Таңғажайып көліктер. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

-бөлім саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кенесарина Д.С.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Таңғажайып көліктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.6 Дереккөздер және зерттеулер

3.2 Өнердегі әдіс-тәсілдерді талдау

1.1.6.1

  • өзіндік және жинақталған тәжірибелер негізінде, қарапайым тәсілдер арқылы шығармашылық идеяларын шығару және дамыту;

1.3.2.1

  • көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау;

 Сабақ мақсаттары

• көлік түрлері туралы білімдерін кеңейтеді;

• таңғажайып көліктер салуды үйренеді;

 Жетістік критерийлері

-өзі таңдаған көлік түріне сипаттау жасай алады;

-таңдап алған көліктің түрлі детальдарын, түсі мен пішінін жақсарта түседі;

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

Көлік– транспорт – transport;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету:

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Еңбек және шығармашылық:

Шығармашылық жұмыс барысында еңбектену дағдыларын қалыптастырады;

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Көлік түрлері.

Музыка. Көлікті қимыл және дыбыс арқылы көрсетеді.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Бетперделер жасау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Сабақты оқушыларға әр түрлі көлік түрлерінің мысалы, зымыран ұшыру, ұшып келе жатқан ұшақ, жолдағы көліктер туралы бейнефильм көрсетуден бастау.

Бейнефильімді көріп болған соң, оқушылардан "Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?"-деп сұра, оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Оқушылардың бастапқы білімін анықтау үшін, сұрақтар қою.

-қандай көліктің түрлерін білесіңдер?

-көлік адамдарға не үшін қажет?

-ауылды жерлердегі қандай көліктерді

білесіңдер?

Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім көліктер тулары кысқаша ақпарат береді.

Көлік – қатынас жолдарындағы барлық көлік құралдарының, техникалық құрылғылардың және қатынас жолдарындағы ғимараттардың жиынтығы. Ол адамдар мен жүктерді бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Көлік өз қызметін атқаратын ортаға байланысты: суда жүретін, кұрлықта жүретін, жер астында жүретін, әуе және ғарыш көлігі болып бөлінеді.

‘Morningtown Ride’ және ‘Engine, Engine number 9’ кітаптары.

Қиял-ғажайып көлік құралдары туралы дереккөздер

http://en.wikipedia.org/wiki/Chitty_Chitty_Bang_Bang_

(мюзикл)

Сабақтың ортасы

Презентациямен жұмыс:

Оқушыларға сабақтың тақырыбын айту. Оқушыларға презентацияның екінші бетіндегі суреттерді мұқият қарап, сұраққа жауап берулерін сұраңыз.

-Алдарыңда берілген суреттердің барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау. (көлік)

Келесіде оқушыларды презентацияның үшінші бетінде орналастырылғын Леонардо да Винчидің ұшу аппараттарын көрсту.

Оқушыларға жұмбақ жасыру:

Презентацияның төртінші бетіндегі жұмбақтарды мұғалім оқып отырып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

Ойды дамытуға арналған суреттер:

Презентацияның бесінші бетінде оқушылар көліктердің қандай жануарларға ұқсайтындарын анықтап, толық жауап береді.

Шығармашылық жұмыс:

Тақырыпқа қатысты берілген тапсырма елестете білу және қиялдай білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға таңғажайып көлікпен жұмыс істеу кезеңдерін түсіндіріңіз.

1. А4 форматын көлденең орналастырыңыз.

2. Оқулықта берілген төрт корпустың біреуін таңдап алып, қағаздың ортасына салыңыз. Корпусты ойдан да салуға болады. Тақтаға корпустың бірнеше түрін салып көрсеткеніңіз дұрыс болады. Пішіндер әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: сопақ, төртбұрыш , тіктөртбұрыш, үшбұрыш, әр түрлі қисық пішіндер. Оқушылармен бірге ғажайып көліктің көлемі қандай болатынын анықтап алыңыздар.

3. Көліктің негізгі корпусына әр түрлі бөлшектерді қосыңыз. Ол пропеллер, дөңгелек, фаралар, антенна және т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар ағаш тамырларын, жапырақтар, таяқшалар, үлкен тастарды қосуға болады. Оқушыларға көліктерін «Автомысық» тәрізді жануармен де байланыстырып салуға болатындығын айтыңыз.

4. Түспен жұмыс істеу. Қара қарындашпен жұмысты салып аяқтағаннан кейін, оқушыларға өздеріне материал таңдап алуға мүмкіндік беріңіз. Мысалы: түрлі-түсті қарындаш, балауыз бор, акварель бояу, фломастер. Аралас техникада жұмыс істеуге болатындығын ескертіңіз.

Музыкамен байланыс.

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын орындап болған соң, өздері салған көліктерін қимыл әрі дыбыс арқылы көрсетіп береді.

Леонардоның ұшуы

http://www.flyingmachines.org/davi.html

Альбомдар

Бейнелеу материалдары

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Оқушылар сабақ соңында өздерінің сабақты қаншалықты меңгергендерін таратылған жасыл, сары, қызыл стикерлер арқылы көрсетеді.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырманы уақыттан бұрын орындаған оқушыларға тарату материалында берілген тапсырманы орындауын ұсыну.

Оқушылардың барлық орындаған жұмыстарын бір партаға , яғни оқушылар айналып жүріп барлық суреттерді тамашалап көре алатындай етіп орналастыру. Оқушылар "Екі жұлдыз, бір тілек әдісі арқылы" бір-бірлерін бағалайды.

Бұл сабақта техника қауіпсіздік ережесін, сурет салу барысында бір-бірлеріне кедергі жасамай алшақтау отырып сақтауларын ескеру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу