Құрылыс сызбаларының элементтері. Графика және жобалау, 11 сынып, презентация, 15 сабақ.


Бөлім 6. Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері

Сабақтың тақырыбы:

Құрылыс сызбаларының элементтері

Сабақтың оқу мақсаты:

құрылыс сызбаларын графикалық редакторларда орындау

Сабақтың мақсаты:

Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарды 2D форматында орындау.

Бағдарламадағы кітапханамен жұмыс жасау үлгісімен таныстыру.

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Ақпарат көздерін,ережелерін,шартты белгілерді қолдана алады.

Құрылыс сызбаларындағы графикалық редакторларды тиімді пайдалнуды үйренеді.

Алдыңғы білімге қысқаша шолу

Компас 3D LTD бағдарламасындағы «Сборка» құжатымен оқушыларды таныстырамын.

 

Оқушыларға құрылыс сызбаларының өлшемдері туралы естеріне саламын.

Тапсырма.

Жоспарланған бірінші қабаттың жобасына байланысты ғимараттың биіктігін көрсетіп, түстік шешімін және антураж қолдануды жоспарлап ғимараттың қасбетін сызу.

Тапсырманы орындау үшін Компас 3D LTD бағдарламасындағы келесі командаларды орындауымыз қажет. Бағдарламаны іске қосыңыздар.

Компас 3D LTD бағдарламасын қостырып бірге жұмысты көрсетіп отырамын. Яғни тақтадан қосып көрсетіп, артынан қайталап отырады.

Сызба құжатын ашу. Оның форматы мен орналасуын (осы сызбадағы «Оформления» параметрінен «Рабочий чертеж зданий сооружении ГОСТ21.101-97» типін таңдап ) өзгерту.

«Вставка» және «Вид» командаларын орындау арқылы масштабын кішірейту.

Ғимараттың бірінші қабатын құру үшін ғимараттың капиталды элементтері салынатын (колонна қабырғалары, бөрене, тіреу, баған және т.б.) үйлесімді модулді торды тұрғызып алу қажет.

«Архитектура и строительство» папка «СПДС обозначения»= «Сетки координационных осей»= «Сетка прямых координационных осей» камандалары арқылы кітапханаға кіру. Тапсырмаға сәйкес модулді тордың арақашықтығының өлшемін көрсетуге болатын терезе ашылады.

Жоспарда капиталды көріністі тұрғызу үшін «Библиотека проектирование зданий и сооружений»= «Стена» папкасына кіріңіз. Капиталды қабырғаны сыртқы (қалыңдығы және жалғастыру көрінісі) және модулді тордағы осы қабырғаның орналасуын сиппатау арқылы параметрлерін беру.

Осы әдіс арқылы ішкі капиталды қабырғалар және ішкі қоршауларды тұрғызуға болады.

Капиталды қабырғаларға терезе қондыру үшін «Библиотека проектирование зданий и сооружений» = «Окно» папкаларын таңдаңыз. Терезенің параметрін (биіктігі, ені, терезе түрі) қойыңыз. Берілген параметлер бойынша терезелерді қондыру үшін «Геометрия» панелінен «Параллельная прямая» командасының ішінен «Вспомогательная прямая» командаларын орындап, координата осінен арақашықтықты терезе ойығын дейін қойып, таңдалған терезені қою керек

Тапсырманы бағалау критерийлері

2Д форматтағы қарапайым бөлшектерді біріктіру сызбасын орындайды;

Кітапханадағы қажетті құралдарды тиімді қолданады;

Ұтымды шешімдерді қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды.

«Талқылаудағы әріптестер»

Серіктеспен талқылау:

Сіз үйренген үш жаңа нәрсені атаңыз:

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Сіз болашақта білгіңіз/үйренгіңіз келетін нәрсе



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу