Қыс айлары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

8-сабақ. Қыс айлары

Ертеңгілік шеңбер. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Өлең жолдарын қайталайды.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,Жайнай түсті даламыз.

Жұмбақ

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Ағаштар қар жамылып,Өзендер мұз болып қатады.

Айтыңдаршы,балалар

Бұл қай кезде болады?

Таратпа материалдар

Мәтінге сүйеніп диалогті толықтыр.

- Бұл қай жыл мезгілі?

- ...

- Қыс айлары қандай айлар?

- ...

- Қыс мезгілінде ауа райы қандай?

- ...

- Қыста балалар не істейді?

- ...

- Қыста түн мен күн қандай болады?

- ...

«Адасқан сөздер». Сөздердің мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құра

Қар қысқа болады

Боран айлары

Күн соғады

Түн ойнайды

Қыс ұзақ болады

Күндіз жауады

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Қолдануға болатын суреттер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу