Кесінді ортасының координаталары. Кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал.
Қосымша 1
Жұптық жұмыс.
1-Тапсырма. Зерттеу есебі: кесінді ортасының координаталарының формуласын қорыту.
1) Координаталар жазықтығында АВ кесіндісін салыңдар.
2) АВ кесіндісінің ортасы - К нүктесін салыңдар.
3) К нүктесінің координаталарын табыңдар.
4) К нүктесінің координаталарын кестеге жазыңдар.
5) Кесінді ұштарының координаталары арқылы оның ортасының координаталарын қалай алуға болады?
6) Алынған формуланы кестеге және дәптерлеріңе жазыңдар.
А(х1;у1) | (3;1) | (0;2) | (4;-3) | (6;7) |
В(х2;у2) | (5;1) | (0;-8) | (-4;-3) | (2;3) |
К(х;у) | ||||
формулалар | хк= | ук= | ||
Формуланы тексеру.
2-Тапсырма. Кесінді ортасының координаталарының алынған формулаларын пайдаланып, кестені толтырыңдар.
А(х1;у1) | (3,2 ; 1,8) | (-8;2) | |
В(х2;у2) | (5,4 ; 1,6) | (-9;2) | |
К(х;у) | (-4;6) | (1;2) |
3-Тапсырма. ABCD параллелограмның үш төбесі берілген: А(1;0), В(2;3), С(3;2). Төртінші D төбесінің координаталарын табыңдар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру