Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің сегізінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта орындаған қазақтың ұлттық дөңгелек үстел бұйымдарын безендіріп, көрме жұмыстарын өткізетін болады. Яғни осы бөлім бойынша орындаған жұмыс нәтижесін кең аудитория (көпшіліктің) алдыңда таныстыратын болады.

Жаңа тақырып түсінкті болу үшін, жұмысты бастамас бұрын оқушылар назарына шағын бейнебаян көрсету ұсынылады. Интер белсенді тақтасында бейнетаспа көрсету ұсынылады.

Оқушылардан бейне көрініске байланысты алған әсерін сұрау.

  • Бейне роликтен не байқадық?
  • Қандай ой түйдіңіздер?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар назарына таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, және тілдік мақсаттарға нақтылап түсіндіру.

Тәжірибелік жұмыс жасауды бастар алдыңда оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз.

Тәжірбиелік жұмыстың таныстырылымын орындау кезеңдеріне тоқтала кетіңіз:

Өз жұмыстарының (дөңгелек үстел) таныстырылымын топтарда отырып дайындайды. (Ол көрме, бейнеролик немесе слайдта жасалған таныстырылым болуы мүмкін және онда мозаиканы жасау кезеңдері толық көрсетілуі керек.)

Егер орындалған дөңгелек үстел бұйымы шағын болса, қоятын орнын, құрылғы таңдаулары керек. Өз жұмыстарын безендіру, әдемілеу формаларын ойластырады (орнықтыру, бекіту, біріктіру, жиектеме жасау).

Қажет болған жағдайда жоспардағы келесі бейне баянды оқушылардың назарына ұсынуға болады.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасы туралы оқушылардың есіне түсіріңіз.

Тәжірбиелік жұмыс барысында оқушыларға өз бұйымдарын безендіріп көрме жұмыстарын дайындайтып, сонымен қатар, өз бұйымдарына сиппатама ретінде заттаңба белгілерінің дизайнның ойластырып, оны дайындауды ұсыныңыз.

Әр оқушының жұмысына объективті түрде баға беру ұсынылады (кері байланыс). Осы кезеңге арнайы маман (суретші) немесе мектеп әкімшілігін шақырып қатыстыруға болады.

Тілдік мақсатты дамыту мақсатында оқушылар өз жұмыстарын таныстыру барысында сөйлемге қажетті сөз тіркестерін қолдануды ұсынуға болады;

  • Бұл дөңгелек үстел…. тәсілі арқылы орындалды.
  • Бұл дөңгелек үстелдің тартымдылығы …
  • Тәжірбиелік жұмыс барысында кездескен қиындықтың негізгі себебі…

Таныстырылым кезінде оқушылар өз жұмыстарына басқа оқушылардан талдау, бағалау арқылы кері байланыс беруді сұраңыз.

Оқушыларға орындайтын тапсырмалармен таныстырып болғаннан кейін, тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстырыңыз. Мыс;

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Жапсырмалар» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу