Қайталау. Жазықтықтағы координаталар әдісі. Координатамен берілген есептер шығару. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 6 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулар

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Жазықтықтағы координаталар әдісі. Координатамен берілген есептер шығару

Оқыту мақсаты:

8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу;

8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу;

8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін

білу;

8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу;

8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ;

8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару

Сабақтың түрі: Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім: Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Пифагор теоремасын қолдана алу.

І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылардың өткен тақырып бойынша сұрақтарына жауап береді, оқушылардың зейінін концентрациялайды, олармен бірлесіп сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. Үй тапсырмасын мұғалім визуалды түрде тексереді.

ІІ. Оқушылардың білімін өзектендіру мақсатында «Жазықтықтағы координаталар әдісі. Координатамен берілген есептер шығару» тақырыбы бойынша теориядан жаппай сұрақтар қояды.

ІІІ. Тақырыпты бекіту үшін топпен жұмыс орындалады.

Алдыңғы сабақтағы рефлексия суретінен өздері таңдаған адамдардың нөмірлері бойынша топқа бөлінеді.

І топ: 15, 16, 17,18, 19, 20, 21-ші нөмір -15-20 тапсырма.

ІІ топ: 7, 8,10, 11,12,13,14- ші нөмір- 8-14 тапсырма.

ІІІ топ: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9- ші нөмір-1-7 тапсырманы орындайды.

Барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Тапсырманы ерте аяқтаған топ жұмысын тақтада көрсетеді.

Топтық жұмыс.

  • Координаттары А(5; –8) және В(–3; 0) нүктелері арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз
  • ABCD трапециясы төбелерінің координаталары арқылы берілген: А(-2;-2), В(-3;1), С(7;7) D(3;1).
  • АС және BD диагональдарының ұзындығын табыңыз;
  • Орта сызығы арқылы өтетін түзулердің теңдеулерін жазыңыз.
  • , және теңдеулерімен берілген түзулердің бір нүктеде қиылысатынын дәлелдеңіз.

Тапсырманы бірінші болып аяқтаған топ есептерінің шешуі мен түсіндірмесін тақтада қорғайды. Басқа топ дұрыстығын тексеріп, бағалайды. Қалған екі топ орындарынан түсіндіреді. Топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, қорытынды жасайды.

ІV. Жұппен жұмыста оқушылар тапсырмаларының шешуін тақтада ілінген шешіммен салыстырады.

1. Егер екені белгілі болса, M және N нүктелерінің арақашықтығын табыңыз.

Жауабы:

2. Координаталар басы және нүктелері арқылы өтетін шеңбердің теңдеуін жазыңыз.

Жауабы:

3. теңдеуі берілген.

  • шеңбердің теңдеуі болатынын дәлелдеңіз;
  • шеңбердің радиусы мен центрін анықтаңыз;
  • берілген шеңбердің графигін салыңыз.

Жауабы:

5. деп алып, MNKS параллелограмының S төбесінің координаталарын табыңыз.

Шешуі:

S(7; 3)

V. Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар әр оқу мақсаты бойынша жеке тапсырма орындайды. Оқушы жұмысын мұғалім тексеріп, бағалайды.

VІ. Үй тапсырмасы. №376-381. Шыныбеков Ә.Н. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Оқушыларда төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Осы арқылы оқушылардың жағдайды талдау, жалпылау, атқарылған жұмыс бойынша қорытынды жасау дағдысы қалыптасады.

«Н» - нақты нәтиже...

Сабақта қандай да бір мақсатқа қол жеткізгені туралы ақпарат

«З» - зейін салу керек ...

Сабақта не қиындық туғызды...

«М» - мақсатқа жету үшін...

Сабақ бойынша тағы не білгіңіз келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу