Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейінің айырмашылықтары. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.
Эфиопия экономикасы
Эфиопия – экономикасы нашар дамыған ел. Жалпы жиынтық ішкі өнімдегі а. ш-ның үлесі 55%-ға жуық, өнеркәсіптікі – 7,6%-ға тең. Егіншілік – а. ш-ның негізгі саласы. Солт-нде егіншіліктің ауыспалы, басқа аудандарында отамалы-өртемелі жүйесі қолданылады. Экспортының 85 – 90%-ын а. ш. өнімдері құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – кофе. Ол Харэре, Кэфа, Сидамо аудандарындағы плантациялардан және елдің батысы мен оңт-ндегі жабайы өскен ағаштардан (өнімнің 70%-ы) жиналады. Бірақ плантацияларда неғұрлым қымбат сорттар өсіріледі. Кат (есірткілік өсімдік) жинау дамыған (Харере штаты). Азықтық дақылдардан – тары (тэфф), жүгері, бидай, қара бидай, бұршақ тұқымдастары (негізінен орт. және шығыс аудандарда) өсіріледі. Тех. дақылдардың ішінде қант құрағы жетекші орын алады. Сондай-ақ майлы дақылдар, мақта, темекі өсіріледі. Мал ш. дамыған (Эфиопия ірі қара малдың саны жөнінен Африкада 1-орын алады). Ірі қара малдан басқа қой, ешкі, жылқы, түйе, үй құстары өсіріледі, ағаш дайындалады (жылына шамамен 50 млн. м3 жуық). Алтын, платина, ас және калий тұздары, темір кентасы, цементтік шикізат пен құрылыс тасы өндіріледі. Өнеркәсібі негізінен өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Қолөнер өндірісі: тоқымашылық, тері, сүйек, ағаш өңдеу, т.б. дамыған (Аддис-Абеба, Дыре-Дауа). Ұлт-тық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 510 АҚШ долл-на тең (1997). Сыртқа кофе (70%), майлы тұқымдар, мал терілерін (10-15%), жеміс-жидек шығарады. Импортының негізін ауыр машина жасау өнеркәсібінің өнімдері, ұшақтар мен басқа да көліктік құрал-жабдықтар, мұнай өнімдері, негізгі өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімдері құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Сауд Арабиясы, Жапония, Ұлыбритания, Италия, Франция.
Қосымша: https://www.vestifinance.ru/articles/93001
Бутан корольдігі экономикасы
Азияның оңтүстігінде, Шығыс Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе “айдар елі” деп те аталынады. Жер аумағы 47 мың км². Астанасы — Тхимпху (50 мың). Халқы — 1,8 млн. (1998). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі — дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея (Цонгду). Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.
Бутан — Шығ. Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өз. бойында орналасқан. Климаты муссонды, төм. белдеулерде тропиктік. Жерінің 64%-ін мәңгі жасыл орман алып жатыр. Бутанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 6 — 7 ғ-ларда Бутан территориясы қазіргі Үндістанның Ассам штатын қамтыған Брахмапутра өңіріндегі Камарупа мемлекетінің құрамында болған деген жанама деректер кездеседі. Камарупа құлағаннан кейін Бутанға бірнеше рет тибеттіктер басып кіріп, олардың едәуір бөлігі осында тұрақтап қалған. Тибеттіктер Бутанда өз мәдениеті мен ламашылдықты ұстанды. Біртұтас діни ұйымға біріктірілген Бутан 17 ғ-дың ортасында тәуелсіз теократиялық мемлекет болып қалыптасты. 19 ғ-дан 1947 жылға дейін Британия протектораты болды. 1907 ж. ағылшындардың көмегімен мұрагерлік монархия — Вангчуктер әулетінің билігі орнады. Ағылшын отарлық үкіметі Бутанның сыртқы саясатын қадағалағанымен, ішкі өміріне араласқан жоқ. 1949 ж. Бутан тәуелсіздік алды, бірақ шет мемлекеттермен байланысы Үндістанның бақылауымен жүргізіледі. 1954 ж. заң қабылдаушы органы — Цонгду құрылды. 1971 ж. БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Оңт. Азияның барлық елдерімен, Үндістанмен, Жапониямен, Германиямен, т.б. елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары бар.
Ауғанстан экономикасы — теңізге тікелей шыға алмайтын, Орта Шығыстағы мемлекет. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. 1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр. Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен, шығысында
Қытаймен, оңтүстігінде Үндістанмен (дұрысында Үндістан, Қытай және Пәкістан таласатын Джамму және Кашмир аумағымен) шектеседі. Ауғанстан Батыс пен
Шығыс түйісетін жерде орналасқан. Ежелгі сауда мен көші-қон орталығы болып табылады. Оның геосаяси жағдайы — бір жағынан Оңтүстік және Орталық Азияда, екінші жағынан Таяу Шығыста орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында, маңызды рөл атқарады.
Ауғанстан — аграрлы ел. Экономикасының негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі.
Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа негізінен қаракөл елтірісі мен жүн шығарылады.
Жалғасы : https://tj.sputniknews.ru/afghan/20190211/1028230279/afghanistan-ekonomika-narkotiki-taliby.html
Сомали экономикасы
Сомали Федератиті Республикасы — Африканың солтүстік-шығысындағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 637,7 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2005). Астанасы – Могадишо қаласы Халқының 98%-ға жуығы сомалиліктер, олардан басқа арабтар, суахилиліктер, италиялықтар, үнділер, амхарлар тұрады. Ресми тілі – сомали, араб тілдері. Тұрғындарының 99%-ы мұсылмандар.
1960 жылы 1 шілдеде бұрынғы Британ және Италия Сомалилері бірігіп, тәуелсіз Сомали республикасын құрды. Бірақ халық тұрмысының төмендігі, ішкі этник. жанжалдар, жиі-жиі әскери төңкерістер болып тұрды. 1991 – 92 жылы азамат соғысы барысында билікке Біріккен Сомали конгресі келді. Ел ішіндегі рулық тартыстар мен қақтығыстар, құрғақшылық апаты және Эфиопиямен арадағы соғыс салдарынан 1 млн-нан астам босқын шетелдерге кетті. 1993 жылы БҰҰ-ның бітімгершілік күштері енгізіліп, аштыққа ұшырағандарға гуманитарлық көмек берілді. 1994 – 95 жылы елде тағы да азамат соғысы болды.
Сомали – экономикасы нашар дамыған аграрлы ел. Экономикадағы аграрлы шаруашының үлесі – 65%, ал өнеркәсібі – 10%. Халқының 80%-дан астамы аграрлы шаруашында жұмыс істейді, оның 2/3 бөлігі көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашымен айналысады. Елде 50 млн-ға жуық мал басы бар. Негізінен қой мен ешкі, түйе және ірі қара өсіріледі, ел экспортының 80%-дан астамын мал саудасы құрайды. Егін шаруашылығы негізінен өзен аңғарлары мен тау бөктерлерінде кездеседі (жер аумағының 1,5%-ы). Банан, қант құрағы, мақта, жүгері, тары, күріш, маниок, батат өсірілді. Хош иісті смола (камеди, ладана, т.б.) көп жиналады. Елде балық аулау ісі біршама дамыған. Өнеркәсібі – аграрлы шаруашылық шикізатын өңдеумен айналысады: ет және балық консервілеу, сүт және май шайқау, тері-жүн, мақта-мата, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салалары бар. Көбісі ұсақ әрі нашар дамыған қосалқы кәсіпшіліктер. Импортының негізін жанар май, тыңайтқыш, азық-түлік, құрал-жабдық, электроника құрайды. Басты теңіз порттары – Могадишо, Кисимайо, Бербера. Темір жолы жоқ, автомобиль жолдарының ұзындығы 20 мың км-ден астам. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 550 АҚШ доллорна тең. Негізгі сауда серіктестері Сауд Арабиясы, АҚШ, Йемен, Кения, Еуроодақ елдері.
https://ru-world.net/somali-ekonomika/
Бангладеш экономикасы
Азияның оңтүстігіндегі 1971 ж. құрылған мемлекет. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды екіге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкістан (халқының 98%-ы бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығыс Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың желтоқсанның он алтысы күні Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. наурыздың жиырма алтысын Тәуелсіздік күні деп жарияланды.
Бангладеш – аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Бангладеш – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлшері 235 доллар. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына екі – үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары – банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Көліктің басты түрі – өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұзындығы 4,5 мың км. Темір жолдарының ұзындығы 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйымының, Оңтүстік Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстанмен 1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан.
Бенгальдықтар бүкіл елді тығыз жайлаған. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Үйлерін бамбуктен, ағаштан немесе кірпіштен биік жерлерге салып, шатырын сабан, пальма жапырақтармен, дәулеттілері қаңылтырмен жабады. Өзендер арнасынан асып, жайыла тасыған кезде жұрт бір-біріне көбінесе қайықпен қатынайды. Үйлердің айналасында аяқ басар бос жер болмайды.Әрбір сүйем жер дәнді дақыл егуге, шай және қант құрағын, сондай-ақ жеміс ағаштырын өсіруге пайдаланылады.
Көлдете суарылатын жерлерге бенгальдықтардың басты тамағы – күріш егіледі. Жерді өңдеуге буйволдарды көбірек пайдаланады, ал енді күрішті су кешіп жүріп қолмен отырғызады.
Сенегал экономикасы
1895-1958 Сенегал Франция Батыс Африкасының құрамына кіреді. Оның астанасы болып 1902 жылы Дакар қаласы бекітіледі. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдегі ұлттық қозғалыстар көбейеді. 1958 жылдың 25 қарашасында Сенегал Франция Қоғамының өз өзін басқаратын республика болып жарияланады. 1960 жылы 4 сәуір күні Сенегал мен Француздық Судан бірігіп, Мали Федерациясын құрады. Бұл ел тәуелсіздікке ие болады: 4 сәуір күні келісімге қол қойылады, бірақ ресми түрде тек 1960 жылдың 20-сы маусым күні жарияланады. Содан кейін саяси конфликттердін нәтижесінде, сол жылдың 20 тамызында екігі бөлініп, Сенегал және Мали болып тәуелсіздіктерін жариялайды.
Сол кезден бастап, Сенегалда "африкандық социализм" құруы басталады. 1976 жылы Ата-заңға өзгеріс енгізіледі. Сол бойынша Сенегалда тек 3 партияның жұмысы заңды саналады. Олар: социал-демократиялық, либерал-демократиялық және марксист-лениндық. Бірақ оларға қоса елде бірнеше заңсыз партиялар жұмыс істеген — Тәуелсіздік және еңбек партиясы, Жаңа демократия үшін қозғалыс, Жұмысшылар Бірлестігі. 1980-ші жылдардың басында заңсыз партиялардың көбі заңды түрде ісін бастады.
1982 жылы Гамбиямен қосылып Сенегамбия конфедерациясын құрды. Бірақ одан ештене шықпай, 7 жылдан кейін сол мемлекет жоқ болды.
Елдің онтүстігінде сепаратистік топтар өз істерін жүргізіп келе жатыр.
Табиғи ресурстар — мұнай, темір қазбалары, алтын.
Сенегал экономикасы аса дамыған емес, шеттен келетін гуманитарлық көмектен тәуелді. ЖІӨ жан басына шаққанда — 1600 доллар (195 орын). Халықтың жартысынан көбі кедейлік деңгейінен төмен тұрады. 2007 Жұмыссыздық 48 % жетті.
Жұмыс істеушілердің 75 % ауыл шаруашылығында істейді (ЖІӨ 14 %). Өнімдері — арахис, жүгері, күріш, мақта. Мал және құс ұстайды, балық шаруашылығы бар.
Индустрия секторында (ЖІӨ 23 %) ауыл және балық шаруашылығының өнімін өндіру. Фосфат, темір, цирконий және алтын қазбаларын өндіру.
Қызмет ету сферасы — ЖІӨ 63 %.
Экспорт — 2,1 млрд долл. (2008) — балық, арахис, фосфаттар, мақта.
Негізгі сатып алушылар - Мали 19,2 %, Үндістан 9,4 %, Франция 5,4 %, Гамбия 5,3 %,
Италия 4,8 %.
Импорт — 4,3 млрд долл. (2008) — тамақ өнімі, өндіріс тауарлары, т.б.
Негізгі импорттаушы елдер — Франция 19,9 %, Ұлыбритания 15,3 %, Қытай 6,8 %, Бельгия 4,6 %, Таиланд 4,5 %, Нидерланд 4,1 %.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру