«Таңғажайып көліктер». Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:Өнер

5 бөлім «Саяхат»

Тақырып «Таңғажайып көліктер»

Мектеп:

Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Дюсенова Г. Г.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқытумақсаты

  • Өзіндік және жинақталған тәжірибелер негізінде, қарапайым тәсілмен шығармашылық идеяларын дамыту және жасау
  • Көркем туындылардың кейбір сипаттамасын түсіне және жеткізе білу

Жетістік критерийлері

  • Топтық талқыға қатысып, ерекше таңғажайып көлікті жасауға қатысты шығармашылық ойларын дамытса;
  • Көлікке жеткілікті мөлшерде өзгертулер енгізсе, жаңа бөліктер қосып, қойылған мақсатты өнерпаздық тұрғыдан, қиялдап, елестетіп орындаса.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Көліктерді бейнелей алады;
  • Көлік үлгісінің нобайын негізгі элементтеріне кейбір өзгертулерғана енгізіп көрсете алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Пішін мен түсті өзгертудің шығармашылық жағын қарастырып көлік түрлерінің ерекшеліктерін бейнелей алады;
  • Жаңа бөлшектері бар көліктің жаңа үлгісін қалыптастырып, нобайын жасай алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

  • Құрылыммен пішіннің ерекшеліктерін еске алып, көлік құралдарын талдай алады;
  • Жаңашылдықпен ерекшеленетін көлік нобайын құрай алады.

Тілдікмақсаттар

Оқушылар:

Жаңа үлгіні өзгерту мен толықтыру мақсатында көлік түрлерінің негізгі сипаттамаларын бейнелей алады. Осында оқушылар келесідей сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Диалогта қолданатын тіл:

Талқылауға салынатын сұрақтар:

  • Жер мен судан өтіп, тікелей ұша алатын ұшақтың қай бөлшектерін өзгертуге болады?
  • Таңғажайып көлік жасау үшін жеңіл автомобильді қалайша өзгертуге болады?

Кілттік сөздер: таңғажайып көлік, бөлшектер, қозғалу, нобай.

Алдыңғы білім

Түрлі әдістерді қолданып жылқының маскасын жасау

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-шаралар

Дерек көздері

Сабақтың басы:

2 мин

Сабақтыңтүрі: жаңабілімдердімеңгеру

  • Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою.

Сабақтың басында түрлі көлік құралдарының аудио жазбасын қойып, келесідей сұрақ қою:

Сіздердің ойыңызша сабақтың тақырыбы қандай болады?

Басында оқушылар өздері дыбыстарын естіген көлік түрлерін атап шығулары мүмкін, бірақ аяғында бір «көлік» сөзімен атайды.

Дұрыс, сабақтың тақырыбы көлікке арналады, бірақ қарапайым емес, таңғажайып көлікке арналады!

Көлік деп нені атаймыз, соны анықтайық? Оқушылардың жауаптарын естіп, осы сөзге келесідей анықтама берейік:

Көлік-бұл кез келген қашықтыққа адамның жер ауыстыруы үшін арналған құрал.

Көліктің аудио жазбасы

4 мин

5 мин

  • Көлік түрлерімен танысу (логикалық сұрақтар, суреттер бойынша алдыңғы жұмыс):

Әр түрлі көлік түрлерінің бейнелерін қарап шығу: әуе, жер үсті, су, жер асты.

Оқушыларға қойылатын сұрақ:

- Суретте нені көріп тұрсындар?

- Берілген көлік түрлерінің айырмашылықтары неде?

Оқушылар бірден көлік түрлерінің атауларын анықтай алмаса, бастапқыда етістікке негізделген логикалық сұрақтар қатарымен оқушылардың ойлауын белсендіріп, жақын даму аймағын жасауға болады. Осы әдісті тек бір ғана рет ұшақтың мысалында қолдануға болады, кейін оқушылар көлік түрлерін өз бетімен атайды.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендіру үшін және өз бетінше жауаптар алу үшін, жауаптарды етістіктермен байланыстырыңыз (келесі жолы осы барлық сұрақтарды қою қажет емес, бұл сұрақтарды ойлаудың үлгісі ретінде қарастыру керек), мысалы:

Мұғалім:

- Ұшақ не істейді?

Оқушылар:

-Ұшады

Мұғалім:

-Ұшақ қайда ұшады?

Оқушылар:

- Аспанда

Мұғалім:

- Егер аспанда ұшса, ... (әуеде) де ұшады деген сөз немесе сөйлемді былайша құру керек:

- Аспан (әуе) деген не?

Мұғалім:

-Ұшақ қай көлік түріне жатады?

Оқушылар:

-Әуе көлігі.

  • Содан кейін фильмдерден бейне үзінділер көрсету, мысалы, «Chitty-Chitty-Bang-Bang» («Пиф-паф-ой-ой-ой»), «Котобус», «Құтқарушы» мультфильмдерінен үзінділер көрсету. Қандай таңғажайып көліктер бар екенін қараңдар. Өздерің қандай ерекше көлік ойлап таба аласыңдар?

4. Топтық жұмыс

Класстағы оқушыларды «Тосын сый» әдісін қолданып бөлу. Партаның астына пойыздың, ұшақтың, кеменің және автомобильдің бейнелері бар карточкалар салу. Осылайша, 4 топ пайда болады.

Қалыптастырушы бағалау: топтардағы тапсырма, бақылау, оқушыларға сұрақ қою.

3 минуттың ішінде әр топ өз көлік түрін сипаттайтын қысқаша әңгіме-баяндау және жаңа таңғажайып үлгі жасау үшін көлікті қалайша өзгерту керектігі бойынша өз ұсыныстарын дайындайды.

Мұғалім:

- Көліктеріңізді мұқият қарастырып, оны таңғажайып көлікке айналдыру үшін несін өзгертуге болатынын, қай бөлшектерін өзгертіп, қайсысын толықтыру керектігін ойластырыңдар?

Оқушыларға көмектесу үшін тақтаның экранында келесі сұрақтар қатарын көрсетіңіз:

  • Менің көлік құралым қалай жұмыс жасап, қалайша жылжиды?
  • Ол неге ұқсайды?
  • Ол қайда бет алды?
  • Онда/оны мен кім саяхат жасайды?

Оқушылар көлікті мұқият қарастырады, құрылымы пішінінің, түсінің т.б. ерекшеліктерін сипаттайды. Топтар дайын болғаннан кейін олар сыныппен өз шығармашылық ойларымен бөліседі.

  • Сыныпқа көлікті ұсыну (әр топ 1-2 минуттан)
  • Тәжірибелік жұмыс – таңғажайып көліктің нобайын жасау (жұптық жұмыс)

Оқушылар сыныптағы барлық сыныптастарымен жұмыс жасай алуы қажет, сондықтан оларға өздеріне басқа топтан жұп таңдауға ұсыныс жасаңыз, мысалы, жұп жер үсті көлік тобынан бір оқушы мен әуе көлігі тобынан бір оқушыдан құралады.

Мұғалім:

-Таңғажайып көліктің нобайын салыңыз. Егер бірден ерекше көлікті ойлап табу қиынға соқса, онда негізге көліктің бір түрін, мысалы, автомобильді алып, сіздің таңғажайып автомобиліңіз қандай қасиетке ие болу керектігін ойластырыңыз, мүмкін әуе көлігінің бөліктерін қоса аласыз. Осыған байланысты оның бөлшектерінің орындарын ауыстырып, жаңа бөліктер қосыңыз, жаңашылдықпен ойлап табыңыз, қиялдаңыз!

Саралау:

Жұптағы кейбір оқушыларға үлестірме материал– жаңа бөлшектерді қосып, негізінде көліктің жаңа түрін жасауға болатын көліктің корпусының бейнесін таратыңыз.

Оқушылар жұмысқа кіріскенге дейін олардың назарын суреттің композициясына аударту керек, қағаз пішіміндегі бейненің мөлшері қандай болу керектігін, оны қалайша орналастыру керектігін сұрау қажет.

Оқушылар жұпта сурет салатындықтан және суретте ойлап тапқан көліктің бөлшектерін көрсету қажет болғандықтан, А3 немесе үлкенірек қағаз пішімін қолдану қажет. Көлемдірек суретте оқушылар бөлшектерді оңай сала алады және келесі сабақта жұмысты жеңіл тәмамдай алады (бояумен немесе коллаж түрінде).

Жұмыс барысында көліктің кәдімгі түрлерінің жай ғана көшірмесі болмас үшін оқушылардың суреттерін қадағалап отыру керек.

Көлік түрлері бейнелерінің қатары: жер үсті, әуе, су, су асты, жер асты.

Таңғажайып көлік құралдары жайында ақпарат көздері, мысалы Леонардо да Винчидің ұшу құралдары

http://www.flyingmachines.org/davi.html

А3 пішімді қағаз немесе осы пішімді альбомдар

Жай қарындаштар

Доңғалақтары бар жылжымалы ойыншықтар

«Chitty-Chitty-Bang-Bang» фильмі трейлерінің бейне үзіндісіне сілтеме:

https://youtu.be/3y2yXghe1Kw

«Құтқарушылар»мультфильмінің үзіндісіне сілтеме:

https://youtu.be/yfbJn_F5IFo

Сабақтың соңы

5 мин.

  • Оқушылардың уәждемесін арттыру мақсатымен нобайларды (эскиздерді) үстел үстіне жайып қою немесе тақтаға іліп қою. Әр оқушы біртүсті, мысалы, жасыл стикермен таңғажайып көліктің нобайын бағалайды. Осы жұмыстар неліктен стикерлер мен белгіленгенін шағын талқыға салу, мүмкіндігінше стикерлер мен белгіленбеген суреттерге баса екпін түсірмеу.

Оқушыларға олар қызықты көлік құралдарын жасап шыққандарын айту, жұмыс келесі сабақта жалғасатынын айту.

Оқушыларға жұмыстары үшін ризашылық білдіру.

Үй тапсырмасын беру – гуашь, қылқаламдар, суға арналған ыдыс, коллаж үшін ескі түрлі-түсті журналдардың кесінділері, түрлі-түсті қағаз, қарындаш-желім, қайшы әкелу.

Қосымшаақпарат

Бөліп оқытукөбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

 Бағалау–Оқушылардыңбілімінқалайтексересіз?

Пәнаралық байланыс

қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтар

Нашар оқушыларға алғашқыда жемістерден жасалған бедерлеме жасауға тапсырма беру керек. Әр топта алғыр оқушылар болатындай топтар құру қажет.

  • Оқушыларды бағалау;
  • Тәжірибелік бөлімде де жасалған тапсырма материалдың қаншалықты меңгерілгенін көрсетеді.

«Көлік» тақырыбы бойынша өзге пәндермен байланыс

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқытумақсаттары шынайы болдыма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаны сөз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшінпайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар сабақтың мақсаттарына жетті, ойдан шығарылған көлік әмбебап болып, аспанда ұшып, жер мен судан өте алады, жаңа бөлшектері бар қызықты нобайлар жасалынды.

Сабақтағы жағдай шығармашылыққа толы болды, оқушылар белгілі көлік түрлерінің таңғажайып көлік түрлеріне айналу мүмкіншіліктерін жанды талқыға салды.

Бөліп оқыту сабақ барысында жүзеге асты, себебі кейбір жұптар жұмысқа тікелей кірісе алмады, ал үлестірме материал болашақ көлікті елестетіп, шағармашылық ойларды дамытуға көмектесті.

Сабақты уақытында тәмамдадым, бірақ нәтижесінде пайда болған нобайларды көбірек талқылауға болар еді, себебі оқушылар әр суретті талқыға салғылары келді.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз(оқытуға және үйренуге қатысты)

1: топтардағы талқылау;

2: тәжірибелік жұмыс.

Қандай екі дүние сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?(оқытуға және

 үйренуге қатысты)

1: нәтижесінде пайда болған жұмыстарды талдау;

2: жұптағы жұмыс, себебі кейбір оқушылардың жеке сурет салғылары келді.

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу