Қыс айлары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 3-сынып 3-тарау. Уақыт

 8-сабақ. Қыс айлары

 

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

 Оқушылардың барлығы:

 Мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

 Оқушылардың көпшілігі:

 Мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады.

 Оқушылардың кейбірі:

 Тілдік нормаларды сақтап мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.

 

 Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

 Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  •   АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген суреттерді және кестені шығарып алыңыз.
  •  Рефлексия жасауға арналған парақшаларды оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз. Сонымен қатар түрлі-түсті қарындаштар дайындаңыз.

 

 Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  •  Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушыларға ертеңгілік шеңбер өткізіп, өлең жолдарын айтқызыңыз. Балалардың аты жазылған таяқшалардың біреуін таңдай отырып үй тапсырмасын тексеріңіз.
  •  №2 слайдты ашыңыз. Жаңа сабақтың тақырыбын айту үшін берілген жұмбақты оқыңыз. Жауабын айтқызып сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлаңыз.
  •  Оқушыларға қыс мезгілінің суреттерінің қиындыларын беріп, құралған сурет бойынша топқа бөліңіз.
  •  Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

 

 (Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөздер: күн, күндіз, түн, ұзақ, боран соғады. Осы сөздердің мағыналарын ашып, сөздік дәптерлеріне жазғызыңыз.

 

 (1-тапсырма) №4 слайдты ашыңыз. Қыс туралы не білеміз? сұрағына жауап беру үшін ассоциация әдісін қолданыңыз. Әр топқа өз жазғандарын қорғатыңыз.

 ОҚЫЛЫМ. Оқулықтағы қыс туралы мәтінді мәнерлеп оқытыңыз. Оқушыларға таныс емес сөздерге түсінік беріңіз.

 .

 ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС. №6 слайдты ашыңыз. Оқушыларға оқылған мәтін негізінде шағын диалогті толықтыруды ұсыныңыз. Тапсырмадан кейін кері байланыс жасаңыз.

  ЖЕКЕ ЖҰМЫС. №7 слайд. «Адасқан сөздер» ойыны. Тапсырманың алдында дескрипторымен таныстырыңыз. Берілген сөздердің мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрап жазуды тапсырыңыз.

 ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС. «Кім жылдам?» ойыны. Оқулықта берілген тапсырмалармен жұмыс жасатыңыз. Оқушыларға берілген сөздердің ішінен 4 сөз таңдап, сөйлем құратып және сұрақтарға жауап бергізіңіз. Тапсырманы дискриптор арқылы бағалаңыз.

 

 

 ОЙ ҚОРЫТУ. «Ойлан, жұптас, бөліс». Жұп болып суреттердің бірін таңдайды және сол суретке диалог құрғызып сабақты қорытындылаңыз.

 РЕФЛЕКСИЯ. Оқушылар назарын №11 слайдқа аударыңыз немесе әр оқушыға 1 парақтан таратып, cуреттегі смайликті таңдатыңыз. Сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді сұраңыз.

 Әр оқушыға үй тапсырмасы материалдарын үлестіріңіз. №12 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу