Ұзындық бірлігі – километрмен танысу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№21-сабақ

Тақырыбы:Ұзындық бірлігі – километрмен танысу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.3.2 мм, км/ г, т/см2, дм2, м2 /сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу

3.1.3.3 шамалар мәндерін (мм,см, дм, м/ г, кг, ц, т / л/ см2, дм2, м2, га/ сек, мин, сағ, тәул, жыл, ғасыр) салыстыру және амалдар орындау

3.1.3.4 4 ұзындық (мм, см, дм, м, км)/масса (г, кг, ц, т)/ аудан (см2, дм2, м2/ уақыт (сек,мин, сағ, тәул. ғасыр) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, ойын текшесі, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

«Метр» - деген сөз француз тілінен аударғанда «өлшем» - деген ұғымды білдіреді. «Кило» - сөзі «мың» - деген мағынаны білдіреді. 1 км = 1000 метр

Сабақ бойынша ұсыныстар:

Ширату. Оқушыларды 5-6 оқушыдан бөліп, алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға біріктіруден бастаңыз. Әр топ қалған топтарға өздерінің топ атауы болатын геометриялық фигураның қасиеттерін атап шығады. Қалған топтар геометриялық фигураның атауын табады. Үлгі 3 топқа арнап жасалды. Қажет болған жағдайда геометриялық фигураларды қоса отырып топты көбейтуге болады.

1-топ:« Ұшбұрыш »

2-топ :« Төртбұрыш »

3-топ: « Шаршы »

(Ұ.Ж.) Тиісті өлшем бірліктермен сәйкестендір: (см, дм, м, км) Тапсырмаларда түрлі өлшем бірліктер кездескен, берілген заттардың ұзындығын өлшем бірліктермен сәйкестендіруге жұмыс жасайды. Ол үшін оқушылар заттардың өлшемдерін көз алдына елестете отырып , тиісті ұзындық шамасын жазуды ұсыныңыз. Топ жұмысын көңіл-күйді білдіретін «Смайлик» арқылы бағалаңыз.

Жауабы:

Қаламның ұзындығы

Үйдің биіктігі

Партаның ені

Тақтаның ұзындығы

Оқушының бойы

Қалалардың ара қашықтығы

14 см

10 м

8 дм

30 дм

130 см

120 км

Назар аудар! Сонан соң оқушылардың есінде жақсы сақталуы үшін, ұзындық өлшем бірліктерінің ара қатынасы жазылған кестені бірнеше рет оқып немесе топта талқылай отырып, қайталайды.

«Метр» - деген сөз француз тілінен аударғанда «өлшем» - деген ұғымды білдіреді. «Кило» - сөзі «мың» - деген мағынаны білдіреді. 1 км = 1000 метр1 см = 10 мм

1 дм= 10 см

1 м = 10 дм

1 м = 100 см

1 км =1000 м

(Ұ.Ж) Миға шабуыл. Тапсырмаларды интербелсенді тақтаның көмегімен оқу. Өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қою, толық жауап алу. Шапшаң әрі дұрыс жауап беру керек екенін ескертіңіз.

1.Шөл далада ұзақ уақыт сусыз өсетін кактус өсімдігін кездестіруге болады.Оның бір жапырағының салмағы 5 кг.Осындай 20 жапырақтың салмағы қанша болады? (100 кг)

2.Қайыңның биіктігі 40 метр,ал үйеңкінің биіктігі одан 12 м аласа.Үйеңкінің биіктігі неше метр? (28 м)

3.Екі бала 2 сағат дойбы ойнаса, әр бала қанша сағат дойбы ойнады? (2 сағат)

4.Пілдің баласы 100 см болып туылады.Ал 5 жасқа келгенде оның бойы 2 есеге өседі. 5 жасар пілдің бойын септеп шығар. (200 см)

Сөздік бағалау. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с. сөздермен бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж) «Дәлелде» стратегиясы бойынша ұзындық өлшем бірліктерін түрлендіреді. Алдын ала дайындалған тапсырманы таратып, оқушылардың тапсырманы топта орындауын бақылау.Қиындық тудырған тапсырмаларды қадағалай отырып, қажет оқушыларға көмек көрсету. Тапсырманы орындап болған соң, әр топтан бір оқушы шығып, өз жұмыстарын нақты дәйектемеге сүйеніп дәелдейді. Қате болған жағдайда басқа топ мүшелеріне түзетуге мүмкіндік беріледі.

Жауабы:

1-топ600 см = 60 дм 6000 м = 6 км

2-топ

600 дм = 60 м

5000 м = 5 км

3-топ

49 дм = 4 м 9 см 

8 км = 8000 м

Бағалау: тапсырма критерийлері арқылы бағалау

1.Ұзындық өлшем бірліктерінің ара қатынасын анықтайды. 3 ұпай

2. Ұзындық өлшем бірліктерін дұрыс түрлендіре алады. 3 ұпай

(Т.Ж) Бос орынға тиісті санды қой.

Бірінші қосылғышты 1000 метрге (1 км) дейін толықтыратын екінші қосылғышты табу үшін ұзындық өлшеуіштерін қайталайды немесе «Назар аудар!» айдарын көрнекі жерге іліп қою арқылы қателіктерін жөндеуге мүмкіндік беріңіз. Деңгейі жоғары оқушылар тапсырма бойынша қателескен оқушыларға көмек ұйымдастыруға болады.

Жауабы:

999 м + 1 м = 1 км;

800 м + 200 м = 1 км;

750 м + 250 м = 1 км;

980 м + 20 м = 1 км;

200 м + 800 м = 1 км;

«Жұлдызша» арқылы бағалаңыз.

(Ж.Ж) Сиқырлы текше» ойыны. Оқушылардың әрбір жұбына нүктелері бар екі ойын текшесін таратыңыз. Оқушылар текшені кезекпен лақтыруы керек және текшеде жазылған нүктелер бойынша атаулы сандарды жазады: бірінші сан – сантиметрлер. Екінші сан – миллиметрлер. Екінші оқушы осы санды миллиметрге түрлендіріп жазуы тиіс. Мысалы, 5 және 4 сандары түсті делік. Бірінші оқушы ламинатталған параққа «5 см 4 мм» деп жазады. Екінші оқушы сызғышты қолданып, түрлендіруді орындап: «= 54 мм» деп жазуы тиіс. Содан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады. Біраз уақыттан кейін тапсырманы ауыстыру: бірінші оқушы екі таңбалы санды миллиметрмен жазады, ал екінші оқушы оларды сантиметр және миллиметрмен түрлендіріп жазады. Мысалы, 3 және 6 сандары түссе, бірінші оқушы ламинатталған парақ қағазға «36 мм» деп жазады. Екінші оқушы сызғышты пайдаланып түрлендіруді орындайды да, «= 3 см 6 мм» деп жазатын болады. Содан кейін оқушылар рөлдерімен ауысады. «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с. сөздермен бағалау жүргізіңіз.

(Ж.Ж) Есепті шығар. Тапсырма жұпта орындалады. Алдымен оқушылардың есептің берілуін түсініп оқуын ұйымдастырыңыз. Белгісіз бен қойылатын сұраққа назар аудартыңыз. Содан кейін қысқаша жазбасын немесе шартын құру керек екенін сұрап, есептің шешу жолдарын көрсетуге болады.

Жауабы:

Ш: 2 сағ – 18 км

90 км - ? сағ

Ш: 1) 18:2=9км/сағ (1 сағаттағы шаңғышының жылдамдығы) 2) 90:9=10

Ж: 90 километр жолды 10 сағатта жүріп өтеді.

Бағдаршам түсі арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұсыныңыз.

(Ж.Ж) Қалалар ара қашықтығын тап. Тапсырма жұпта орындалады. Есептің берілгенін оқып, жұпта талқылауды ұсыныңыз. Оқушылар диалог барысында қалалардың ара қашықтығын табу мен оларды салыстыру үшін не істеу керектігі туралы қорытынды жасауы тиіс. Сонан соң қысқаша жазбасын немесе шартын құру керек екенін сұрап, есептің шешу жолдарын көрсетуге болады. Жаңа ұзындық бірлігі – километрді метрге түрлендіру иындық тудырған оқушыларға тақтадағы «Назар аудар» айдарына қарауға болатынын айтыңыз.

Жауабы:

101 километрге артық. 101 км = 101 000 м

Бағдаршам түсі арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұсыныңыз.

(Ө.Ж) Ұзындық өлшем бірліктерін салыстыр.

Тапсырма ұзындықтың өлшем бірліктері туралы алған білімдерін бекітуге, оларды түрлендіруге, сонымен қатар есептеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Тапсырманы оқушылар өзін-өзі тексере отырып орындайды. Ол үшін көрнекі жерге «Назар аудар» айдарын іліп қойыңыз. Көрнекі құрал арқылы тапсырманың орындалу барысының дұрыстығы тексеріледі. Ұзындық өлшем бірліктерінің өзара қатынасы негізінде оларды салыстырады. Өзін-өзі тексеру бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады.

6 дұрыс жауап-6 ұпай

5 дұрыс жауап-5 ұпай

4 дұрыс жауап -4 ұпай

3 дұрыс жауап-3 ұпай

2 дұрыс жауап-2 ұпай

1 дұрыс жауап -1 ұпай

6-5 дұрыс жауап берген оқушы жасыл түсті, 4-3 дұрыс жауап берген оқушы сары түсті, 2-1 дұрыс жауап берген оқушы қызыл түсті белгіні көтереді.

Жауабы:

200 дм<2 км               5 км >1000 м

1000 м <4 км               60 км >6000 м

400 м < 40 км               7 км >700 см

Кері байланысты «Досыңа хат» әдісі есебінде алыңыз. Алдымен бекіту сұрақтары арқылы бүгінгі сабақта алған білімдерін қорыту мақсатында төмендегідей сұрақтар қойыңыз:

  • Қалай ойлайсың, сенің үйің мен мектеп арасындағы жолды өлшеу үшін қандай өлшем бірлігі көбірек ыңғайлы?
  • Ал қалалар мен ауылдардың арасын ше?
  • Саған сабақ тақырыбы түсінікті ме? Неліктен?
  • Егер саған бір сөйлеммен сабақтан қандай жаңалықтарды білгеніңді SMS хабарламамен жаз десе, сен қандай хабарлама жазар едің?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу