Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін____________

____________________

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №__

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім-Денсаулық және салауатты өмір салты

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.5.5. Баламалы идеяларды дамыту мақсатында өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру.

Сабақ мақсаттары

-түрлі бұлшық еттерді дамыту жаттығуларын орындату;

-қысқа,орта қашықтыққа жүгірудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;

-өмірге қажетті қимыл - қозғалыс қасиетін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

-қозғалыс белсенділігін дамыту мақсатында өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін анықтайды, дағдыларын көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: физикалық әрекет,денсаулық пен жеке бас саулығын жетілдіруде қандай мүмкіндік беретінін бағалау және өз білімдерін жинақтауды меңгеру.

Тілді оқу сыныптағы оқушыларға түсінікпен, пәннің мазмұнымен жұмыс істеуге қажетті тілді қамтамасыз ету;

  • физикалық қасиеттер (күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік)
  • дайындық: интервал, ұзақтық, жылдамдық/ жылдамдық төзімділік
  • ширату және қалпына келтіру техникалары;
  • бұлшық еттер мен олардың құрылымы
  • екпінмен бір орыннан ұзындыққа секіру;
  • орыннан, жүгіріп келіп лақтыру;
  • екпін кезіндегі қадамның ұзындығы;
  • секіру мен лақтырудағы фазалар;
  • жүгірудің ырғағы.

Құндылықтарды дарыту

Дене тәрбиесі бағдарламасында мәдениет пен көзқарас алуан түрлілігіне құрметті қалыптастыру келесілер арқылы насихатталады:

академиялық шыншылдыққа, бір-біріне деген сыйласымдылыққа, сыныптық тәртіпке, әділ ынтымақтастықта ойнауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Физика,физиология

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Сілтемелер: http://www.ukzdor.ru/fizkult.html

http://fizkult-ura.ru/node/32391

Бастапқы білім

Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді.. Арнайы дене даярлығы, физикалық жүктемені және ағзаның функционалдық мүмкіншіліктерін зерделеу, жаттығулар кешендерін әзірлеу және пайдалану білімін көрсетеді. Сонымен бірге, жүгіру техникасы мен оның түрлерін жетілдіру, екпінмен ұзындыққа секіру, лақтыру бойынша жұмыстар жалғасады. Төзімділікті, күштік-жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбын,оқу мақсаты мен сабақ мақсаттарын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. (Б) Мұғалім сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Дене қыздыру жаттығуларына көшу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу бірқалыпты жүгірулер. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында орындау. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Сабақтың ортасы

1. (Т, Ж, ҚБ) Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылар 8-10 жаттығудан тұратын дамыту жаттығуларын құрастырады және орындайды. Орындалған жұмыстың соңынан қаншалықты тиімді екендігін және саралауды жүргізу керек.

2. , К) Оқушылар жүгірісті жүру қадаммен алмастыру тапсырмасын орындайды. Арақашықтық 800 метр, бірінші айналымды тоқтаусыз бірқалыпты қарқында жүгіріп өту, екінші-үшінші айналымда 15-30 м қадам жүру,төртінші айналымда қарқынды көбейте отырып,мәреден өту.

Мұғалімге нұсқаулық:

Ұстаз жүгіру кезінде дұрыс тыныс алу туралы ескертуі қажет. Оқушылар жүгіру кезінде өздерінің дене жағдайын талдап, бағалай алуы қажет.

3.(Т, К) Сөреден шығу жаттығуын 15-20 метр аралықта жүгіріп орындау. Жаттығуды бірнеше рет (орташа жылдамдықтан максималды жылдамдыққа дейін) қайталап орындату. Бастапқы қалып: төменгі сөре.

4. ,Қб) 30-60 метр қашықтыққа жұптасып жүгірулер. Бастапқы қалып: төменгі старт. Уақыт есептелінеді.

5., Т) "Қуып жетуге тырыс" ойынын ойнау. Ойынға бүкіл сынып қатысады. Ойынға қатысушылар стадионның жүгіру алаңында бір-бірінен бірдей ара қашықтыққа тұрады. Белгі бойынша барлық ойыншылар жүгіруді бастайды. Әрбір ойыншының міндеті:өзін қуып келе жатқан адамға жеткізбеу және алдында жүгіріп бара жатқан адамның денесіне немесе иығына қолын тигізу. Өзіне қол тиген балалар жүгіру алаңының ортасына жиналады, ал қалғандары жүгіруді жалғастыра береді. Ойыншылар жүгіру алаңның мәре сызығын басып өткен кезде ойын аяқталады.

Денсаулықты сақтау мен нығайтудың тиімді құралдары, сілтеме:

http://www.ukzdor.ru/fizkult.html

Қозғалыс ойындарының интернет ресурстағы сілтемесі:

http://fizkult-ura.ru/node/32391

Сабақтың соңы

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында оқушылармен рефлексия,кері байланыс жүргізіледі: қандай жаттығуды өз деңгейінде, неге орындай алмадым, нені толық түсінбедім? сұрақтарға жауап іздеу.

Бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, туындаған қателерге назар аударылды, анықтамалар беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

-талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу арқылы;

-қарқындылық қандай болу керектігіне назар аудару: төмен, біршама, жоғары

-қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау, еңсеру арқылы. Тапсырмалардың баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды топ алдында дағдыларын өз бетінше көрсетуге мүмкіндік беру, қайталату.

Бірлескен іс әрекетте жаттығулар элементтерінің орындалу реттілігіне көңіл бөлу. Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? -Байқау, тыңдау, сұрақ қою арқылы.

Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру.

Техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Дене қуатын үнемдеу шарттары. барлық оқушылар оқу үдерісіне тартылған және үздік нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі бар

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу,сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, мағынасына байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, оқу үдерісіне тартылған және үздік нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Жаттығулардың орындалуына саралау жүргізілді.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға қозғалыс дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу