Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мардан Байділдаев атындағы
№ 232 орта мектептің 2016 - 2017 оқу жылындағы
«Сәт сапар, саған Жас түлек!» атты салтанатты жиынның сценарий
Уақыты: 25 мамыр сағат 9 - 00
(Барлық оқушылар сынып бойынша сапқа тұрғызылған. Мектеп ауласы шар, жалаушалармен безендірілген.
Би: «Соңғы қоңырау»
Фонфары. Көңілді әуен музыкасымен ортаға жүргізуші шығады.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата - аналар мен қонақтар!
1 - жүргізуші: 2016 - 2017 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған, 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің – мектеппен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың – шәкірттермен қоштасу мерекесі «Сәт сапар, саған Жас түлек» атты соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер болып қалмақ. Биылғы жас түлектер мектеп табалдырығын тарыдай болып 2006 жылы аттап, он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, балғын балалық шағын өткеріп, ұмытылмас естеліктер мен ұлағатты ұстаздармен қоштасып, дәл осы күні 2017 жылы таудай болып баянды болашаққа қарай бет алғалы отыр. Көзді ашып жұмғанша11 жылдың қалай өткені де байқалмады.
Соңғы қоңырау осы жылы түлектер үшін расында да соңғы рет соғылады. Жас түлектерге үлкен өмірге жолдама беріп, ақ жол тілейміз....
1 - жүргізуші Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
2 - жүргізуші: Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық жар салайық.
Биылғы 11 - ші сынып түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.
Сынып жетекшісі. Әбішева Нағима
Жай музыкамен 11 сынып оқушылары ортаға шығады, түлектер орындарына келіп тұрады.
1 - жүргізуші
Құрдастар, сыныптастар, парталастар,
Шәкірттер бір кездегі балғын жастар.
10 жыл. 25 жыл мектепті бітіргелі
Бастарын қосқалы отыр, бүгін достар.
2 – жүргізуші: Бүгінгі біздің салтанатты жиынға мектепті жылы бітірген түлектер, яғни 10 жылдық, 25жылдық кездесуге келген сыныптастар қонаққа келіп отыр. Ендеше салтанатты жиын алаңына осыдан 10 жыл, 25 жыл бұрынғы мектеп түлектерін шақырамыз.
/келіп орналасады/
Сариев Болат ағай (АӘД пәні мұғалімі): Мектеп оқушылары! Түзеліп тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзеңдер!
Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын! ( Музыка әуенімен айтылады)
1 - жүргізуші Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата - аналар мен оқушылар! «Сәт сапар, саған Жас түлек» атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
Бүгін – ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Бүгін - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
2 - жүргізуші Мектебім, ардақты алтын бесігім.
Өңірге аян, сенің даңқын, есімің.
Білім қуған ұл - қызына қазақтың
Жомарт жолмен кең ашылған есігің
1 - жүргізуші Талай қызық балалықты бір кештік,
Мектеппенен есейіп біз бірге өстік.
Бүгін, міне соңғы қоңырау күнінде
Қия алмайтын пәк сезіммен үндестік.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі бітіруші түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары:
1._________________________________________________________
2._________________________________________________________
3._________________________________________________________
1 - жүргізуші: 2016 - 2017 оқу жылының аяқталуына орай өткізіліп отырған соңғы қоңырау салтанаты тарихи оқиғаларға толы жылменен тұспа - тұс келіп отыр.
Биылғы жылы Елордамыз Астанада 10 маусымда «Астана - ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашпақ. ЭКСПО - 2017 көрмесінің негізгі тақырыбы - «Болашақ энергиясы». ЭКСПО көрмесін өткізудегі мақсат Қазақстанның табыстарын әйгілеуді, әлемдік қоғамдастыққа оның мүмкіндіктерін паш етуді көздейді.
2 жүргізуші. ЭКСПО халықаралық көрме – білімге, инновациялық шешімдермен алмасу, прогресті алға жылжыту және ынтымақтастықты дамытуға бағытталған әлемдік көлемдегі іс - шара.
Ұландарға құттықтау сөз беріледі ( 5 оқушы)
Ән: «Мен ауылға барамын» Бектай Қызғалдақтың орындауында
1 - жүргізуші Өмірде өшпейтін іс - балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Бала - болашағымыз. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі - мәңгілік. Осынау борышты жолда аянбай тер төгіп келе жатқан мектеп директоры Ақшонтаева Шынар Халелқызына құттықтау сөз кезегі беріледі.
1 - Жүргізуші. Құрметті салтанатты жиынға қатысып отырған барша қауым! Биылғы 2016 - 2017 оқу жылында мектебімізде үздік білім нәтижесін көрсетіп отырған мақтаныштарымыз, оқу озаттары шеруін құрметпен қарсы алайық. (көңілді музыка ойналады)
(Озат оқушылар марапатталады).
1 - жүргізуші Сонымен қатар биылғы оқу жылында жетістіктерге жеткен оқушылар мен ұстаздарды арнайы номинациялармен марапаттауға рұқсат етіңіздер!
1 жүргізуші. Байқоңыр қаласында өтілген Игенбаев атындағы облыстық математика пәні бойынша олимпиададан оқушысы Сайлау Жанель І орын, алтын медальмен марапатталған, оқушылары аудандық математикадан пәндік олимпиаданың жүлдегерлері математика пәнінің мұғалімі Әлібекова Алтынай «Шығармашыл мұғалім» номинациясымен марапатталады.
2 - жүргізуші. Оқушылары Халықаралық байқаудың жеңімпазы Ерманқызы Нұрсая, аудандық Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген «Менің көшем осындай атты» эссе байқауында Сағаш Әсел 1 орын иеленген бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Гүлжан « Ізденімпаз мұғалім» номинациясымен марапатталады.
1 жүргізуші Оқушылары аудандық математикадан пәндік олимпиададан Бахыт Асылзат 3 орын иеленген, республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде Панабек Аружан 2 орын иеленген математика пәнінің мұғалімі «Шығармашыл мұғалім» номинациясымен Әйтімова Күлайхан марапатталады.
2 жүргізуші. Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында «Шығармашыл мұғалім» номинациясымен марапатталған, Халықаралық «Человек природа» сайысында оқушысы Әбдіғаппар Нұрайна 2 орынмен, Республикалық қашықтық олипиададан Бектай Қызғалдақ 1 орын иеленген бастауыш сынып мұғалімі Жылқышиева Гүлнұр «Ізденімпаз мұғалім» номинациясымен – марапатталады
2 жүргізуші. Республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде химия секциясы бойынша Бақыт Асылзат 2 орын иеленген химия пәнінің мұғалімі Жайлаубаева Айсұлу «Шығармашыл мұғалім» номинациясымен марапатталды.
1 жүргізуші Халықаралық «Ақбота» интеллектуалдық сайысында оқушысы Жаңабай Дидар 2 орын иеленген бастауыш пәнінің мұғалімі Сақтағанова Перизат «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен марапатталады.
2 жүргізуші. «ЭКСПО 2017 таңғажайып шеберлер» аудандық байқауында оқушысы Жетпіс Гүлдана Алғыс хат иеленген технология пәнінің мұғалімі «Шығармашыл мұғалім» номинациясымен – Жұмағұлова Жанар марапатталады.
«Кемел келешек кілті білімде» дей отырып, мектебімізді республика, облыс, аудан көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де, дарынды, өнерлі де талантты, қоғамдық іс шараларға белсене қатысып жүрген оқушыларды «Жыл мақтаныштары» номинациясымен марапаттаймыз.
1 жүргізуші. Облыстық білім басқармасының ұйыдастыруымен өтілген «ЭКСПО 2017» тақырыбы аясында өтілген «Менің болашағым» атты өнертапқыштар көрмесінде 3 орын, облыстық мұражайдың ұйымдастыруымен өткізілген «ЭКСПО 2017» байқауында Алғыс хат иеленген 11 сынып оқушысы Долорес Қанжар
2 жүргізуші. Байқоңыр қаласында өтілген Игенбаев атындағы облыстық математика пәні бойынша өтілген олимпиададан 1 орын иеленген 8 сынып оқушысы Сайлау Жанель
1 жүргізуші. Аудандық Ғани Мұратбаевтың 115 жылдығына орай өтілген «Мен Ғанимын атты» эссе жазу байқауында 1 орын иеленген, Ғылыми жобалар интернет байқауында 6 сынып оқушысы Жәмет Замира
1 жүргізуші Аудандық «Тәуелсіз елім менің» тақырыбында өтілген патриоттық әндер байқауында 2 орын, аудандық «Абай оқулары» «Көңілім әнді ұғады» бөлімі бойынша 3 орын иеленген 5 сынып оқушысы Айтбай Ұлпан
2 жүргізуші Аудандық «ЭКСПО 2017 болашақ энергиясы» эссе байқауында 1 орын иеленген 5 сынып оқушысы Әбдіғаппар Нұрайна
Мектебіміздің мәртебесін әрқашан биікке көтере беріңіздер, марапаттарыңыз құтты болсын!
Ән: Жылқайдар Ақерке мен Долорес Қанжардың орындауындағы « Ұстазым» әні сіздерге арналады, құрметті ұстаздар қауымы!
1 - жүргізуші Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, Сіздердің сапалы білім алып, үлкен азамат болуларыңыз үшін барынша жағдай жасап отыр. Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа жас ұрпақтың қарымды қадам жасауына елеулі үлесін қосып, білім беру ісіне ерекше назар аударып, бүгінгі салтанатты мерекемен құттықтау үшін ауыл әкімі Алтынбаев Дастан мырзаға сөз кезегін береміз.
Ән: Айтбай Ұлпанның орындауында « Қазақстан»
2 - жүргізуші Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі құрметті қонағымыз __________________________ беріледі.
Ән: «Ақбұлақ» Орындайтын дуэт
2 - жүргізуші: Мектеп өміріндегі сынып жетекшісінің алатын орны ерекше. Сынып жетекшісі әрбір шәкірттің екінші ата - анасы. Ол кісі өз бойындағы асыл қасиеттерін шәкіртінің бойына сіңіріп, тер төгеді. Қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте құрметпен биылғы түлектердің алғашқы ұстаздары Ағатаева Айжан және сынып жетекшісі Әбішева Нағима апайларды ортаға шақырамыз.
Ән: Кішкенбай Маржан мен Айдарбек Гүлнұрдың орындауында «Алтын ұя мектебім» әні
2 - жүргізуші. Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын,- деп құттықтау сөз ата - ана Сәдуақасова Ақеркеге беріледі.
Ән: Нұрлыбай Гүлжанның орындауында «Әке» әнін қабыл алыңыздар!
2 - жүргізуші Құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Мектеп түлектерінің аманат тапсыру рәсіміне куә болыңыздар!
1 - жүргізуші Аманат тапсырушы мектеп түлегі аудандық пәндік олипиаданың жүлдегері, Жылқайдар Ақерке Бексейітқызы, аманатты қабылдап алушы 10 сынып оқушысы, оқу үздігі Панабек Аружан
Ән: «Ұстазым» Базарбек Альбина
1 - жүргізуші: Қоңырау үні. Бұл үн білім кемесі - мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына таныс, жүрегіне жақын. Алғашқы қоңырау - балалық арманыңды жетелеп, білім алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үні - кәмелетке толып, оң солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне шығарып салады.
2 - Жүргізуші Соңғы қоңырау - осындай қимас қоштасу әуенді сәтімен ыстық.
«Ауылына қарап, азаматын таны»- деген, қайда жүрсе де, туған ауылымызды ұмытпауға, туған жер, өскен ортамызды мақтан етуге тиіспіз.
Ендеше ортаға осы мектептен қанаттанып ұшқан 25 жыл, 10 жыл бұрынғы түлектерді шақырамыз.
Құрдастар, сыныптастар, парталастар,
Шәкірттер бір кездегі балғын жастар.
10 жыл 25 жыл болды мектепті бітіргелі
Бастарын қосқалы отыр, бүгін достар.
2 - Жүргізуші:
10 жыл бұрын ауланда асыр салып түлеген,
Естеліктер қалдырған оқушылық күндерден.
Бүгінгі күн шіркін - ай аңсап келіп озіңді,
Ұлмен қызың осыдан 10 жыл, 25 жыл бұрын бітірген.
2 - жүргізуші: Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып, сүйікті мектебіңе
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне.
1 - жүргізуші Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Алғашқы қоңырау сыңғыры оқушы мен мектепті табыстырса, бүгінгі соңғы қоңырау орта мектепті бітірушілердің алтын ұя мектебінде соңғы қоңырау үні. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
2 - жүргізуші
Бәрі сын араларсың, өмір аулың,
Бәрі – шың, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың.
1 жүргізуші
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау
2 - жүргізуші: 2016 - 2017 оқу жылының соңғы қоңырауын соғу салтанаты 11 сынып оқушысы Долорес Қанжар Қорғанұлына және 1 сынып оқушысы, оқу үздігі Нұрымқызы Мерейге тапсырылады.
Ән.
1 - жүргізуші: Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді
Басқаша енді үйретер бар сабағын
Қоңыраулар соғылар басқаша енді
1 - жүргізуші Сұрақ басқа оп оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмін
Өмір қатал, ол күнде кешірмейді.
(11 сынып оқушылары баяу музыка әуенімен ортаға жиналып, жазу парағын, ауа шарын ұшырады)
2 - Жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
« Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін,- дей отырып, биылғы мектеп бітіруші түлектерді салтанатты түрде шығарып салайық.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш - жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларыңа тілектеспіз
(Музыка әуенімен)
Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сәт сапар, саған Жас түлек» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер!!!
Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің
тәрбие ісінің орынбасары Гүлсім Нүрпейісова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру