Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім. Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

Оқу мақсаттары

7.3.1.1 Өз денсаулығына салауатты өмір салтының тигізетін әсерін түсіну және түсіндіре білу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

● Топта қауіпсіз жұмыс істеу;

● Денсаулықтың негізгі аспектілерін түсіну, салауатты өмір салтын жүргізудің қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

● Дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды;

● Түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізер әсерін түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Дене, психикалық, әлеуметтік Денсаулық ұғымын беру;
  • Адам денсаулығына арналған дене жаттығуларының маңызы туралы айту;

● Сауатты сөйлеуді құру.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

Қауіпсіздік, қимыл-қозғалыс дағдылары, физикалық жаттығулар, Денсаулық, психикалық, әлеуметтік ынтымақтастық, команда, қиындықтарды жеңу.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Қауіпсіздік техникасын сақтау үшін ...
  • Денсаулық-бұл…
  • Салауатты өмір салтының негізгі құрауыштарын атаңыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыйластық, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық, командалық рух, командалық жұмыста өзара көмек көрсету арқылы құндылықтарды дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

"Орыс тілі" пәнімен, сабақта оқыған дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша оқушылардың материалын баяндау арқылы байланыс. Адам денсаулығы үшін дене жаттығуларының маңызы туралы айта білу.

 АКТ қолдану дағдылары

Қауіпсіздік техникасы және дені сау адамның негізгі белгілері бойынша презентацияны қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы кейбір түсініктерді үйренді. Денсаулықтың пайдасын түсініп, салауаттылықтың маңызын өзгеге түсіндіре біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Мұғалім оқушыларға ашық сұрақтар қояды.

1. "Миға шабуыл".

Сұрақ: Денсаулық дегеніміз не? Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты қалай нығайтуға болады? Салауатты өмір салтын қалай ұстанамыз? Өз денсаулығымызды қалай күтеміз?

Оқушылардың барлық жауаптары флипчартта жазылады. Содан кейін оқытушы оқушыларды денсаулықты анықтауға шақырады. Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларға «Денсаулық ұғымы» атты презентацияны көру ұсынылады.

Танысқаннан кейін денсаулық туралы негізгі ұғымдарды талқылау жүргізіледі. Презентацияны талқылағаннан кейін оқытушы оқушылармен бірге денсаулыққа қандай факторлар оң әсер ететіні, қандай – теріс әсер ететіні туралы қорытынды жасайды.

2. Оқушылар арнайы жүгіру жаттығуларын орындайды:

- тізені көтеріп жүгіру;

- өкшені лақтырып жүгіру;

- оң және сол жақ иықпен жүгіру;

- жылдамдыққа жүгіру.

3. Үлкен шеңбер бойына тұрып, дамыту жаттығуларын орындайды.

Презентация,

флипчарт (магнитті тақта), флипчарт қағаз, маркерлер, А4 қағазы; стикерлер.

Үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20 минут

20-35 минут

1. Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Осы екі команда түрлі тапсырмалар орындап, эстафеталық ойын түрінде жарысады.

а) барлық қатысушы эстафеталық таяқшамен белгіні айналып жүгіріп келеді;

б) белгіге дейін жүгіріп, бес рет отырып тұрады;

в) допты жерге ұрып жүгіріп, белгіні айналып келу;

г) шығыршықпен бірін-бірі тасып жүгіру.

Жарыс кезінде оқушыларға қауіпсіздікті ескерту. Тапсырмаларды орындау барысында қатесіз жылдам орындау.

Ойыннан кейін сұраңыз: тапсырмалар адам ағзасына жақсы жүктеме берді ме? Біздің ойын барысында қандай пайдалы қасиеттер көрсетілді? Бұл ойында біздің денсаулығымыз қалай нығаяды?

2. Оқушылар екі топқа бөлініп, қысқа қашықтыққа 60 м жүгіруді орындайды:

- Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы туралы түсінік жасау;

- Старта тұру ережесін қайталау;

- Старттан дұрыс шығу әдісін орындау ;

- «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір» командаларын орындауға дағдылану;

- Жеке ерекшеліктерді ескере отырып, жүгіру техникасын жетілдіру;

- Арақашықтықты жылдам жүгіріп өтуге дағдыландыру;

- Мәреге жеткенде жылдамдықты асыра жүгіріп өтіп, 5-10 м кейін тоқтауды үйрету.

Оқушылардың назарын денсаулыққа қатысты тәуекелдерге аудару. Еске салайық, жүгіру кезінде, әр кім өз жолымен жүгіру және қауіпсіздік сақтау қажет. Жарақат алмас үшін, жақсы қыздырыну.

Дескрипторлар:

- Жүгіру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;

- Жүгіру кезінде старттан шығуды дұрыс көрсетеді;

- Мәреге жеткенде жылдамдық асыра жүгіре өтіп, тоқтайды.

Үлкен, еркін кеңістік, интернет-ресурсқа сілтеме, жылжымалы ойындар:

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, жалаушалар.

Бейне оқыту сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=JL9s0ny5VwE

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз.

Сұраңыз: командада жақсы жұмыс жасадыңыз ба? Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық). Дене жүктемесі денсаулық үшін пайдалы ма? Салауатты өмір салтының негізгі құрауыштарын атаңыз. Физикалық жүктеме эмоциялық жағдайға әсер ете ала ма?

Ашық сұрап-жауаптар

Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация:

- спорттық құралдар мен жабдықтар бойынша;

- топтарға бөлу бойынша;

- жаттығу кезінде жүктемені бөлу бойынша.

1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс сабақ бойы қолданылады;

2. Өзара бағалау: оқушылар топтарда бір-бірін бағалайды. Қауіпсіздік техникасы сақталды ма? Жүгірудің дұрыс техникасы көрсетілді ме? Жарыса жүгірудің жеке жүгіргеннен айырмашылығы бар ма? Жүгіру кезінде қауіпсіздік сақталды ма? Жүгірудің адам ағзасына пайдасы бар ма?

Жаттығуларды орындау кезінде және қозғалмалы ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу