Үлкен саяхат. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 -бөлім: Саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сынып, күні: 2

«А» 16.05.2018

«В» 16.05.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үлкен саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.4.2

Қоршаған ортаны бейнелеу барысында, кеңістік жайлы ерекшеліктерді қарастыру.

2.2.2.1

Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.

2.3.1.1

Жұмыстың негізгі идеясы мен орындалу барысын түсіндіріп, таныстыру

 Сабақ мақсаттары

  • Жаңа техникамен танысып, оның қарапайым мозайканың аппликациядан ерекшелігін түсінеді;
  • Түрлі материалдардан тәжірибе жасап көріп, «Айкөлікпен» саяхат атты картинасын дайындайды.

  Бағалау критерийлері

  • Мозаиканың не екенін және оның қалай жасалатынын біледі;
  • Шығармашылық жұмыстарын жасау үшін материалдармен тәжірибе жасай алады;
  • Жұмысының орындалу барысын түсіндіріп, таныстырады.

 Тілдік мақсаттар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл көлік құралы қалай жасалған?
  • Айкөлік не үшін қажет?

Пән лексикасы және терминология:

  • Айкөлік- луноход- moon rover; мозайка- мозайка- mosaics.

Құндылықтарды дарыту

Сыныптастардың бір- біріне деген, бір- бірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану. «Байқоңыр» ғарыш айлағымен танысады.

Ғылымға кіріспе. Айдың зерттелуі туралы біледі.

Бастапқы білім

Көлік құралдарының түрлерін біледі және ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

3 минут

  • Ұйымдастыру. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Жаңа техникамен танысып, оның қарапайым мозаиканың аппликациядан ерекшелігін түсінеді;
  • Түрлі материалдардан тәжірибе жасап көріп, «Айкөлікпен» саяхат атты картинасын дайындайды.

АКТ- презентация

Сабақтың ортасы

4 минут

25 минут

3 минут

  •  Сабаққа қатысты деректі материалдар.

 «Айкөлік» - бұл Айдың бетінде нәтижелі жұмыс атқарған әлемдегі бірінші аппарат. Айды зерттеуге арналған кеңістік «Айкөлік» аппараты қашықтықтан басқарылатын, өзі жүретін құрылғылар қатарына жатады. Космонавтика саласындағы тұңғыш айкөлік Айға кеңістік ғарыштық аппаратпен 1970 жылы жеткізілген.

 Мозаика- сәндік- қолданбалы өнер түрі. Мозаика деп сондай- ақ ағаш, шыны, мәрмәртас және т.б. сынығынан жасалатын бұйымды (кейде өрнекті) да атайды. Мозаика ерте дәуірлерде пайда болған, ол ғимараттар мен тұрғын жайларды безендіруде қолданылады.

 Ең тұңғыш және ең ірі ғарыш айлағы Қазақстан аумағында орналасқан. Ол «Байқоңыр» деп аталады.

  • Практикалық бөлік. Жекеше жұмыс түрі.

 Тапсырма. «Айкөлікпен» саяхат жұмысын орындау.

Олар алдымен басқа ғаламшарда не көретіндерін ойша елестетеді, сосын оны бейнелеуге тырысады. Жұмыстың негізі ретінде қара түсті, қоңыр түсті немесе қою көк түсті қағазды алуға болады. Оған алдымен өз бетінше фон салады, одан кейін желімдеуге кіріседі. Оқушылар ғарыш кеңістігін жасау барысында өз қалаулары бойынша қағаздан басқа да материалдарды қолдана алады. Ең бастысы, өздерінің жұмыстарында мозайка техникасын қолдану қажет.

 Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін еске салып отыру қажет.

 Қағаз қиқымдары неғұрлым ұсақтау болса, соғұрлым әдемі болатындығын айту. Желімді негізге емес, қағаз қиқымдарына жағу арқылы жұмыс таза және ұқыпты орындалатындығын айту қажет.

 Саралау.

Кейбір оқушылар айкөліктің шаблондарын қолданады, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі қажет болады.

 Кері байланыс:

Сурет қандай түспен орындалуда? Сендерге мозайкамен жұмыс істеу ұнайды ма? Қиындық туындаған жоқ па?

 5. Таныстырылым.

Шығармашылық жұмыстарын орындап болған соң, әр оқушы өздерінің жасаған кемелері туралы қысқаша айтып өтеді.

  • Менің кемем …
  • Оның пішіні …
  • Менің кемем (кемемде) … арналған.

Тарату материалдары

Альбом, түрлі түсті қатты қағаз, қайшылар, желім-қарындаш, ермексаз, фольга, фломастерлер, қарындаштар, сызғыштар.

Сабақтың соңы

  • минут

6. Бағалау. Жұптық бағалау түрі.

 Әрбір оқушы түсініктемелері бар бағалау парағын алады және орындау техникасын бағалайды:

 Дескрипторлар:

  • Ұшу аппаратының тұпнұсқаға ұқсастығы;
  • Түрлі материалдарды қолдану;
  • Ұқыпты желімделуі.

7. Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сыныптасының жұмыстарындағы екі жағымды және бір жағымсыз тұсын айтыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кейбір оқушылар айкөліктің шаблондарын қолданады, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі қажет болады.

Берілген дескрипторлар арқылы жұптық бағалау түрі.

 Дескрипторлар:

  • Ұшу аппаратының тұпнұсқаға ұқсастығы;
  • Түрлі материалдарды қолдану;
  • Ұқыпты желімделуі.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлесігінің жетекшісі_________________Дюсенова Г.Г.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу