Кесінді ортасының координаталары. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары,


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Кесінді ортасының координаталары. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.14 Кесінді ортасының координаталарын анықтайды;

Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.

 Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
  • Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.

 Бағалау критерийлері:

  • Кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
  • Кесіндіні берілген қатынаста бөлу.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • кесінді ортасының координаталарының және екі нүктенің арақашықтығының формулаларын қорытуды түсіндіреді;
  • кесінді ортасының координаталарын және екі нүктенің арақашықтығын анықтауды түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі;
  • фигураның теңдеуі;
  • кесінді ортасының координаталары;
  • екі нүктенің арақашықтығының формуласы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • А(х;у) нүктесінің координаталарын табамыз …;
  • ... нүктесі .... кесіндісінің ортасы болып табылады, сондықтан ....;
  • ... нүктесінің координаталарын біле отырып, ... координаталарын табамыз;
  • осыдан ...дейінгі қашықтықтарын теңестіргенде ... аламыз;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпаратты тауып қорытынды жасай алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Сызу пәнімен: сызбаны салу дұрыс салу, дұрыс безендіру параллель проекциялау жұмыстары.

Информатика пәнімен: GeoGebra бағдарламасын қолдану арқылы координаталармен жұмыс.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны пайдалану және Geogebra бағдарламасын қолдану

Бастапқы білім

Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Координаталары бойынша нүктені сала алу және берілген нүктенің координаталарын жаза алу. Пифагор теоремасын қолдана алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау.

Үй жұмысын талдау.

Сабақтың ортасы

10 минут

10 мин

15 мин

II сабақ

10 мин

28 мин

Жұптық жұмыс.

1-Тапсырма. Зерттеу есебі: кесінді ортасының координаталарының формуласын қорыту.

Оқушыларға координаталық жазықтық пен кестесі бар А4 қағазын таратыңыз.

1) Координаталар жазықтығында АВ кесіндісін салыңдар.

2) АВ кесіндісінің ортасы - К нүктесін салыңдар.

3) К нүктесінің координаталарын табыңдар.

4) К нүктесінің координаталарын кестеге жазыңдар.

5) Кесінді ұштарының координаталары арқылы оның ортасының координаталарын қалай алуға болады?

6) Алынған формуланы кестеге және дәптерлеріңе жазыңдар.

А(х1;у1)

(3;1)

(0;2)

(4;-3)

(6;7)

В(х2;у2)

(5;1)

(0;-8)

(-4;-3)

(2;3)

К(х;у)

формулалар

хк=

ук=

Формуланы тексеру.

2-Тапсырма. Кесінді ортасының координаталарының алынған формулаларын пайдаланып, кестені толтырыңдар.

А(х1;у1)

(3,2 ; 1,8)

(-8;2)

В(х2;у2)

(5,4 ; 1,6)

(-9;2)

К(х;у)

(-4;6)

(1;2)

3-Тапсырма. ABCD параллелограмның үш төбесі берілген: А(1;0), В(2;3), С(3;2). Төртінші D төбесінің координаталарын табыңдар.

Жеке жұмыс. Тапсырмалар:

Оқулықтан №9.19, 9.21, 9.24, 9.25, 9.29, 9.30, 9.31, Кесінді ортасының координаталары;

Жаңа материалды түсіндіру.

Кесіндіні берілген қатынаста бөлу

Жаттығулар

Жауаптары:

Оқулық НЗМ Математика-8

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

Сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

Мен түсіндім........................

Мен білгім келеді.......................

Менің ұсынысым...........................

Стикерлер

Үй жұмысы

Оқулықтан есептер № 9.29; 9.30

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы..

Тапсырмаларды орындау барысында кейбір оқушыларға бағыт-бағдар сұрақтары арқылы қолдау көрсетіледі. Деңгейлік тапсырмалар қолданылады. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы ерте орындаған жағдайда, қосымша келесі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру, топтық, жұптық жұмыс барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Тапсырмалар оқушылардың жас-ерекшеліктеріне сай таңдалған. Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ-на жетті. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді және сабақтың уақыт кезеңдері сақталды

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу