Жаз айлары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақтың тақырыбы: «Жаз айлары».

 

 Сабақтың мақсаты:

 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

 3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және өз пікірлерімен бөліседі.

 

 4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

 3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу.

 

 Сабаққа қажетті құралдар:

  Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек.Сабақ барысында қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз. Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз.

 

  Тілек айту шеңбері «Мен саған тілеймін»

  Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне, жақсы тілегін айтады: мейірімді бол, тәртіпті бол, жақсы оқы, т.б. солай жалғаса береді. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға және сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Мақсаты: оқушыларды бір –біріне мейірімді болуға баулу, сыйластықты дамыту.

 

 Үй жұмысын тексеру кезеңінде осы тарауда өткен сабақтар бойынша «Ыстық орындық» ойыны арқылы меңгерген тақырыпты еске түсіреді де, қорытындылайды.

 

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгерту дегеніміз, ол тақырыпты түсіндірумен бірдей.Сондықтан жаңа сөздерді игеру кезінде үлкен көңіл бөліңіз. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

 Тыңдалым. Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз) міндетті түрде түсінік беру керек. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Топ оқушылары «Үш қадамды сұхбат» стратегиясымен жұмыс жасайды. Әр топ тыңдалған мәтіні бойынша бір –біріне 3 түрлі сұрақ қойып,өз пікірлерімен бөліседі.

 Оқушылардың жауаптары тыңдалып, смайликтер арқылы бір-бірін бағалайды. Тыңдалымнан кейін оқушылар тыңдаған материалды естеріне түсіріп, «Дұрыс, дұрыс емес » атты кестені толтырады. Берілген бағалау критерийң бойынша өздерін бағалайды. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі, жауаптары толық, нақты, дәлелді, сөйлем құрылысын дұрыс сақтап айтқан, өз пікірлерін білдірген оқушылардың жауаптары мадақталып, жіберген қателеріне назар аудартыңыз, оны түзетудің жолдарын түсіндіріңіз.

 

 Оқылым. Оқулықтағы мәтіннің мазмұнымен әркім өзі оқып танысқаннан кейін, қосымша тапсырмаларды орындайды.Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындатуға болады, соңында жұптасып өз нұсқаларын айтады. Соңында тапсырманы орындау қиын болды ма? Не қиын болды? деген сұрақтар қойып кері байланыс жүргізіледі.

 

 Грамматикалық қоржынды жазбаша жүргізіледі. Тапсырманы орындамас бұрын алдымен оқушылардың естеріне түсіріп, бірнеше мысал келтіру. Оқушылар берілген сөздер қандай сұрақтарға жауап беретіндерін анықтайды. (Қандай? не істейді? қай? қалай?)

 

 Айтылым. Бұл тапсырма «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы жүргізіледі. Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады. «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.

 

 Рефлексия, үй жұмысы.

 Сабақты бекіту кезеңінде «Бес бармақ» әдісін қолдануыңызға болады. Тақтаға бес бармақ суреті ілінеді. Бірнеше оқушыдан өзімен бірге бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын сұрайсыз, оқушылар өздерінің стикерлерін тақтаға жапсырады. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.

 Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу