Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


Көрме ұйымдастыру.

Kөркем-сурет көрмелері - мәдени шара, ұлттық бейнелеу және қолөнерінің белгілі бір кейінгі кезеңде көтерілген деңгейін, бағыт-бағдарын көпшілікке насихаттау әрі өнер ықпалы арқылы еңбекшілердің дүниетанымын адамгершілік рухта қалыптастыру мақсатымен 1920 жылдардың соңында ұйымдастырыла бастады. 1929 жылы Алматы қаласында "Жетісу суретшілерінің көшпелі көркем-сурет көрмесі" өтті. 1931жыл Алматы қаласында өткен көшпелі көрмеде көрнекті орыс суретшілерінің туындылары қойылды. А.В.Куприн, К.С.Петров-Водкин, В.А.Фаворский, А.А.Дейнеканың – әлеуметтік өмірдің жарқын көріністерін бейнелеген еңбектері елдің назарын ерекше аударды. Қазақстан Суретшілер одағы 1933 жылы алғаш рет тақырыптық сурет көрмесін ұйымдастырды. Бұған Қазақстанда кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылар Ә.Ысмайлов, Қожақмет пен Құлахмет Қожықовтар қатысты. 1934 жылдан көркем-сурет көрмелері өткізіліп тұрды. 1934 жыл Алматы қаласында өткен халық шеберлері слеті қарсаңында ашылған көрмеге Ә.Қастеев "Мектепке", "Көгілдір киімді қазақ қызы", "Түрксіб" атты суреттерімен қатысты. 1935 жылы Орталық мұражайда ұйымдастырылған "Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына 15 жыл" деген көрменің негізінде қазақтың көркем-сурет галереясының (қазіргі Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы) негізі қаланды. 1939 жылы мұражай 32 суретшінің 200 еңбегін Алматы қаласының жұртшылығына таныстырды. Қастеев, ЬІсмайлов, А.И.Бортников, Н.И.Крутильников, О.Таңсықбаев, т.б. шығармалары мәдени өміріміздің өскендігін, өміршеңдігін көрсетті. 2-дүниежүздік соғысы жылдары эвакуациямен келген танымал суретшілер Д.И.Митрохин, П.Н.Крылов, т.б. Алматы қаласында 2-дүниежүз. соғысы тақырыбында бірнеше көркем-сурет көрмелерін өткізуге ат салысты. Көрмеде Мәскеуліктердің 51, украиндықтардың 40, ленинградтықтардың 15 жұмысы қойылды. Л.П.Леонтьевтің "Майданға шығарып салу", Б.Урманченің "Жеңіспен оралыңдар", О.Д.Кужеленконың "Алматы соғыс жылдарында", Р.В.Великанованың "Ескі және жаңа Алматысы" дүниеге келді. 1948 жылы Алматы қаласында КСРО Суретшілер одағы мен КСРО көркем-сурет қорының көшпелі көркем-сурет дирекциясы кеңес кескіндемешілері мен суретшілерінің 200 шығармасынан тұратын көшпелі көрмесін өткізді. Бұл жаңа дәстүр 1956 жылы Бүкілодақтық көрменің жетістігін насихаттаумен жалғасты. Осы көрмеге "Қазақстан суретшілерінің тақырыптық картиналары" деген атпен көркем-сурет институттарынан білім алған жаңа тол-қын (Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхамедов, А.Ғалымбаева, т.б.) қатысып, ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. Мерекелер мен жиындар қарсаңында тақырыптық негіздегі көркем-сурет көрмелерін ұйымдастыру өрістеді. Көркем-сурет көрмелері Е.М.Сидоркин, С.Айтбаев, М.Қисамединов, т.б. суретшілерді даралай түсті. Алматы қаласында 20 ғ-дың 70-жылдары Қазақстан Суретшілер одағының көрме залы мен ҚР Мәдениет Мин-лігі көрме залының ашылуы және Қазакстан Мемлекеттік өнер мұражайы жаңа ғимаратының іске қосылуы — көркем-сурет көрмелерін ұйымдастыруға кең жол ашты. Осы арнаулы орындарда такырыптық ("Еңбек даңқы", "Ел мен Жер", т.б.) көркем-сурет көрмелері өтіп тұрады. Бұл көрмелерде еңбек тақырыбы, замандас бейнелері елеулі оры алды.

Балалар суреті - бейнелеу өнерінің әр түрлі саласымен шұғылданатын балаларшығармалары. Сурет салу өнерімен шұғылдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері, көркемдік және эстетикалық талғамдары, байқағыштық, қабылдау, қиял сияқты қасиеттері қалыптасады. Балалар сурет салу, мүсіндеу, қолөнермен шұғылдану барысында өзін қоршаған орта, табиғат сұлулығы, оның құбылыстары туралы білімдерін арттырады, бейнелеу өнерін игеруге қызығады. Балалар суреті түрлеріне қарындашпен, түрлі-түсті бояу қарындаштармен, сулы бояумен, гуашь бояуымен салынатын суреттерді, мүсінді, қолөнерді, т.б. жатқызамыз. Балалардың бейнелеу өнеріне машықтануы балабақшаларда, мектептерде, оқушылар сарайларында, лицейлерде, гимназияларда, көркемсурет мектептері мен колледждерінде жүзеге асырылады. Республикамыздың облыс және аудан орталықтарында 70-тен астам бастапқы білім беретін көркемсурет мектептері жұмыс істейді. Алматы қаласында Республикалық көркемсурет колледжі ашылған (1988). Бұлар Қазақ мемлекеттік өнер академиясының құрамына енеді. Балалар суретін дамыту мемлекет тарапынан да қолдау табуда. Қазақстан РеспубликасыПрезиденті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен дарынды балаларды қолдайтын мемл. “Дарын” бағдарламасы қабылданды (1996). Балалар суреті — өнер мен мәдениеттің құрамдас бөлігі. Осыған орай әр елдерде Балалар суреті көрмелері, дүниежүздік көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда 1945 жылдан Балалар суретінен көрмелер ұйымдастырылып келеді. Қазақстанда балалардың суреттері жинақталған 2 томдық кітап жарық көрді (1999). Балалардың қабілеті мен білімін дамытуға арналған оқулықтар, әдістемелік құралдар, сурет дәптерлері жасалған. Орта мектепке арналған “Бейнелеу өнері” оқулығы қазақ, орыс және ұйғыр тілінде жарық көрді.

Падаланған ресурс: https://sabaqtar.kz/suret/13462-krme-yymdastyru.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу