Қоршаған ортадағы ғимарат. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Сәулет

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған ортадағы ғимарат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 Нақты дәлдігіне жетіп материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

 Сабақ мақсаттары

  • Ландшафт дизанының элементтерін анықтайды;
  • Ертегі қамалына арналған ландшафт элементтерін орындайды.

 Бағалау критерийлері

  • Жұмыс орның дұрыс ұйымдастырады;
  • Ландшафт элементтерін орындау барысында тәжірибелік дағдыларын көрсетеді (қияды, өлшейді, белгілейді).

 Тілдік мақсаттар

 

Сәулетті ғимараттардың ерекшеліктерін сипаттайды,

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ландшафт дизайны туралы не білесіз?
  • Бұл нысандар саған нені елестетеді?

Неліктенайта аласың ба?

  • …бұл түс осы нысанға сәйкес келеді ме?

… заманауи ландшафт ежелгіден ерекшеленеді ме?

 Құндылықтарды

 дарыту

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану

 АКТ қолдану

 дағдылары

АКТ-ны сабақ барысында қолданбайды.

Бастапқы білім

Қоршаған ортағы табиғи және сәулеттік элементтермен таныс (мүсін, сәндік гүлдер, күркелер және т.б.) туралы ақпаратпен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сыныпта, оқушыларға жеке ғимараттардың суреттерін және саябақ ортасында орналасқан ғимараттардың суреттерін суреттерін тақтаға іліп қойыныз (мүмкіндік болса презентация арқылы көрсетуге болады). Оқушыларға сол суреттерге назар аударуларың сұраңыз. Оқушыларды бағыттау мақсатында келесі сұрақтарды қойыныз:

  • Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
  • Суреттерде не бейнеленген? Ғимараттар бір бірінен несімен ерекшеленеді?
  • Ғимарат манайндағы бақшаны кім жобалайды? Олар қандай элементтерден тұрады?

Оқушылар жауап бергенен кейін, бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

Тапсырма№1:

Ландшафт элементтерімен танысу, талқылау

Оқушыларға ландшафт дизайны туралы бейнематериал көрсетіңіз (мысалы келесі бейнеролик https://www.youtube.com/watch?v=L4gs9ZmNK6s).

Ландшафтық дизайн, бақ саябақ өнерін ұйымдастыру

сияқты участокты жобалауды, белгілі бір өсімдік пішіндерімен үйлесімін, декоративті төсемдер, жарықтандыру және басқа құралдарды қолдана отырып шектеулі кеңістікте жұмақ бұрышын құру.

Ландшафтық дизайн тарихы Бірнеше мыңжылдап саналады. Оның тамырын Ежелгі Египет, Ежелгі Греция, Ежелгі Римнен және Ежелгі Шығыстан іздеу керек.

Оқушылармен ландшфтты дизайнның заманауи және тарихи аспектілерін талқылаңыз, оларды салыстырыңыз, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табыңыз.

Оқушылардың назарын ландшафтты дизайнның түрлі элементтеріне назар аудартыңыз: субұрқақ, кіші архитектуралы және мүсіндеу пішіндері, газондар, гүлбақтар, көпірлер, қоршаулар және т.б.

Тапсырма №2

Ландшафт эллементтерін жасау жолдары

Оқушыларды ғимарат макеттерін орындау кезінде ландшафт элементтерін жасау техникаларымен және қажетті материалдармен таныстырыныз. Презетациядағы материалдарды, дидактикалық материалдарды қолдануға болады немесе бейнеролик көрсетіңіз.

Оқушылар ландшафт эллементтерін макетте жасау әдімтерін мұқият қарастырады, макетте сол бөлшектерді орындау үшін қажетті материалдарды анықтайды, өз ұсыныстарын айтады.

Тапсырма№3:

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға сол топтарында өз қамалдарының макеттеріне арналған ландшафттың дизайнын құруды ұсыныңыз.

Оқушыларға жұмысты жылдамдату үшін сұрақтар қойыңыз:

Қандай көгалдандыру қолданасыз: ағаштар, шөптер, көгал, гүлдер, бұталар?

Қандай элементтерді қоса аласыз: мүсін, субұрқақтары?

Қамалға барар жол қайда орналасады?

Оқушылар топта ланшафтты дизайнның қандай элементтерін жасайтынын анықтап, қандай материалдар қолданатындығы туралы талқылайды.

Оқушылар осы сабақта ландшафтты дизайнның элементтерін жасай бастайды. Оқушыларға бұл жұмыс келесі сабақта жалғастырылатындығын ескертініз.

Ландшафт дизанының басты элементтері:

https://dizaynland.ru/ozelenenie/elementy-landshaftnogo-dizajna

Әртүрлі материалдардан жасалған ландшафт элементтері:

https://www.bestmaket3.ru/ochnoe-obuchenie/probnoe-zanyatie/

Қажетті материалдар:

әртүрлі заттардан босаған қорап, қағаз қол сүртетін сүлгіден босаған картонды целиндр т.б. Түрлі түсті ермексаз, қағаз, картон, желім, қайшы, маркерлер мен қарандаштар.

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар жұмыс орнын жинастырады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету. Кейбір оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.

Бір-бірін бағалау.

Жетістік критерийлер бойынша бағалау.

Мұғалімнің байқауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу