Ғарышқа саяхат. Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

-бөлім: Саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласы, ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д. С.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғарышқа саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3 Жұмысты қорғау және талқылау

2.2 Материалдар және өнердегі жұмыс техникалары

1.3.3.1

  • қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы қарапайым пікірлер айту

1.2.2.1

  • қарапайым тәсілдер арқылы, материалдар, процесстер және құралдарды пайдалана және тәжірибе жасай бастау, сурет салуға арналған құралдардың кейбір қасиеттерін зерттей бастау

 Сабақ мақсаттары

  • күн жүйесіндегі ғаламшарлар мен ғарыш туралы білімдерін кеңейтеді;
  • әр түрлі техникаларды пайдалануды үйренеді;
  • әр түрлі материалдармен, құралдармен, тәсілдермен жұмыс істеу дағдыларын бекітеді.

 Жетістік критерийлері

Жұмыстың көркемдігі, таза орындалуы;

Қойылған талаптарға сәйкес орындалуы;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылармен бірге қосылып, түйіді сөздерді хормен, топта қайталаңыздар. Бір топ сөзді қазақ тілінде айтса, екінші топ оны орыс тіліне, ал үшінш топ ағылшын тіліне аударады.

Түйін сөздер:

ғарыш – космос – space;

аппликация – аппликация – application;

жұлдыз– звезда – star;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе. Ғаламшарлар туралы мәлімет.

Музыка. Музыкалық композицияларды тыңдау.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Қолдың көмегі арқылы, жылқының басын салу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Оқушыларға бізідің бүгінгі сабағымызда саяхатқа аттнатынымызды айтып өту. Ал енді қай жаққа саяхатқа аттанатынымызды анықтау үшін тақтадағы суретке назар аударуларын ұсыну.

Оқушылармен ғарыш туралы сөйлесу.

Олардың ғарыш туралы бастапқы білімдерін анықтау.

Сабақтың ортасы

Презентациямен жұмыс:

Презентацияның үшінші, төртінші және бесінше беттеріндегі суреттерді көрсету арқылы оқушыларға планеталардың көлемін және қалай орналасқандарын түсіндіру.

1-тапсырма:

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Екі топқа планеталардың түстері мен пішіндеріне сәйкес келетін түрлі-түсті дөңгелек шеңберлер таратылады. Оқушылар бұл тапсырманы орындау үшін, сыныптың бос бөлігіне ауысады. Орналастыру үшін шеңберге маркермен планетаның атауын жазып, қай орбитаның үстіне орнастыру керектігін анықтап скотч арқылы жабыстырады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға презенацияның 6-шы бетінде орналасқан сурет қолдау көрсетеді.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға 5 мин уақыт беріледі.

Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын оқушыларға аппликация туралы айтып беріп, тақтаға жұлдызшаны қалай салу керектігін көрсетіп түсіндіру қажет.

Шығармашылық жұмыс:

Оқушылар шығармашылық жұмыстың алғашқы кезеңін бастайды.

Оқушылар ақ қағазға екі жұлдыз, екі дөңгелек салып, оларды қиып алады. Одан кейін қағаз бетін екіге бүктеп, бүгілген жеріне зымыранның жарты суретін салып, қиып алады. Дайын суреттерді қара қағазға қойып, жұмыс кезінде жылжып кетпеу үшін, плакатқа арналған мастикамен жапсыру керек. Мастика болмаса желім қарындашты қолдануға болады.

Оқушылар өздерінің практикалық жұмыстарын жалғастырады. Партаның үстіне газет немесе дастарқан жауып қояды. Содан кейін тіс щеткасын бояуға малып алып, қылдарын саусақпен өзіңізге қарай бағыттап ұстап тұрып, бояуды шашырату керек. Бояу кепкен соң жапсырылған суреттерді алып тастау керек. Ашық түсті бояуларды пайдалану керек.

Әр түрлі пішінді және түсті шарлар.

Алдын ала қандай да бір жазықтықтың бетіне орбинаның жүйелерін сызып қою.

Қарындаш, ақ қағаздар, қайшы, қара қағаз,бояу, тіс тазалайтын щетка.

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар өздерінің жұмыстары жайында қысқаша мәлімет береді. Яғни, тапсырманың қай бөлігінде қиыншылықтармен кездесіп, қай бөлігінің ұнағаны жайында да айтып өтеді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырманы уақыттан бұрын орындаған оқушыларға, тарату материалында берілген тапсырмаланы орындауларын ұсыну

Көрме ұйымдастырыру. Оқушылармен бірге жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалау: -жұмыстың көркемдігі, таза орындалуы.

-қойылған талаптарға сәйкес келсе, үлкен жұлдыз жапсыру.

-егер де талаптар толық орындалмаса, кішкентай жұлдыз жапсыру.

Шығармашылық жұмысты орындау барысында оқушылар мұқият әрі ұқыпты жұмыс атқарады. Міндетті түрде алжапқыштарын киіп, бір-бірлерінен алшақ орналасады. Себебі бояуды атыратып сурет салған кездерінде өздерін және бір-бірлерінің киімдерін былғап алулары мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу