алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, қосымша материал.


Тарау 2. Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы: Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау.

Оқу мақсаты:

9.3.2.1

Өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы тарихи, әлеуметтік және мәдениеттік мән мәтіндерді талдау мен бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды;

Үлкен аудитория алдына өздерінің жұмыстарын безендіреді және қорғауға дайындайды.

 Бағалау критерийлері:

  • Сабаққа белсенді қатысады;
  • Бұйымның сапасын бағалайды және талқылайды;
  • Жұмыстарын көрмеге дайындайды;
  • Өзгелердің жұмыстарын бағалайды;
  • Өздерінің қорытынды жұмыстарын таныстырады.
  • Ұйымдастыру кезеңі.

Таныстырылым (әлемнің барлық, түрлі тілдерінде амандасу)

Оқушыларды оқу үрдісінде ынталандыру үшін мотивация жасау:

«Баспасөз конференциясы» әдісі

  • Бұл оқушылар үшін ойларын тұжырымды етіп айтуға, сауапты және дұрыс сұрақ таба білуге мүмкіндік береді;
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;
  • Жаңа материалдарды ұғып алу қабілеттерін қалыптастырады.

Жаңа мәтінді бастар алдында, мұғалім оқушыларға тапсырма бойынша сұрақтар әзірлеп алуға мүмкіндік береді. Мұғалім алдын ада оқушыларға орынды, күрделі сұрақтарды әзірлеуін ұсынады. Бірақ сұрақтар білімді едәуір қиындататын емес, белгілі бір мәліметті тереңдетіп анықтау, өткен материалдар бойынша қосымша анықтамаларды тұжырымдау, білімдерін кеңейтуге арналған сұрақтар болуы керек.

Сұрақтар болуы мүмкін:

  • Көрмені қалай ұйымдастырасыз, хронологиялық әдістеме немесе өз ойларыңыз бойынша ма?
  • Жұмыстар қалай қойылады?
  • Экспонатпен бірге қандай қосымша ақпарат ұсынылатын болады?
  • Көрме интерактивті бола ма?
  • Көрме барлық адамдарға қол жетімді бола ма?
  • Денсаулық және қауіпсіздік мәселелері қарастырылды ма?
  • Көрмені жоспарлау қанша уақытты алады?

Әр топ сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

  • Шығармашылық жұмыс.

өзінің және өзгелердің жұмыстарын өздері құрастырған критерийлер бойынша бағалайды. Оқушылар өз жұмысы туралы және басқа адамдардың жұмысы туралы сындарлы түсініктеме беруі керек. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құрастыруға болады.

  • Сабақты қорытындылау

Оқушылар көрермендер комментарияларын ұстана отырып, өзідерінің және өзгелердің жұмыстарын критериялар бойынша бағалайды.

Рефлексия:

Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.

Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:

  • Не үйрендім?
  • Қайсысы оңай болды?
  • Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы