Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.2.1

Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы тарихи, әлеуметтік және мәдениеттік мән мәтіндерді талдау мен бағалау.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды;
  • Үлкен аудитория алдына өздерінің жұмыстарын безендіреді және қорғауға дайындайды.

 Бағалау критерийлері

  • Сабаққа белсенді қатысады;
  • Бұйымның сапасын бағалайды және талқылайды;
  • Жұмыстарын көрмеге дайындайды;
  • Өзгелердің жұмыстарын бағалайды;
  • Өздерінің қорытынды жұмыстарын таныстырады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Сәулет өнерінің үздік туындылары мен

заманауи сәулет өнері аспектілерін, стилдерінің ерекшеліктерін сипаттап, талдайды;

  • Сәулет өнерінің әлеуметтік ортада алатын орны туралы айтады.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері

Сәулеттік стильдер, готика, барокко, рококо, классицизм, модерн, минимализм, функционализм, сәулеттік нысан макеті, табиғи материалдар, композицтялық материалдар, қолданыстағы шикізат.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Біз зерттеу барысында ... анықтадық.
  • Мен сәулеттік нысан макетін дайындауға ... стилін таңдадым.
  • Біз сәулеттік нысан макетін дайындау үшін…..…..қолдандық.
  • Сәулет нысан макетін орындау кезінде...

 Құндылықтарды дарыту

Өз беттерімен шешім қабылдау кезінде және оған жауапкершілікпен қарауды үйрету;

Материалдарды ұқыпты қолдану;

Оқушылар арасында өзара силастық орнату және бір-бірін құрметтеу;

Топтық жұмыстар арқылы белсенді жұмыс орнату.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану, дизайн

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар зерттеу барысында қажетті ақпарат жинау үшін АКТ дағдыларын қолданады және мәлімет іздеу, таңдау, құрастыру, дәлелдер мен дәйектер арасында байланыс орнату барысында өзіндік жұмыс дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім

Көркемдеу және безендіру материалдарын қолданады. Оқушылар жұмыстарын таныстырады және талдайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Таныстырылым (әлемнің барлық, түрлі тілдерінде амандасу)

Оқушыларды оқу үрдісінде ынталандыру үшін мотивация жасау:

«Баспасөз конференциясы» әдісі

  • Бұл оқушылар үшін ойларын тұжырымды етіп айтуға, сауапты және дұрыс сұрақ таба білуге мүмкіндік береді;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;
  • Жаңа материалдарды ұғып алу қабілеттерін қалыптастырады.

Жаңа мәтінді бастар алдында, мұғалім оқушыларға тапсырма бойынша сұрақтар әзірлеп алуға мүмкіндік береді. Мұғалім алдын ада оқушыларға орынды, күрделі сұрақтарды әзірлеуін ұсынады. Бірақ сұрақтар білімді едәуір қиындататын емес, белгілі бір мәліметті тереңдетіп анықтау, өткен материалдар бойынша қосымша анықтамаларды тұжырымдау, білімдерін кеңейтуге арналған сұрақтар болуы керек.

Сұрақтар болуы мүмкін:

  • Көрмені қалай ұйымдастырасыз, хронологиялық әдістеме немесе өз ойларыңыз бойынша ма?
  • Жұмыстар қалай қойылады?
  • Экспонатпен бірге қандай қосымша ақпарат ұсынылатын болады?
  • Көрме интерактивті бола ма?
  • Көрме барлық адамдарға қол жетімді бола ма?
  • Денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қарастырылды ма?
  • Көрмені жоспарлау қанша уақытты алады?

Әр топ сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

Сабақтың ортасы 20 минут

  • Шығармашылық жұмыс.

өзінің және өзгелердің жұмыстарын өздері құрастырған критерийлер бойынша бағалайды. Оқушылар өз жұмысы туралы және басқа адамдардың жұмысы туралы сындарлы түсініктеме беруі керек. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастыруға болады.

  • Сабақты қорытындылау

Оқушылар көрермендер комментарияларын ұстана отырып, өзідерінің және өзгелердің жұмыстарын критериялар бойынша бағалайды.

Щусев мұражайында Оңтүстік Тирол сәулетіне арналған көрме ашылды

http://www.ehow.com/how_5737414_hold-first-art-exhibition-results.html

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия:

Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.

Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:

  • Не үйрендім?
  • Қайсысы оңай болды?
  • Қайсысы қиын болды?
  • Тағы не үйренгім келеді?

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Сабақ барысында оқушылардың жеке қабілеттерін қолдап, дамыту мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу