қаласынан Қызылорда қаласына дейін 1123 километр жол жүрді. Жолаушы Астана мен Алматы қалаларының ара қашықтығына қарағанда Алматы мен Қызылорда қалаларының ара қашықтығынан қанша километрге артық жол жүрді? Шыққан ара қашықтықты метрмен өрнекте.

Ш. Астана-Алматы – 1224 км ? км артық

Алматы-Қызылорда – 1123 км

Ш: 1224 - 1123=101 км 101 км = 101 000 м

«Бағдаршам» түсі арқылы бағалау.

(Ө.Ж) Оқушылар тапсырманы өзін-өзі тексере отырып жүргізеді. Ол үшін көрнекі жерге «Назар аудар» айдарын іліп қою арқылы мұғалім тапсырманың орындалу барысының дұрыстығын тексереді. Ұзындық өлшем бірліктерінің өзара қатынасы негізінде оларды салыстырады. Өзін-өзі тексеру бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады.

Бағалау. Дұрыс жауаппен салыстыра отырып, оқушылар өзін-өзі ұпай санымен бағалайды.

6 дұрыс жауап-6 ұпай

5 дұрыс жауап-5 ұпай

4 дұрыс жауап -4 ұпай

3 дұрыс жауап-3 ұпай

2 дұрыс жауап-2 ұпай

1 дұрыс жауап -1 ұпай

Слайд №10

Флипчарт, маркер

Слайд №11

Флипчарт, маркер

Ойын текшесі,

Ламинатталған парақ

Слайд № 13

Тапсырма жазылған А4 парақшалар

Слайд №14

Тапсырма жазылған А4 парақшалар

Слайд № 15

Тапсырма жазылған қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс. «Досыңа хат» әдісі.

  • Қалай ойлайсың, сенің үйің мен мектеп арасындағы жолды өлшеу үшін қандай өлшем бірлігі көбірек ыңғайлы?
  • Ал қалалар мен ауылдардың арасын ше?
  • Саған сабақ тақырыбы түсінікті ме? Неліктен?
  • Егер саған бір сөйлеммен сабақтан қандай жаңалықтарды білгеніңді SMS хабарламамен жаз десе, сен қандай хабарлама жазар едің?

Слайд № 16

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Бағдаршам» арқылы бағалау

«Смайлик» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу