Қыс айлары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Уақыт.

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қыс айлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, суреттер бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Тілдік нормаларды сақтап мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз ойын білдіреді.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді;

- мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады;

- суреттердің көмегімен мәтін құрастырады.

Лексикалық минимум

Күн, күндіз, түн, ұзақ, боран соғады

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғауы

Құндылықтарды дарыту

Жақсы әдет-дағдыларға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолданудағдылары

PowerPoint таныстырылымы

Бастапқы білім

Сабақтыңбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Өлең жолдарын қайталайды.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,Жайнай түсті даламыз.

Жұмбақ шешу арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын болжайды.

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Ағаштар қар жамылып,Өзендер мұз болып қатады.

Айтыңдаршы,балалар

Бұл қай кезде болады?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Жаңа сөздерді меңгерту:

1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру

4. Сөйлемдер құрастыру.

5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу.

Ассоциация құру «Қыс туралы не білеміз?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым № 2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым № 3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

Оқылым. Айтылым.

Мәтінді оқы.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суық болады. Қар жауады, аяз болады. Боран соғады. Күндіз балалар қармен ойнайды. Шаңғы, шана тебеді. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болады.

(ЖЖ)Мәтінге сүйеніп диалогті толықтыр.

- Бұл қай жыл мезгілі?

- ...

- Қыс айлары қандай айлар?

- ...

- Қыс мезгілінде ауа райы қандай?

- ...

- Қыста балалар не істейді?

- ...

- Қыста түн мен күн қандай болады?

- ...

Жазылым. «Адасқан сөздер». Сөздердің мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құра

Қар қысқа болады

Боран айлары

Күн соғады

Түн ойнайды

Қыс ұзақ болады

Күндіз жауады

Дескриптор

  • Сөздердің мағынасын ажырата алады;
  • Сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркесін құрай алады;

Кері байланыс: Қай сөздерді сәйкестендіру қиын болды? Қай сөздер жеңіл болды?

Сергіту сәті.

(ЖЖ)Айтылым. 5-6 тапсырмаларды орындау.

«Кім жылдам?» ойыны.

Берілген сөздердің ішінен 4 сөз таңдап, сөйлем құра және сұрақтарға жауап бер.

Дескриптор:

- қыс мезгілі туралы 4 cөйлем құрайды;

- сұрақтарға толық жауап береді;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;

(ЖЖ) «Ойлан, жұптас, бөліс».

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия:

Үй жұмысы:

«Кел, жаттайық!» айдары, «Қыс» өлеңі, 87 бет

Таныстырылым № 13

Таныстырылым № 12

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерініңтармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу