Құрылыс сызбаларының элементтері, Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары,16 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 6: Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрылыс сызбаларының элементтері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.3.1

Әр түрлі ақпарат көздері мен жалпы ережелерді, шартты белгілерді қолдана отырып, құрылыс сызбаларын графикалық редакторларда орындау

 Сабақ мақсаттары

  • Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарды 2D форматында орындау.
  • Бағдарламадағы кітапханамен жұмыс жасау үлгіісімен таныстыру.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Ақпарат көздерін,ережелерін,шартты белгілерді қолдана алады.
  • Құрылыс сызбаларындағы графикалық редакторларды тиімді пайдалнуды үйренеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Техникалық терминдерді қолданып, ақпараттың мазмұнын таныстырып, нысанның техникалық құжаттарын оқиды

Пәндік лексика және терминология:

  • Дайындалған құрастырмалы сызба ... көрсетеді.
  • Құралдар панелінің командаларын пайдаланып мен ... орындадым.
  • Берілген жиынтық бірлігіне ... бөлшектер жатады.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Ажырайтын бөлшектер...
  • Ажырамайтын бөлшектер...
  • Жиынтық бiрлiктер...

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, геометрия, информатика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану.

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың бастапқы кезеңінде 10 сыныпта өткен материалға (Құрылыс сызбалары туралы жалпы мағлұмат) қысқаша шолу жасау.

«Архитектура и строительство» кітапханасын (сәулет-құрылыс элементтерінің шартты белгілері, ғимараттың қимасы және қасбеті, жоспарын СПДС ережесіне сай құруды) қолданып, құрылыс сызбасын орындау ережімен оқушыларды таныстырыңыз.

Мыcaлы : Компас 3D ЛТД бағдарламасында Сәулет – құрылыс сызбаларын берілген параметрлер бойынша орындау мүмкіндіктерін кезеңімен көрсету.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

10 мин.

20 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сұрақтар:

10 сыныпта өткен материалға (Компас 3D LTD бағдарламасындағы жиынтық бірлігі және кітапханамен жұмыс) қысқаша шолу жасаймыз.

Компас 3D LTD бағдарламасындағы «Сборка» құжатымен оқушыларды таныстырамын.

Оқушыларға құрылыс сызбаларының өлшемдері туралы естеріне саламын.

Тапсырма. Жоспарланған бірінші қабаттың жобасына байланысты ғимараттың биіктігін көрсетіп, түстік шешімін және антураж қолдануды жоспарлап ғимараттың қасбетін сызу.

Оқушыларға Компас 3D LTD бағдарламасын қостырып бірге жұмысты көрсетіп отырамын. Яғни тақтадан қосып көрсетіп, артынан қайталап отырады.

Берілген жоспардың параметрлері мен сұлбаларына (қабырға қалыңдығы, биіктігі, қабырғаны жалғау түрлері, терезе және есіктер және т.б.) сәйкес бірінші қабаттың жоспарын жетілдіру

жұмысты басып шығарыңыз. Дайын сызбаны басып шығармас бұрын «Файл» командасын тексеріп алған жөн.

Сабақ соңында аяқталған жұмыстарды оқушылармен бірге қарастырып, нәтижесін талдап, бағалаңыз.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • 2Д форматтағы қарапайым бөлшектерді біріктіру сызбасын орындайды;
  • Кітапханадағы қажетті құралдарды тиімді қолданады;
  • Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.

КОМПАС-3D. Сабақ

Құрылыс сызбасын құрамыз

https://www.youtube.com/watch?v=_93E91-vYjE

Бейнесабақ

Сәулет – құрылыс сызбасы

Жұмыс бастапқы кезеің, осьтер.

https://www.youtube.com/watch?v=_93E91-vYjE

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

  • Не оңай болды?
  • Не қиын болды?
  • Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу