Қоршаған ортадағы ғимарат. Аяқтау. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Қоршаған ортадағы ғимарат. Аяқтау» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру және 3.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттарын жүзеге асыру аясында оқушылар көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытады (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру).
Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге (терминалогияға) және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.
Осы сабақ барысында оқушылар өткен сабақта жасаған жұмыстарын жалғастырады, «Ертегі қамалы» ландашафтты дизайнын аяқтайды.
Қажетті материалдар
Ғимарат макетін жасауға қажетті материалдар: ескі картон қораптар, қағаз, қатты қағаз, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.
Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат
Ландщафтық дизайн - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта архитектуралық және скульптуралық элементтермен, су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнері.
Алқағаштар түрлері
Тоғайлар. Кең ауқымды кеңістігі бар аумақтарға кішігірім тоғайлар құруға болады. Ол демалатын және қыдыратын орынға қолайлы көрініс пен салқындық береді. Тоғайлардың бір ерекшелігі олар бір түрге жататын ағаштар тобы және қиылыспайды. Бұталар және ағаштар топтарына фон ретінде отырғызылуға берілген тип жиі қолданылады. Тоғай арқылы аққан табиғи өзен сіздің бақшаңызға ғажайып әсемдік береді.
Топтап отырғызулар орман массивтері немесе бақшадағы көгалдандыру және газонда қолданылады. Топтастырылған ағаштар көзқараспен қамтылған түгел үй және бір бүтін сияқты орналасуы қажет. Осындай мақсатта желектер мен жапырақтардың әсемдік пішіндегі түрлері алынады. 3 – 10 және одан да көп қайың, жөке, ақ терек топтары барынша көркем көрінеді.
Жасыл қоршаулар және бордюрлераумақтағы сыртқы көзқарастармен сақтайды, басқа функциялар қатарларын толықтырып, өсімдіктерге қолайлы климат құрады.
Жеке ағаштар (солитер). Солитер дегеніміз жалғыз отырғызылған ағаштар немесе бұталар. Олар көбінесе сәндік бағытта отырғызылады. Сондықтанда олар топтық өсімдіктер фонына отырғызылады және ол пішінімен, жапырақ түсімен, гүлденуімен жәнежемістерімен басқа ағаштардан ерекшеленіп тұрады.
Ландшафтық гүлзарлар
Әрбір бағбан өзінің аумағында керемет хош иіс беретін гүлдердің және әр түрлі гүлдердің кемпірқосақ жасап, оның үстінде көбелектердің болуын қалайды. Гүлзарлар баққа қайталанбас көріктік беріп тұрады. Клумбаларға дұрыс өсімдік таңдау үшін, ұзақ уақытқа шыдайтын гүлдердің хош иістері және ерте көктемнен соңғы күзге дейінгі гүлдерді өсіру керек. Гүлзарлық композицияны көпжылдық және біржылдық екпелермен құруға болады, сол сияқты гүлзарлар бірмезгілді және көпмезгілді болады. Көпжылдық клумбаларда көзге тартымды және көп мезгілге жететін ғана сорттар болуы тиіс. Сәндік өсімдіктерді ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік мысалы, дәрілік өсімдіктерді қолдануға болады. Бірінші кезекте гүлзарлар өздерінің жанындағы ағаштармен, бұталармен, жолдармен, құрылыстармен, су қоймаларымен т.б. сәйкес келуі керек. Егер аумаққа көп клумбалар құратын болсақ, онда олар дұрыс пішін бермейді. Қолайлы жағдайларда өзіңді жақсы сезіну үшін түрлі өсімдікті қолданып, су қоймаларының жанына гүлзарлық композиция құруға болады. Композицияны бір немесе әр түрлі гүлдермен жасауға болады. Негізгі контраст ретінде құрылған композициялар тыныштандыруға қолайсыз, сондықтан бесеткалар мен демалатын орындар аз сәйкес келеді.
Су қоймалары
Тоған, байлама (пруд) Жай түрлерді пайдаланады. Ол табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи түрден айырмашылығы, сумен толтырылады, жолдың астынан және жаңбырдан, содан кейін оның, толық жағдайын көтеріп алып, табиғаттың барлық жағдайын жасау. Қиынырақ болса да, бәрі бір.
Басты талаптар қолайлы орындар болып табылады. Келесі учаскеде, орналасады астына қарай, атқылап жатқан суға жақынырақ, жер бетінен келеді. Кейін бу қазаның қазып алып, формаға келтіру тереңдігі 1,5 метр, атқылап жатқан сумен баяулатып толтырады. Бу қазанының мөлшері учасканың ауданына жауапты. Су толтыру мақсатында, барлық учаска сулар канавкалар арқылы ағып кетеді. Тоғанға күн шуақты орынды таңдау, көлеңке жер емес. Тез өсуі, олардың жандарына, үлкен үлкен масалар қонады. Құрылыстың табиғи түрінде және табиғат материалдары: тас, құм, топырақ. Терең жерге салуға болады, кувшинки және басқа өсімдіктер.
Су бұрқақ (Фонтан )
Соңғы уақытта ең әдемі бақты өсірушілер, солардың арасында бәрі фонтанды жақтайды. Қайткенде, осы учаскеде үлкен арықтарға орын жоқ, тек бассейн және фонтан. Кейбір жүзіп жүретін фонтан ерекше құралады, өте жеңілдік туғызады, әр түрлі қолданған заттар мен ең басты сәндік аумақтың болады.
Ландшафтық дизайн элементтері
Қоршау, дарбаза, есік. Қоршаулар ландшафттық дизайнда сәндік түрінде ғана емес сонымен қатар учаскенің аяқталғанын корсетеді және сол жерді басқа сырт көздерден қорғап учаскенің шекарасын анықтап көрсетеді. Бақты қоршайтын қоршаулар әр түрлі материалдардан жасалады: ағаштан, тастан, қыштан, бетон блоктардан немесе темірден.
Террасса деген үйге жақын орналасқан жер деңгейінде немесе жоғарырақ орналасқан ашық немесе қоршалған алаңша. Терраса демалыс орны болғандықтан оны ыңғайлы жерге орналастыру керек. Терраса салқын, қараңғы жерде болғаны дұрыс. Күннен қорғау үшін террасаны үстін жабқышпен жабу керек. Бақ террасасының көлемі әртүрлі осы жерді құрастырған адамның талғамына байланысты.
Кіші архитектуралық формалар
Кіші архитектуралық формаларды ландшафтық дизайнда аталуы әртүрлі ғимараттар,участікте өзіндік стильімен Бұл ғимараттардың құрамына кіретіндері:аркалар, беседкалар, перголдар, сәндік қоршаулар, бақтық мүсіндер, өткелдер сонымен қатар бақтық жиһаз. Осы элементтер жақсы орналасса, бұл аумақтың басты әсемдігі болып табылады.Кіші архитектуралық форманың көмегімен аумақты бірнеше әртүрлі мақсаттағы белдеулерге бөлуге болады.
Бақтағы жиһаз–аймақтағы безендендіру де ерекше орын алатын элемент. Өте жоғары талғаммен және дұрыс орналастырған стол, кресло,скамейкалар бақты ерекшелендіреді.Оларды бірнеше бөлікке бөлуге де, біріктіруге де болады. Бақтағы жиһазды қоятын орнын дұрыстап орналастыру керек. Ал кең терассаға үлкен жиһаздар қойса болады.
Жарыктандыру. Ландшафтық жарықтандырудын негізгі мақсаты-аймақты участокке архитектуралық құрылғылармен сән беріп және адамдардын ары –бері қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сабақ барысы
Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Оқушылар өткен сабақтың жұмысын жалғастырады, «Ертегі қамалы» ландашафтты дизайнын аяқтайды.
Тапсырма№1:
Жасалған жұмысты талқылау
Алдынғы сабақтарда Ертегі қамалдарына арнап жасаған ландшафт элементтерін оқушылар бір жерге жинайды.
Оқушылармен бірге алдынғы сабақтарда жасаған жұмыстарынын нәтижелерін талданыздар, қажет болса ұсыныстар айтыныздар, жұмысты арғарата жалғастыру үшін жұмыыс реттілігін анықтап алыныздар.
Тапсырма №2
Тәжірибелік жұмыс
Оқушыларға сол топтарында өз қамалдарының макеттеріне арналған ландшафттың дизайнын құруды жалғастырады. Оқушылармен бірге материалдарды қолдану мен жұмыстың орындалу реттілігі туралы талқылаңыз.
Оқушылардың жұмысты жүйелі орындауын қадағалаңыз.
Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын материалдар мен құралдармен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертіңіз.
Тапсырма№3:
Жұмысты таныстыру
Ертегі қамалына арналған ландшафт дизайнын аяқтау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қойылымдық көрмесін ұйымдастыра отырып жұмыстарын таныстырады.
Сабақтағы қауіпсіздік ережелері
Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.
Бағалау
Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.
1 қосымша
Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:
- жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
- оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
- құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
- бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
- жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
- жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
- басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
- жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.
Қайшымен жұмыс жасау кезінде -
- жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
- қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
- қайшыны ашық тастама;
- сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
- қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
- қайшыны керек уақытында пайдалан.
Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -
- жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
- арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
- жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
- ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.
Желіммен жұмыс жасау кезінде –
- желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
- желімді керек мөлшерде ғана ал;
- артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
- жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.
Бізбен жұмыс жасау кезінде –
- бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
- жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
- тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру