Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру.

Оқу мақсаты:

8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау.

Сабақ мақсаты:

 Оқушылар сәндеу әдіс-тәсілдерін анықтай отырып, өз бұйымдарын сәндік ою-өрнек элементтерімен әшекейлейді, сонымен қатар дизайнның жетілдірілетін тұсын анықтау үшін жобалық жұмысқа талдау жасайды.

  • Ұйымдастыру кезеңі

 Мұғалім бұл сабақты белсендендіру үшін үлкен қағаз парағын немесе флипчарт, сонымен қатар оқушыларға арналған графикалық материалдар дайындауы қажет. Бұл тәсіл оқушыларға сабақ қорытындысын жақсы түсінуге ықпал етеді.

  • Мақсатты тұжырымдау

Өткен сабақтағы оқушылардың жазбалары оларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектеседі.

  • Сыныппен бірлескен әңгіме

Оқушылар бірлескен әңгімеде келесі сұрақтарды қарастырады:

  • Неліктен жобалық бұйымды безендіру бейнелілік құралы болып табылады?
  • Сәндік көркемдеу үшін қандай тоқыма материалдарын немесе фурнитураны пайдалануға болады?
  • Жобалық бұйымды сәндік көркемдеудің қандай тәсілдерімен түрлендіруге болады?
  • Бұйымды көркемдеу үшін қазақ ою-өрнектерінің қандай түрлері мен элементтерін қолдануға болады? Бұл әңгімені оқушылардың барлығымен бірге немесе топтарда талқылауға болады, сонымен қатар олардың бір сұрақты таңдауын ұсынуға болады.
  • Миға шабуыл

Топтағы оқушылар өз жұмыстарын қарастырады, және өз жобалық бұйымын сәндеу үшін қандай тәсілдер мен материалдар таңдауға болатынын ойланады. Бір-біріне сәндеудің әртүрлі үлгілерін көрсетеді, олардың ішінен ең көрнекті әрі әдемісін таңдайды. Бұл белсенділік оқушыларға өз жобалық бұйымына қандай сәндеу түрі келетіні туралы алдын ала ойлануға мүмкіндік береді.

  • Мұғалім түсіндірмесі.

Бұл тапсырмада оқушылар қазақ ұлттық қамзолын сәндеу үшін барқыт, бағалы және жартылай бағалы асыл тастар, жапсырма, алтын, күміс жіптер, монеталар, оқа жіптер қолданылатыны туралы ақпаратпен танысады. Түймелеу үшін метал қапсырмалар пайдаланылады.

 Мұғалім оқушылардың назарын жобалық бұйымын безендіру кезінде әртүрлі сәндік материалдардың шектен тыс қолданылмауы үшін, сезіміне шектеу қоя білу қажеттілігіне назар аудартуы қажет, ызба, страз, сәндік жиек, жапсырма, ою-өрнек, әртүрлі өрнекті, жолақ немесе тор көзді маталар, тор, шифон және басқа материалдармен заманауи тігін бұйымдарын әдемі сәндеп әшекейлеуге болады. Оқушылар жаңа ақпаратпен танысқан соң, әртүрлі қамзол түрлерін қарастыруды және оларды дайындауға қандай материалдардың қолданылғаны туралы ойлануды ұсынуға болады.  

  • Топтық талқылау.

Бұл топтық талқылау оқушыларға жобалық бұйымды сәндеу үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалды таңдауға көмектеседі. Оқушылар топтарда сәндеудің әртүрлі нұсқаларын қарастырады, ең әдемі, сәтті және креативті түрін таңдайды.

  • Тәжірибелік жұмыс. ҚБ арналған тапсырма

Оқушылар келесі реттілікпен тәжірибелік жұмысты орындайды:

  • жобалық жұмысты сәндеп көркемдеудің бағалау критерийлерін бірлесіп талқылайды;
  • құрал-жабдықтарды, қажетті материалдар мен орындау техникасын таңдайды;
  • тігін бұйымын сәндеп көркемдейді.
  • Сабақты қорытындылау

Оқушылар топта бір-бірінің жұмыстарын қарастырып, бұйымды сәндеуде ненің сәтті шыққанын анықтайды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу