Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

-бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1

Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану.

 Сабақ мақсаттары

        • Ұлттық дөңгелек үстел бұйымдарын безендіру және дайындау.
        • Ұлттық дөңгелек үстел бұйымдарын аудитория алдыңда сенімділікпен қорғау және ұсыну

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Өздері дайындаған ұлттық дөңгелек үстелдеріне безендіру жұмыстарын орындап, талқылайды;
  • Дайын ұлттық дөңгелек үстелдерін кең аудиторияда таныстырады және ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Тұрмыстық заттардың міндетіне қарай ерекшеліктерін түсіндіреді;
  • Тұрмыстық заттардың міндеттерін сиппаттайды.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Бұл дөңгелек үстел…. тәсілі арқылы орындалды.
  • Бұл дөңгелек үстелдің тартымдылығы
  • Тәжірбиелік жұмыс барысында кездескен қиындықтың негізгі себебі…

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру

Эстетикалық талғамдарын дамыту

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар зерттеу барысында қажетті ақпарат жинау үшін АКТ дағдыларын қолданады және мәлімет іздеу, таңдау, құрастыру, дәлелдер мен дәйектер арасында байланыс орнату барысында өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім

Көркемдеу және безендіру материалдарды қолданады. Оқушылар жұмыстарын таныстырады және талдайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға

екпін жасау.

Өткен сабақта оқушылар өз дөңгелек үстел бұйымдарын толығымен бітірген болатын. Бүгінгі сабақта оқушылар сол жұмыстарының көрмесін өткізуге дайындайды.

Интер белсенді тақтасында бейнетаспа көрсету.

Оқушылардан бейне көрініске байланысты алған әсерін сұрау.

  • Бейне роликтен не байқадық?
  • Қандай ой түйдіңіздер?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ

https://www.youtube.com/watch?v=anlyoN9c1LU

Сабақтың ортасы

10 мин.

20 мин

Оқушылар безендіру және көркемдеу жұмыстарын орындамас бұрын топта көрмені қалай өткізетіндері туралы талдайды. Мысалы:

Көрме белгілі бір уақытқа немесе бір мереке байланысты болады ма?

Қандай әдіс арқылы өз бұйымдарын таныстырады?

Ол баяндама, таныстырылым, бейнебаян арқылы болады ма?

Тәжірбиелік жұмыстың таныстырылымын орындау кезеңдері:

  • Өз жоба жұмыстарының (ұлттық дөңгелек үстел) таныстырылымын топтарда отырып дайындаңыздар. (Ол көрме, бейнеролик немесе слайдта жасалған таныстырылым болуы мүмкін және онда мозаиканы жасау кезеңдері толық көрсетілуі керек.)
  • Егер орындалған бұйым (ұлттық дөңгелек үстел) немесе жұмыс шағын болса, онда көрмеге ілетін, қоятын орнын және құрылғы таңдаулар керек. Өз жұмыстарын безендіру, әдемілеу формаларын ойластырады (орнықтыру, бекіту, біріктіру, жиектеме жасау).

Тапсырма. Топтық жұмыс.

Дайын болған өнер туындыларына қосымша қажетті материалдармен безендіру жұмыстарын жүргізіп, кең аудитория алдында қорғаңыз. Жұмыстарды безендіру барысында заттаңба (этикетка) дизайның ойластырып, дайындаңыз. Жұмыстарды таныстыру (қорғау) барысында қажетті сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Көрме жұмыстары.

Әр оқушының жұмысына объективті түрде баға беру керек (кері байланыс). Осы кезеңге арнайы маман (суретші) немесе мектеп әкімшілігін шақырып қатыстыруға болады.

Таныстырылым кезінде оқушылар өз жұмыстарына басқа оқушылардан талдау, бағалау арқылы кері байланыс алады.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Өнер туындыларына қосымша материалдармен безендіру жұмыстарын эстетикалық талғамға сай орындайды;
  • Аудитория алдыңда өз жұмыстарын (көрме жұмыстарын жасайды) қорғайды.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=CS_9w_TYu90

көрме жәрменкесі

https://www.youtube.com/watch?v=0FhAZw2-Z_Q

заттаңба жасау түрлері

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.

Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:

  • Не үйрендім?
  • Қайсысы оңай болды?
  • Қайсысы қиын болды?
  • Тағы не үйренгім келеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Сабақ барысында оқушылардың жеке қабілеттерін қолдап, дамыту мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу