Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 102 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №102 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8 бөлім: Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Оқу мақсаттары

6.3.1.1. Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу

Сабақ мақсаттары

Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Жеңіл атлетика сабақтары кезінде өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай біледі.

Тілдік мақсаттар

 

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу
  • екпін алу, лақтыру
  • кіші доп, граната

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?
  • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?
  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін жүгіру жаттығуларын орындап, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(Т, Ж, ҚБ) Алаңның қақ ортасына сызық жүргізіліп, оған 10 қалашық қойылады. Ойыншылар екі топқа бөлінеді, беттерін ортаға қаратып, алаңның жақтау сызығында орналасады. Бір топқа теннис доптары беріледі. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар үйренген әдіспен доптарды лақтырады да, қалашықтарға тигізуге тырысады. Тиген жағдайда командаға 1 ұпай беріледі. Әр топ допты 3-5 рет лақтырып болғаннан кейін, нәтижелері саналып, жеңімпаз анықталады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Кіші допты лақтыру техникасын дұрыс орындайды;
  • Допты лақтыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
  • Тапсырма кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
  • Жеңіл атлетика сабақтарында білім алушылар өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтай біледі.

Сұраңыз: Сыныптастарыңызға әдістің дұрыс орындалуы бойынша қандай ақыл-кеңес бере алдыңыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Лақтыру техникасын қалай жетілдіруге болады?

Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады?

(С, Ж, ҚБ) Осыдан кейін кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен техникасының орындалуы түсіндіріліп, көрсетіледі.

Үйренген әдіс бойынша оқушылар екі топқа бөлініп, алаңның екі шетіне орналасады. Өздерінің саптарындағы оқушылармен арақашықтықтары 3м, ал қарама қарсы тұрғандарынан 15-20м арақашықтықта орналасады да, мұғалімнің белгісі бойынша доп лақтыруды орындайды. Тапсырманы орындар болған соң талдау жүргізіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Кіші допты лақтырудағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады;
  • Кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Допты дұрыс ұстайды: үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан терек.) Аяқ иық деңгейінде, дене салмағы аяқтың ұшына түскен;
  • Доп ұстаған қол иықтың алдында, шынтақ буынында бүгулі, ал екінші қол төмен түскен қалыпта;
  • Жүгіріп екі адым жасағаннан кейін лақтыратын қолын артқа түзу созып, лақтыру сызығына жақындайды;
  • Аяқты қайшылау әдісін дұрыс орындайды. Оң аяғын бүгіп оң жамбасын сол жақ алға бұрады.
  • «Керілген садақ» әдісін дұрыс орындайды. Денені бұрып, соңғы күш салуды дұрыс орындайды.
  • Допты лақтырғаннан кейін белгі сызығын баспайды.
  • Жеңіл атлетика сабақтарында білім алушылар өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтай біледі;
  • Спорттық жабдықтарды лақтыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сұраңыз: Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады?

Үлкен бос кеңістік,

Үлкен бос кеңістік.

ойын алаңы, үлкен теннис доптары, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Снарядтарды лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=DPdxWZfsr7s

Ойындарға сілтеме: http://bmsi.ru/doc/548d197a-e862-49b2-8938-9781a5b6dfb7

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ

/4-1-0-126

https://www.youtube.

com/watch?v=s2iFz4

CD_7s

https://www.youtube.

com/watch?v=WAX97

LbQfYI

Кіші допты лақтыру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=3sPBOU-Cxfc

https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs&t=45s

https://www.youtube.com/watch?v=NMm3qkpxoHQ

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді барлық білім алушылар анықтай біледі деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтау кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу