Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің айырмашылықтары. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дүние жүзі тарихы, 11 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлім | Қазіргі заманғы әлем елдерінің әлеуметтік – экономикалық дамуы |
Сабақтың тақырыбы | Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің айырмашылықтары |
Оқу мақсаты | 11.1.3.1 елдер мен аймақтардың біркелкі емес экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау; 11.1.3.2 экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі бойынша елдерді жіктеу |
Тарихи концепт | Себеп пен салдар |
Пәндік мақсат | Экономикалық даму деңгейінің сипаттамасы арқылы елдер мен өңірлердің біркелкі экономикалық дамуының алғышарттарын анықтау; |
Бағалау критерийлері |
|
Тілдік мақсаттар | Тілдік құзыреттілікті дамыту: Тыңдалым( тыңдау): мұғалімнің түсініктемелерін қабылдау кезінде, практикалық тапсырмаларды орындау кезінде және топтардың сөз сөйлеуі. Оқылым: тапсырмаларды мәтінмен жұмыс жасау арқылы орындау. Жазылым: тапсырмаларды орындау кезінде жазбаша тапсырмаларды орындау. Айтылым: ұжымдық талқылау барысында; Жұпта талқылау; өз қорытындыларын таныстыру. |
Пән бойынша тілдік қолданыс және терминологиясы | Елдердің экономикалық даму факторлары, табиғи-географиялық факторлар, әлеуметтік-экономикалық факторлар, елдердің экономикалық (шаруашылық) мамандануы, елдің экономикалық даму деңгейі, экономикалық дамыған елдер, экономикалық артта қалған елдер. |
Диалогқа және жазу үшін қолданылатын түсініктер | Белгілі бір белгілер бойынша экономикалық дамыған елдерді сипаттайды ... Белгілі бір белгілер бойынша дамушы елдерді сипаттайды ... Белгілі бір белгілер бойынша орташа экономикалық дамып келе жатқан елдерді сипаттайды... |
Құндылықтар | Бұл сабақ оқушылардың әр елдің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін оятып, топта, жұпта және жеке жұмыс істеуге үйрету. |
IT-қолдану қабілеттері | Сабақта интерактивті тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация қолдану, ақпаратты іздеу үшін интернетті пайдалану қолданылады. |
Пәнаралық байланыс | Экономикалық жүйелердің ерекшеліктерін анықтау негізінде экономика пәнімен байланысты. |
Алдыңғы білім | Оқушылар әлем мемлекеттерінің экономикалық жүйелер туралы білімдеріне негіздей отырып, дамыған және дамушы елдерге сипаттама береді. |
Дифференциация | Сабақтың әр кезеңі жасырын саралаудан тұрады. Дифференциациялы тапсырмалар оқушыны нақты күтілетін нәтижеге жеткізуге, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, жеке қабілеттерін ескеру, оқу материалдары мен ресурстарын таңдауда көрсетілген. (Гарднер бойынша көпшілік интеллект теориясы). Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолданылуы мүмкін. |
Сабақтың өткізілуі
Жоспарланған бөлім | Жоспарланған іс- әрекеттер (мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті) | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-2 мин | 1. Психологиялық ахуал қалыптастыру. 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Оқушылар оқу құралдарының жеткіліктілігі, оқулық және т. б. | Мұғалім оқушылардың білімін нақтылауы, жұмыс дәптеріне оқушылардың жазып отыруы |
2-3 мин | БЫМ: мұғалім оқушыларға әлем елдерінің картасын көрсетеді. Оқушылар мемлекеттердің карта бойынша жіктелуі туралы өз пікірлерін айтады. 1. Сабақтың тақырыбымен танысу, дәптерге жазу. Мұғалім сабақ тақырыбын жазуды және зерттеу сұрағына жауап беру үшін орындалуы қажет әрекеттерді ойлануды ұсынады. 2. Мақсаты: Зерттеу қадамдарын әзірлеу; оқыту мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен, тақырыптың тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірге зерттеу бағыты анықталады: 1.индустрияландыруға дейінгі елдер, индустриялық елдер, постиндустриалды елдердің сипаттамасы. 2.Әлем елдерінің түрлер мен типтер бойынша сипаттамасы 3.Сабақты қорытындылау. Осылайша, біздің сабақтағы зерттеуіміз оқытудың барлық мақсаттарына қол жеткізуге және себеп пен салдарын анықтауға тарихи концептімен жұмыс мүмкіндік береді. Ұялы телефонға қосымшаны орнатып офлайн түрінде жұмыс әзілреуге болады | Презентация |
5-7 мин | Т Оқушылардың білімін өзектендіру қоғамның даму деңгейі бойынша елдердің сипаттамасымен жұмыс: индустрияландыруға дейінгі елдер, индустриялды елдер, постиндустриялды елдер. Ж мұғалім алдын-ала дайындалған жоспар бойынша жұппен орындайтын тапсырма таратады, оқушылардан үлгі бойынша ұсынылған тапсырманы орындауды сұрайды. Дескрипторлар: * Индустрияландыруға дейінгі елдердің 3-тен кем емес сипатты белгілерін атайды; * Индустрияландыруға дейінгі елдердің мысалдарын келтіреді; * Индустриялды елдердің кем дегенде 3 сипатты белгілерін атайды; * Индустриялды елдердің мысалдарын келтіреді; * Постиндустриялды елдердің 3-тен кем емес сипатты белгілерін атайды; * Постиндустриялды елдердің мысалдарын келтіреді; Жұптардың жұмысын талқылау, қорытынды шығару. | Толтыру үлгісі, интернет ресурсы |
15-20 мин | М Мұғалім оқушыларды әлем елдерінің типтері мен түрлерге жіктеумен таныстырады. Т Ж топтық, жеке тапсырмалар негізінде оқушыларға белгілі бір санаттар бойынша елдердің даму деңгейін қарастыруды ұсынады: 1-топ: экономикалық дамыған елдер «Үлкен жеті» Шағын индустриялды-дамыған елдер Қоныс аударушылардың капиталынан дамуы елдер 2-топ: орта экономикалық дамуы бар елдер: Экономикалық дамудың орта деңгейіне жеткен елдер. Ел дамуындағы артта қалғандар 3 топ: дамушы елдер: Табысы жоғары елдер Табысы орташа елдер 4 топ: дамушы елдер: Табысы төмен елдер Ең кедей елдер Оқушылар жұмыстарды постер түрінде рәсімдейді. Дескрипторлар: * Елдердің экономикалық дамуын сипаттайды. * Елдердің демографиялық дамуын сипаттайды. * Елдердегі өмір сапасын анықтаңыз. * Елдердің экологиялық, демографиялық, даму деңгейін және өмір сүру сапасын сипаттайсыз. * Статистикалық мәліметтерді жүргізеді; * Негізделген қорытынды жасайды. Топтар өз жұмыстарын бірін – бірі ұсынылған дескрипторлар бойынша өзара баға береді. | Презентация Интернет ресурсы |
Сабақтың соңы 2-3 мин | Қ Сабақ бекіту/ қорытындылау: Экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігі бойынша елді қалай сипаттауға болады Б Кері байланыс: Табыс сатысы: сөйлем жалғастыру |
Дифференциация-сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоясыз? | Бағалауды қалай жоспарлайсыз? Сіз оқушылардың материалды/ білімді меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық, қауіпсіздік техникасы |
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлерін ескере отырып, жұппен, топпен жұмыс істеу кезінде оқушылардың үлгерімін ескере отырып тапсырмалар дайындалады. Дифференциация: неғұрлым қабілетті оқушылар қабілеті төмен балаларға қолдау көрсетеді, үлгерімі төмен оқушыларға мұғалімнің қолдау көрсетуі де мүмкін. Мәтінмен жұмыс кезінде дифференциация жүргізіледі, күшті оқушылар тапсырманы тез орындап болып, басқа оқушыларға көмектеседі. | Оқу мақсаттары бойынша қалыптастыруы бағалау: 11.1.3.1 елдер мен аймақтардың біркелкі емес экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау; 11.1.3.2 елді экономикалық даму деңгейі бойынша әртүрлі өлшемдер негізінде жақын арадағы даму аймағын анықтай отырып, қорытынды ой айтуы, өз көзқарасын білдіруін бағалау. Түсіну кезеңінде оқушылар бойынша әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі ерекшеліктерін анықтауы бойынша бағаланады. | Топтық жұмыс кезінде сынып бойынша оқушылардың қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру