Жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 А Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандр саны:

Сабақтың тақырыбы

Жұмысты қорғау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1

Медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру (бейнетаспа, онлайн форумдар, әлеуметтік желілер)

 Сабақ мақсаттары

Көрмелерді қалай ұйымдастыруға болатынын зерделеу.

Көрмеге өз жұмыстарын дайындау және оларды таныстыру;

Көрмеге қатыстырылған өзіңнің жұмысына кері байланыс алу.

Бағалау критерийлері

Көрмеге жұмыстарын дайындайды.

Көрмеге қатыстырылған өзіңнің жұмысын таныстырады

Сұрауды ұйымдастыру жолымен кері байланыс алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Бұйым жасаудағы өзінің және өзгенің шығармашылдық идеясын, ойын түсіндіріп береді.

Пәндік тіл және терминология:

Ағаш, ДСП, ЛДСП, МДФ, пластик,модуль, трансформер және т.б

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Басқа адамдарды, олардың мәдениетін, пікірлерін құрметтеу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Көрмені безендіру,жарнамалау, таныстырылым даярлауда АКТ қолданады.

Бастапқы білім

Тиісті материалдарды қолданып бұйымды жасай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбы, мақсатын көрсету.

Сабақтың ортасы

Талдатқызу:

Шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұйымдастыру және өткізу туралы талдау;

Ақпартты өзіннің сыныптастарыңа, ата-аналарыңа, қонақтарға қандай әдіс (мектеп сайтына жарнама, мектеп ішілік креативті жарнама, шағын жоба) арқылы жеткізетіндіктерін ойластыру.

Презентация

Дайын бұйымдарға көрме- жәрмеңкесін (тауарды жылдам өткізу мақсатында әлеуметтік желілерді қолдануға) қалай ұйымдастыруға болады.

Сыныптастарының кері байланыстарына сүйеніп, орындалған жиһаз жобасына талдауды ұсыну. Талдауда дайындау күрделігін, алғашқы идеясын/ойын сипаттауы керек.

Жәрменке кезінде оқушылар өздерінің дайындаған жиһаздарының мүмкіншіліктерін көрсетеді. Мысалы: модулді және трансформалатын балалар жиһаздары.

Ол үшін жиһаздарының (бұйымдарының) мүмкіншіліктері көрсетілген фотосуреттерден құралған буклет немесе бейнебаян дайындаулары керек.

Көрме көрсету орны, презентациялар, мультимедиялық құрылғылар және де басқа көрмеге қажетті жабдықтар.

Сабақтың соңы

Көрменің өтуі туралы жазбаша түрде кері байланыс жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

.

Жазбаша түрде кері байланыс жасау.

Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу