Қоршаған ортадағы ғимарат. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Қоршаған ортадағы ғимарат» тақырыбына арналған сабақта 3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру оқу мақсаты қаралады. Аталған оқу мақсатын жүзеге асыру аясында оқушылар көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытады (мысалы, материалдар мен бөлшектерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру)..

 Қажетті материалдар

 Ғимарат макетін жасауға қажетті материалдар: ескі картон қораптар, қағаз, қатты қағаз, моншақтар, страздар, мата, гофрленген қағаз, түрлі түсті қатырма қағаз, түймелер.

 Жалғауға арналған құралдар мен материалдар: қайшылар, тістеуіктер, степлер, ПВА желім және желімнің басқа түрлері, мысалы, «Момент».

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Ландщафтық дизайн - құрамына участокты жобалау және бөлу, белгілі бір климаттық жағдайымен топырағына байланысты өсімдік таңдау, оны участокта бір-бірімен үйлестіру арқылы орналастыру,сонымен қатар аумақта архитектуралық және скульптуралық элементтермен, су қоймаларымен жолдар арқылы аумақты көгалдандыру өнері.

 Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте жұмақ. бұрышын құру.

 Ландшафтық дизайн тарихы Бірнеше мыңжылдап саналады. Оның тамырын Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Ежелгі Римнен және Ежелгі Шығыстан іздеу керек.

 Ландшафтық дизайнның ежелгі формасын жобалауда чектерді жатқызуға болады және ол египеттіктердің үлесі. Ніл өзенінің жағалауындағы бөлінген орындар уақыт өте келе сәнсалтанатты үй маңының бағына айналған. Біздің эрамызға 4-5 мыңжылдықта ауқатты египеттіктердің декоративті бағы туралы мәліметтер сақталған. Ежелгі египеттіктердің бағынан гректердің бағы декоративті және ерекше (көгалдандыру массиві террасса түрінде,безендірудің көптігімен, фонтандармен бұралмалы баспалдақтармен айрықшаланды.

 Орта ғасырда бақтарды және саябақтарды жобалау асаөзгеріске ұшырамады, регулярлы болып қала берді.

 Участоктарды квадраттарға және тікбұрыштарға қажетінше бөлді, ол жерлерде емдік шөптер және жеміс- жидек түрлері өсірілді, бірақта бұралаңқы бір- бірімен қосылған жолдар пайда болды. Көкораймен алқаағштарды орта ғасырда ботаникалық бақ деп айтуға болатын.

 Ландшафтық дизайн стильдері

 Регулярлы стиль. Атақты « күн патшасы» Людовик ХІV-тің атақты болған кезінде Францияда регулярлы стильді жобалау пайда болды. Бақ – саябақ өнерді де, саясатты да астастырып жатыр. Версаль – ол Людовик ХІV-тің қала сыртындағы резиденциясы регулярлы стильдің бақ – саябақ өнерінің жақсы мысалы болып табылады. Керемет сарай барлық композицияның орталығы болып есептеледі. Одан тігінен күтілген аллеялар, жақсы гүлзарлар және түзу кесілген көгалдардың ерекше бір орындары бар.

 Пейзаждық стиль регулярлы стильге қарама – қарсы болады. Табиғи басымдылық мейлінше басым болып келеді. Заңдылығы: бәрі табиғи көрінуі қажет, еш жасандылық болмау керек. Ассиметриялы компановка адамдарды табиғатпен тығыз байланысқа түсіреді. Қатаң симметриялық жобадан шыққан адам бостандықты сезінеді. Оның қозғалысы да еркін болады. Мұндай бақта заттар көлемі мен пішіні жағынан бірдей болмайды. Сондықтан шағын бақ учаскеде табиғи болып көрінеді. Еркін пейзаждық жобалау көп жер жұмыс қажет етпейді. Ешқандай тіреуіш қабырғалар, экрандар, конструкциялар керек емес.

 Жапон стильі – ерекше назар аударылатын бақ – саябақ өнері. Соңғы жылдары Еуропа елдеріне ерекше қолданысқа түсті. Ең алғашқы жапон бақтары данышпандардың діни – философиялық ізденістеріне кездеседі. Ағаштарға, тауларға, сарқырамаға табыну Жапон мемлекетінің мәдениетінде бар. Жапон бағының негізгі мақсаты – адамға қиыншылықтарда жан дүниесін тыныштандыру, басқаша айтқанда жән мен тәннің үйлесімділігін табу.

 Итальяндық стиль – регулярлы стильдің варияциясы. Бұл үлкен вила немесе саябақ айналасы қырқылған жасыл қоршау. Регулярлық стильдегі геометриялық формамен, диогональ немесе тік жолдармен бөлінген. Композицияның центрінде тоғандар және фонтандар,соның маңайы гүлдермен көмкеіледі. Клумба және тоғандар формальді стильде шеңбер, сопақша, квадрат түрінде болады.

 Ландшафтық дизайн элементтері

 Қоршау, дарбаза, есік. Қоршаулар ландшафттық дизайнда сәндік түрінде ғана емес сонымен қатар учаскенің аяқталғанын корсетеді және сол жерді басқа сырт көздерден қорғап учаскенің шекарасын анықтап көрсетеді. Бақты қоршайтын қоршаулар әр түрлі материалдардан жасалады: ағаштан, тастан, қыштан, бетон блоктардан немесе темірден.

 Террасса деген үйге жақын орналасқан жер деңгейінде немесе жоғарырақ орналасқан ашық немесе қоршалған алаңша. Терраса демалыс орны болғандықтан оны ыңғайлы жерге орналастыру керек. Терраса салқын, қараңғы жерде болғаны дұрыс. Күннен қорғау үшін террасаны үстін жабқышпен жабу керек. Бақ террасасының көлемі әртүрлі осы жерді құрастырған адамның талғамына байланысты.

 Кіші архитектуралық формалар

 Кіші архитектуралық формаларды ландшафтық дизайнда аталуы әртүрлі ғимараттар,участікте өзіндік стильімен Бұл ғимараттардың құрамына кіретіндері:аркалар, беседкалар, перголдар, сәндік қоршаулар, бақтық мүсіндер, өткелдер сонымен қатар бақтық жиһаз. Осы элементтер жақсы орналасса, бұл аумақтың басты әсемдігі болып табылады.Кіші архитектуралық форманың көмегімен аумақты бірнеше әртүрлі мақсаттағы белдеулерге бөлуге болады.

 Бақтағы жиһаз–аймақтағы безендендіру де ерекше орын алатын элемент. Өте жоғары талғаммен және дұрыс орналастырған стол, кресло,скамейкалар бақты ерекшелендіреді.Оларды бірнеше бөлікке бөлуге де, біріктіруге де болады. Бақтағы жиһазды қоятын орнын дұрыстап орналастыру керек. Ал кең терассаға үлкен жиһаздар қойса болады.

 Жарыктандыру. Ландшафтық жарықтандырудын негізгі мақсаты-аймақты участокке архитектуралық құрылғылармен сән беріп және адамдардын ары –бері қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 Сабақ барысы

 Алдын ала оқушыларға өздерімен бірге сабаққа түсті қағаз, желім, қайшы, жасанды гүл элементтерін, тастар, түсті ермексаз, құм, сәндік таяқшалар әкелу керек екенін айтыңыз.

 Сыныпта, оқушыларға жеке ғимараттардың суреттерін және саябақ ортасында орналасқан ғимараттардың суреттерін суреттерін тақтаға іліп қойыныз (мүмкіндік болса презентация арқылы көрсетуге болады). Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

 Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?

 Суреттерде не бейнеленген? Ғимараттар бір бірінен несімен ерекшеленеді?

 Ғимарат манайндағы бақшаны кім жобалайды? Олар қандай элементтерден тұрады?

 Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

 Тапсырма№1:

 Ландшафт элементтерімен танысу, талқылау

 Оқушыларға ландшафт дизайны туралы бейнематериал көрсетіңіз (мысалы келесі бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=L4gs9ZmNK6s).

 Оқушылармен ландшфтты дизайнның заманауи және тарихи аспектілерін талқылаңыз, оларды салыстырыңыз, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табыңыз.

 Оқушылардың назарын ландшафтты дизайнның түрлі элементтеріне назар аудартыңыз: субұрқақ, кіші архитектуралы және мүсіндеу пішіндері, газондар, гүлбақтар, көпірлер, қоршаулар және т.б.

 Тапсырма №2

 Ландшафт эллементтерін жасау жолдары

 Оқушыларды ғимарат макеттерін орындау кезінде ландшафт элементтерін жасау техникаларымен және қажетті материалдармен таныстырыныз. Презетациядағы материалдарды, дидактикалық материалдарды қолдануға болады немесе бейнеролик көрсетіңіз.

 Оқушыларды мына сілтемені http://masterclasy.ru/2340-loshad-svoimi-rukami-origami-master-klass-s-poshagovymi-foto.html қолдана отырып, табиғи элементтердің шынайы фактурасын беру үшін материалдарды тиімді пайдалануға бағыттаңыз.

 Оқушылардың назарын түрлі табиғи элементтердің эффектін жасаудың әртүрлі тәсілдеріне аудару ұсынылады:

 құмды жердің көрінісін беру үшін үшін ПВА желімін қолдануға болады, оны керекті аумақ негізіне жағып, үстінен құм себуге болады;

 шөптің эффектін беру үшін майдалап кесілген жасыл тоқыма жібін қолданып, негізге желімдеуге болады. Ермексаз бен ландшафтты сәндейтін қағаздан сәндік көпіршелер құруға болады.

 Оқушылар ландшафт эллементтерін макетте жасау әдімтерін мұқият қарастырады, макетте сол бөлшектерді орындау үшін қажетті материалдарды анықтайды, өз ұсыныстарын айтады.

 Тапсырма №2

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушыларға сол топтарында өз қамалдарының макеттеріне арналған ландшафттың дизайнын құруды ұсыныңыз. Оқушыларға жұмысты жылдамдату үшін бағыттаушы сұрақтар қойыңыз.

 Оқушылар осы сабақта ландшафтты дизайнның элементтерін жасай бастайды. Оқушыларға бұл жұмыс келесі сабақта жалғастырылатындығын ескертініз.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу