Жанартаудың атқылауы. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат құбылыстары

Мектеп: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Көкшетау қаласындағы «физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы

Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д.С.

Күні: 24.01.2020

Сынып: 4 «В»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жанартаудың атқылауы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

4.3.1.1 Өз жұмысын шығармашылық тәсілдермен негізгі идеясын түсіндіре отырып, арнайы терминологияны қолдана отырып, таныстыру.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • арнайы терминалогияны қолданып, жанартаудың макетінің негізінде идея мен жасау жолдарын түсіндіреді және таныстырады;
  • қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тәжірибе жүргізеді.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • өз жұмысын сыныпқа ұсынады;
  • қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тәжірибе жүргізеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

  • жанартау, құрылыс, көшкін, конустық жанартау, қалқанды жанартау

Талқылау үшін сұрақтар:

  •  жанартаулар қандай болады?
  •  қандай жанартауларды «сөнбеген» дейді?

 Құндылықтарды дарыту

Әлем мәдениетінің әртүрлілігіне құрметпен қарау және ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту үшін жағдай жасау.

Бір-бірін тыңдай білу қабілеті. Бір-біріне құрметпен қарау.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих және жаратылыстану.

 АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Оқушылар іс жүзінде үйренгендерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1. Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды сабақтың тақыры және мақсаттарымен таныстыру:

Сабақтың тақырыбы: жанартаудың атқылауы.

  • Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, тәжірибе жүргізу;
  • Арнайы терменалогияны қолданып, жанартаудың макетінің негізінде идея мен жасау жолдарын түсіндіру және таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

20 минут

2 минут

5 минут

6 минут

  • минут

2. Практикалық жұмыс, жұмыс түрі - топтық.

№1 тапсырма.

Оқушыларға өткен сабақта жасаған жанартаудың макетінің жан-жағын безендіру үшін әр-түрлі пішіндер мен материалдар әкелу тапсырылған. Соған орай әр топтың оқушылары өткен сабақтың соңында кімнің қандай материал әкелетіні жайында ақылдасқан болатын.

Оқушылар өз топтарында қолдарында бар материалдармен жанартаудың жиегін безендіруге кіріседі. Жұмыс барысында оқушылар ыстық желіммен жұмыс істейтін болғандықтан, алдымен қауіпсіздік ережесін естеріне түсіріп өту қажет.

Алдымен оқушылар бар материалды қалай қолдану яғни орналастыру керектігін ақылдасып, содан соң ыстық желіммен жабыстыруды бастайды.

Жұмыс барысында мұғалім әр топтың жанына жақындап, әр оқушының іс-әрекетін бақылап жүреді.

Саралау:

Қажеттілігіне қарай мұғалім өз тарапынан көмек көрсетеді.

Берілген тапсырманы орындау үшін 20 минут уақыт беріледі.

Уақыт аяқталған соң әр топ өз жұмыс орындарын жинастырып, макеттерін дайындайды.

_________________________________________________

Жанартаудың атқылап жатқан дыбысын тыңдау.

Мұғалімнің сұрағы: балалар, бұл дыбыс, ненің дыбысы деп ойлайсыңдар?

/оқушылардың болжам сұрақтарын тыңдау/

3. Топтық талқылау, жұмыс түрі-топтық.

№2 тапсырма.

Әр оқушы жасаған макеттері бойынша өз тобының жанына отырады.

Мұғалім:

Балалар, біз сіздермен екі сабақ көлемінде жанартаудың макетін жасадық.

Қазір сіздерге жалпы осы бөлім бойынша тапсырма беріледі. Берілген карточкаларда әр топқа арналған сұрақтар бар.Топтарыңызда бір минут ақылдасып берілген сұрақтарға жауап бересіздер.

Сұрақтар:

1-топ.

Жанартау неліктен атқылайды?

2-топ.

Жанартаудың макетін жасау үшін қандай материалдар қолдандық және қандай кезеңдер орындадық?

3-топ.

Жасаған макеттеріңізде жанартаудың атқылауын көрсету үшін , қандай тәжірибе жүргізу қажет?

Қажетті материалдар мен кезеңдерін түсіндіріп беріңіздер.

Бір минут уақыт аяқталған соң, 1-топтың басшысы өз сұрақтары бойынша жауап береді.

Қалған екі топ 1-топтың жауабын берілген дескрипторлар арқылы бағалап тұрады.

Қалыптастырушы бағалау:

Ортадағы топ өз сұрақтарына толық жауап берген соң, қалған екі топ өз бағалауларын ортаға салады.

Қалған топтар да дәл осындай іс-әрекеттер орындайды.

1-топтың жұмысын тексеруге арналған дескрипторлар:

- сұраққа толық жауап береді;

- жауаптары анық және түсінікті;

- арнайы терминдерді қолданады;

2-топтың жұмысын тексеруге арналған дескрипторлар:

- макетті жасу үшін қолданған материалдарды атайды;

- жұмыстың орындалу кезеңдерін дұрыс айтады;

- арнайы терминдерді қолданады;

3-топтың жұмысын тексеруге арналған дескрипторлар:

- тәжірибеге қажетті материалдарды толық атайды;

- материалдарды қандай мөлшерде және қандай реттілікпен

қолдану керектігін айтады;

- арнайы терминдерді қолданады;

Әр топ өз жауабын берген соң, мұғалім тарабынан кері байланыс беріліп отырады.

4. Тәжірибе жасау:

Тәжірибеге кіріспес бұрын, мұғалім материалдармен жұмыс істеу қауіпсіздігін ескереді. Әр топ үшінші топтың берген жауабына сай тәжірибе жасауға дайындалады. Ең алдымен бірінші топ өз тәжірибесін жасайды. Қалған екі топ жасалған жұмысқа кері байланыс беріп отырады.

Жанартаудың атқылауына қоспа дайындау. Қоспаны жасау барысы:

  •  Бөтелкенің аузына жылы суды құямыз;
  •  Жарты қасықтай қызыл түсті гуашь қосамыз;
  •  1 шай қасық сұйық сабын қосамыз;
  •  1 шай қасық лимон қышқылын қосамыз;
  •  1 шай қасық ас содасын қосамыз.

… бірнеше минуттардан соң, отты жанартау атқылай бастағанын байқаймыз.

Әр топ өз кезегімен тәжірибе жүргізеді. Тәжірибе жүргізу барысында мұғалім оқушылардың қауіпсіздігін бақылап отырады.

Қауіпсіздік техникасы туралы ескерту.

5. Өзін-өзі бағалау: әр топ өз тәжірибесі бойынша берілген карточкаларға сүйене отырып, өзін-өзі бағалайды.

Жасыл түсті крточка: бұл тәжірибе жақсы шықты, себебі...

Сары түсті карточка: бұл тәжірибені жақсартуға болады, егер...

Сабақтың мақсатына оралу. Тақтада сабақтың мақсттары көрсетіліп тұрады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақтың мақсатына жеткен/ жетпегенімізді анықтау.

6. Кері байланыс.

- Тәжірибе жасау кезінде қандай әсер алдыңыздар?

- Қандай қиыншылықтар кездесті? Неліктен?

Ыстық желім, қайшы, сорғыш, гуашь, қылқалам, су құятын ыдыс және әр түрлі шағын ойыншықтар.

Аудио дыбыс

Сода, уксус, сабын сүйық, жылы су, қызыл гуашь бояуы, қылқалам.

Сұйық сабын немесе ыдыс жуатын сұйықтық, ас содасы, гуашь, жылы су және сірке суы.

Сабақтың соңы

1 минут

7. Рефлексия:

Бүгінгі сабаққа қатысты көңіл-күйлеріңізді қысқыша айтып берсеңіздер.

Барлықтарыңызға рахмет, жақсы жұмыс жасадыңыздар, жұмыс орындарыңызды жинастырыңыздар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Көпшілігі мұғалімнің көмегіне жүгінеді. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды.

Бір-бірін бағалау.

Мұғалімнің байқауы.

Дескрипторлар бойынша

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сірке суының қауіпсіздігі жайында ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1-топтың жұмысын тексеруге арналған дескрипторларлар:

- сұраққа толық жауап береді;

- жауаптары анық және түсінікті;

- арнайы терминдерді қолданады.

2-топтың жұмысын тексеруге арналған дескрипторларлар:

- макетті жасау үшін қолданған материалдарды және кезеңдерді атайды;

- жұмыстың орындалу кезеңдерін дұрыс айтады;

- арнайы терминдерді қолданады.

3-топтың жұмысын тексеруге арналған дескрипторларлар:

- тәжірибеге қажетті материалдарды толық атайды;

- материалдарды қандай мөлшерде және реттілікте қолдану керектігін

айтады;

- арнайы терминдерді қолданады;

Бұл тәжірибе жақсы шықты, себебі...

Бұл тәжірибені жақсартуға болады, егер...

1-топ

2-топ

3-топ

1 топ

Жанартау атқылауы

Жердің ішкі құрылысы 3 бөліктен  тұрады:

Жердің астындағы температура жоғары болғандықтан қысым пайда болады. Осы қысым жердің бетіне шығады. Сол кезде жанартауды атқылауы пайда болады. Жердің астындағы мантия жер бетіне лава болып шығады. Жанартау атқылаған кезде лава, күл және жердің астынан әр түрлі тастар шығады.

2 топ

Қатты қағаз, 0,5л бөтелке, газет, скотч, гипс бинті және гуашь.

Ең алдымен біз қатты қағаздың үстіне 0,5 бөтелкені скотчпен жабыстырдық. Содан соң газетті умаждай отырып бөтелкенің маңыйына таудың бішінін келтіріп жатыстырдық.Сыртынан скотчпен басып шығып, гипс бинтін суға малып отырып таудың үстіне жабыстырдық. Гипс қатқан соң, гуашьпен боядық.

3-топ

Жанартаудың атқылауына қоспа дайындау. Қоспаны жасау барысы:

  •  Бөтелкенің аузына 200 гр жылы суды құямыз;
  •  Жарты шай қасықтай қызыл түсті гуашь қосамыз;
  •  1 шай қасық сұйық сабын қосамыз;
  •  1 шай қасық лимон қышқылын қосамыз;
  •  1 шай қасық ас содасын қосамыз.

… бірнеше минуттардан соң, отты жанартау атқылай бастағанын байқаймыз.

1-топ: Жамиля, Бейбарыс, Алижан.

2-топ: Аяулым, Баян, Есен

3-топ: Зере, Ардақ, Наргиз

1. Аудио Жанартау атқылау. Балалар бұл ненің

дауысы?

2. Жалпы 5 бөл б/ша тапсырма.Сұрақтар тарату. 1 мин

3. Сұрақтарға жауап беру және бірін-бірі бағалау. 5 мин. 11:21 аяқтау.

4. Кері байланыс беру.

5. Тәжірибені жасау.

6. Әр топ өздерін жасыл,сары карточкамен бағалап,

тақтаға іледі. 6 мин. 11:27 аяқтау.

7. Сабақтың мақсатына оралу.Презентация.

8. Кері байланыс.

- Тәжірибе жасау кезінде қандай әсер алдыңыздар?

- Қандай қиыншылықтар кездесті? Неліктен?

1-топ.

Жанартау неліктен атқылайды?

2-топ.

Жанартаудың макетін жасау үшін қандай материалдар қолдандық және қандай кезеңдер орындадық?

3-топ.

Жасаған макеттеріңізде жанартаудың атқылауын көрсету үшін , қандай тәжірибе жүргізу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу