Өзен — тіршілік көзі. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 4A бөлім: Тағам және сусын

Сабақтың тақырыбы:

Өзен –тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 1

Физика-Математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Кожагулова Г.

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны:0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру

1.2.2.1 Месопотамияны тарихи картадан табу

1.1.1.5 Әртүрлі дереккөздерді білу (карта, жоспар, суреттер, фотолар, баяндамалар, әңгімелер, фильмдер, ойындар, әндер, аңыздар, фольклор, миф, поэзия, хроника және жазбалар)

Сабақ мақсаттары:

мәдениеті,тұрмысы туралы мағлұмат алу;

алады

Месопотамия туралы танысамыз

Өзен адам өмірінде қандай роль атқарғанын білеміз

Тілдік мақсаттар

Өркениет-цивилизация

Жарма-крупа

Егін шаруашылығы-земледелие

Құнарлы жер-полодородная земля

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді

Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назарларларын аударады.

ҚАЙЫРЛЫ КҮН- ТАБИҒАТ

ЖАЙҚАЛЫП ӨССІН- ӨСІМДІК

ЖАЙНАЙ БЕРСІН- ОРМАНЫМЫЗ

БИІК БОЛСЫН- ТАУЛАРЫМЫЗ

СӘТТІ БОЛСЫН -САБАҒЫМЫЗ

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

5мин

10 мин

2 мин

-Суреттер бойынша не айта аласыңдар?

-Адам неге асханаға барады?

-Адам не үшін тамақтануы керек?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Бүгінгі сабақта не жайында сөйлесеміз деп ойлайсыңдар?

Не үйренеміз?

Сабақ тақырыбын,мақсатын айту.

(Ұ) РЕБУС

(Ұ,МК,Т) Денсаулықты сақтауға нелер көмектесуі мүмкін? «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай азық түрлері адам ағзасына пайдалы болуы мүмкін? Адам ағзасына қуат беретін азықтар (бал, қарақұмық, геркулес, мейіз, май), сүйектер берік болуына септігін тигізетін азықтар (ірімшік, балық еті, жұмыртқа, май, жаңғақтар), ағзаны дәрумендер мен минерелды заттармен қамтамасыз етуге ықпал ететін азық түліктер (жеміс-жидектер, көкөністер) бар.

Азық түлікті түрлендіріп белгілі мөлшерде тұтыну пайдалы бола ма? Әлде азық түліктің бір түрін пайдалану пайдалы болуы мүмкін бе екендігін топта талқылап өз ойын қорытындылауын ұйымдастыру.

(Т) Түрлі жастағы адамдар үшін топта азық түліктер таңдап салауатты тағам дайындауды тапсыру.Мысалы,

кішкентай сәбилер үшін;

ата-әжелер үшін;

балалар кеші үшін.

Біздің салауатты тағамымыз тек көкөніс және жемістен тұрады. Бүгінше етсіз болады. Шағын топта жұмыс істейміз; әр топ жоғарыда аталған үш топтың біреуі үшін салауатты тағам дайындайды.

(Т/Ұ) Әр топ өздері не дайындай алатынын ойлайды, топ баяндаушысы осы идеяны бүкіл сыныпқа жеткізеді. Екі-үш топ ұсынылған үш тапсырманың біреуін жеке орындайтындығын назарда ұстау.

(Ұ/Т) Сыныпқа оларға өз тамақтарын дайындау үшін қандай көкөніс пен жемістерді пайдаланатыны туралы ойлануды тапсырыңыз. Топ баяндаушысы жазып оларды бүкіл сыныпқа жеткізеді. Оқушылар идеясын барлық сынып үшін жазып қою.

(Т) Әр топ үшін екінші тапсырма: тамақ пісіру үшін оларға қандай ас үй құралдары мен ыдыстар қажет екендігі туралы ойлану. Топтық пікірталастан кейін олар ойларын сыныпқа жеткізеді, мұғалім оларды жазады.

(Ұ) Түрлі тамақ пен сусын салынған пакетті үстелге қойыңыз. Оқушыларға тамақ пен сусындарды сатып алу төңерегінде болатындығын және алдарында тұрған пакеттерде олардың бірнеше түрі бар екендігін айту.

(Ж) Оларды жұптасып пакетте не бар екенін болжауды сұраңыз (олар өздері жақсы көретін тамақ пен сусын түрлерін атауы мүмкін). Оқушылар жауаптарына пікір білдіріңіз және оларды сыныппен талқылау.

(Ұ) Бұл не? Оны қайдан сатып ала аламыз?

Пакеттен бір азықты суырып алуын немесе лото ойынындағыдай әр топтан бір оқушыдан шығып, кезекпен пакеттен азық-түлікті таңдайды. Басқа оқушылардан бұл затты анықтау мақсатында сұрақтар қояды. Қалай пайдалана алатынын сұрайды. Дұрыс тапқан жағдайда таңдаған затты сыныпқа көрсетеді. Азық-түлікке қатысты ұсыныстарды талқылаңыздар. (Т) Оқушылардан пакеттен алынған өнімдер туралы әңгімелеуді және олардың ата-анасы одан не дайындауын қалайтынын сұраңыз. Әр топ мәзір ойлап тауып, ол туралы сыныпқа айта алады.

-Балалар,менімен бүгін саяхатқа барғыларың келе ме?

-Бұрыңғы өткен заманға Месопотамия деп аталатын елді мекенге саяхат жасаймыз.

Месопотамия сөзі «Өзен аралығындағы жер» деп аударылады.

Картамен жұмыс

Балалар картадан Месопотамия жерін анықтап,сызады.Бір-біріне көрсетеді. Тамақ пен сусын туралы не білгенін

Қорытындылау

(Қ) Бағалау критерийі: Білім алушы

Қазіргі және ежелгі адамдардың тағамдарын анықтайды.

Тапсырма:

Ежелгі адамдардың тағам атауын көк сызықпен қоршап сыз.

Қазіргі адамдардың тағам атауын қызыл сызықпен қоршап сыз.

Екеуіне де ортақ тағам түрін жасыл сызықпен қоршап сыз.

Дескриптор:

- тамақтанудағы ерекшеліктерді ажыратады

Дұрыс тамақтану ережесі.

Ребус

Сабақтың соңы

2 мин

-Балалар,сабақтың басында құрған қритерийлеріне тоқталсақ

-Сабақтың мақсатына жеткен балалар жасыл түсті стикерді,ал түсінбедім,маған сәл қиындау болды деген балалар сары түсті стикерді алып параққа іледі.

1-2 оқушы сабақ туралы өз ойларымен бөліседі

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар

Аса қабілетті балалар тақтаның көмегімен әртүрлі

Тағамдарды топтастырады

Өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беремін

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийі: Білім алушы

Қазіргі және ежелгі адамдардың тағамдарын анықтайды.

Тапсырма:

Ежелгі адамдардың тағам атауын көк сызықпен қоршап сыз.

Қазіргі адамдардың тағам атауын қызыл сызықпен қоршап сыз.

Екеуіне де ортақ тағам түрін жасыл сызықпен қоршап сыз.

Дескриптор:

- тамақтанудағы ерекшеліктерді ажыратады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу