Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.
№9 Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технология | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері | - өз жұмысын сәндеудің маңыздылығын түсінеді; - жұмыстың ұқыпты орындалуын, таңдалған технологиялық реттілігінің сақталуын ескере отырып, өзінің жобалық бұйымын сәндеп әшекейлейді; - өз жұмысының сәндеу ерекшелігі мен кемшілігін талдайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады. Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды. Пәнге тән лексика және терминология: Дизайндық нұсқау: шығармашылық идея қалыптастыру және орындау, бөлшектерді біріктіру, сәндеу, ою-өрнек, халықтық пішім, сәндік әрлеу, тігін өндірісі, пішім ... Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Біз халықтық стильде дайындалған жобалық бұйымымызды ... деп болжаймыз. Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз. Жұмысқа әртүрлі әрлеу түрлері мен сәндік материалдарды қолдану бізге … түсінуге мүмкіндік береді. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер. Қазақстан тарихы – қазақтың ою-өрнек элементтері | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар жобалық бұйымдарының бөлшектерін өңдеуі мен біріктіруін орындады, бұл сабақта бұйымды қазақтың ұлттық ою-өрнегімен сәндеуді орындайды. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басталуы 1-2 минут 1 минут |
флипчартта немесе кез келген үлкен қағаз парағының ортасына барлық жағына шуақ таралған үлкен жұлдызша бейнеленген. Оқушылардың осы тармақтарға өз жобалық жұмыстарын қалай жасағысы келетінін, оны сипаттай отырып, мысалы, әдемі, мерекелік, ерекше және т.б жазуы немесе бейнелеуі қажет. Қалауына қарай – музыкалық сүйемелдеу қосуға болады.
Мұғалім оқушыларға өткен сабақтағы жазбаларын қарастыруды және бірлескен талқылауда сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауды ұсынады. | Электронды презентация 1-слайд. Қазақтың ұлттық музыкалық композициясы. Флипчарт немесе үлкен қағаз парағы, маркерлер, фломастерлер, бор, қарындаштар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 2-3 минут 1-2 минут 1-2 минут 1-2 минут 20-25 минут 1-2 минут |
Оқушылар бірлескен әңгімеде келесі сұрақтарды қарастырады:
Оқушылар өткен сабақтағыдай құрамдағы топта өз тігін бұйымдарын қарастыруы және ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жаза отырып, көркемдік сәндеудің әртүрлі нұсқаларын ұсынуы тиіс. Топтар сыныптастарына сәндеу нұсқаларын көрсетеді, олардың ішінен ең көрнекті әрі әдемісін таңдайды.
Қазақ ұлттық қамзолын сәндеу үшін барқыт, бағалы және жартылай бағалы асыл тастар, жапсырма, алтын, күміс жіптер, монеталар, оқа жіптер қолданылады. Түймелеу үшін метал қапсырмалар пайдаланылады. Жобалық бұйымды безендіру кезінде әртүрлі сәндік материалдардың шектен тыс қолданылмауы, сезімге шектеу қоя білу қажет, ызба, страз, сәндік жиек, жапсырма, ою-өрнек, әртүрлі өрнекті, жолақ немесе тор көзді маталар, тор, шифон және басқа материалдармен заманауи тігін бұйымдарын әдемі сәндеп әшекейлеуге болады. Қамзолды сәндеуге қандай материалдардың қолданылғанын анықтай отырып, сәндеу түрлерін қарастырыңдар.
Оқушыларға өз шығармашылық жұмысын қарастыру және жобалық бұйымды сәндеу үшін қандай құрал-жабдықтар мен материалдың қажеттілігін анықтау қажет. Оқушылар топтарда сәндеудің әртүрлі нұсқаларын талқылайды, ең әдемі, сәтті және креативті түрін таңдайды.
Топтық жұмыс:
Оқушылар топта бір-бірінің жұмыстарын қарастырып, бұйымды сәндеуде ненің сәтті шыққанын анықтайды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды. | Электронды презентация 2 слайд Электронды презентация 3 слайд Альбом және жұмыс дәптері Электронды презентация 4 слайд 1 Қосымша Қазақтың ұлттық костюмінің ерекшеліктері: https://studwood.ru/760866/kulturologiya/osobennosti_vneshniy_kostyuma Әртүрлі материалдар, жобалық бұйымды сәндеуді орындауға арналған құрал-жабдықтар | |||||||||||
Сабақтың соңы 1-2 минут | Рефлексия Оқушыларға сабақтағы іс-әрекеттің қаншалықты ұнағанын жетон түсімен көрсету ұсынылады: барлығына екі түсті - жасыл және сары жетон ұсынылады. Жасыл түсті жетонды таңдау кезінде оқушылар сабақтың оларға өте ұнағанын түсінеді, сары жетонды таңдағаны – сұрақтың болуы немесе кейбір нәрсенің түсініксіз болғаны. | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады. | Өзін -өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.
| Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
1 Қосымша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!