Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 86 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы: Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.

Оқу мақсаты: 6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу

Сабақтың мақсаты: Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсінуге және қолдана білуге үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар футболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.
  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.
  • Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.
  • Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
  • Футбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Футбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сезіне білу;

Бір –бірін итермеу.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

(С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар:

1) Қозғалыста допты тоқтату тебу (оң – сол аяқпен);

2) Допты қарсыласқа аяққа лақтыру , допты тебу (оң – сол аяқпен);

3) Допты қарсыласқа тізеге лақтыру оны тоқтату, және тебу;

4) Допты кеудеумен тоқтату және тебу.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырмалар беріледі. «Допты ортадан шығар». Оқушылар қолдарын еркін жая алатындай шеңбер жасап тұрады. Ортаға бір оқушы доппен шығып, допты жерге қояды да, белгі бойынша допты ойыншылардың тізелерінен асырмай шеңберден теуіп шығаруға тырысады. Шеңбер жасап тұрған ойыншылар допты аяғымен ұстап қалып, оның шеңберден шығып кетуіне жол бермейді. Ойыншылар допты ұстап қалғаннан кейін оны ортадағы ойыншыға бермей, бір-біріне теуіп бере алады.

Ортадағы ойыншы допты шеңберден шығара алмай қойса, оның орнына допты өзінің оң жағынан жіберіп қойған ойыншы шығады. Әр ойыншы оң жағында тұрған ойыншы екеуінің арасындағы бос орынды қорғап тұруға тырысады. Ойыншыларға допты қолмен ұстап алуға тыйым салынады. Шеңберден жоғары ұшып кеткен доп шеңбер сыртында тұрған ойыншыға қайтарылады. Шеңбер сыртында бір де бір рет болмаған немесе ең аз болған ойыншы жеңімпаз атанады.

Допқа аяқпен соққы беру техникасын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен соққы беруден бастау тиімді. Өйткені, бұл ойында жиі қолданылады. Бұл қабылдау қысқа және жақын қашықтықтан қақпаға соғуда қолданылады. Былайша соққы беру оншалықты күшті болмағанмен, өте дәл болып келеді. Бұл соққыны дұрыс орындау үшін тірек аяқты кішкене бүгіп, доптан 10-15 см және сәл иық тұсына ұстау керек. Тірек аяқтың ұшы соққы берілетін бағытпен дәл келуі керек.

  Оқу барысында:

  1.Допсыз. Табанды 90°С-қа бұру арқылы аяқты алға сілкі. Жаттығу қайталанады.

  2.Қабырғада. 5-6м қашықтықта тұрып, 20-25 соққыны жасау керек. 20-25 соққыны бір орында, онан соң 2-3 қадам жүгіріспен жасау керек.

  3.Дәл соққы. Қабырға алдына 1 м ендікте қақпа қойылады. Доп қақпадан 1 м қашықтықта беріледі. Соққының дәлдігі басты назарда болады.

  4.Дәл қағыс. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестер бір-бірінен 5-6 м қашықтықта тұрып, бір-біріне допты соқы арқылы жіберіп отырады. Мұнда соққы оң және соң аяқтармен кезек беріледі. Бұл допты дұрыс қағып алуды және соққы бағытын дұрыс жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  5.Колоннада. жаттығушылардың біреуі колоннадан 6 м қашықтыққа барып тұрады. Сигнал арқылы ол допты колоннаға бас арқылы бағыттайды. Ол допты кері қайтаррып болған соң орын алмасады.

  6.Шеңбердегі доп. Алаңда 18-20 м диаметрлі шеңбер сызылады. Ойыншылардың біреуі шеңбер ішінде тұрады. Басқалары шеңбер артында бір-бірден орнығады. Ортадағы ойыншы олардың әрқайсысына допты кезекпен беріп отырады. 15-20 доп бергеннен  кейін  орын алмасады.

  7.Доп беру. Жаттығушылар шеңбер бойына орналасады(6-7 адам). Ойыншылардың біреуі әріптесінің  біреуіне допты береді де оның орнына жүгіреді. Ал әріптесі допты жолдасының біреуіне беріп, оның орнына жүгіреді.т.с.с. Цифрлар арқылы кезек белгіленген.

  8.Қозғалыста. Шеңбер бойымен қозғала отырып, допты бір-біріне қарап тұрады. Бұл жағдайда допты алдыңғы әріптеске беру ұсынылады. Ойын кезінде ойыншының сыртқы иығы алға, ал тірек аяғы ойыншының допты күткен бағытына бағытталуы керек.

  9.Екі доппен. Екі ойыншы 5-7 қадам қашықтықта бір-біріне қарап тұрады. Үшіншінің сигналы бойынша олар табанының ішкі жағымен  соққы берілген допты бір-біріне бағыттайды. Сонан соң кері соққы береді. Ойын барасында доптардың бір-бірімен соққыласуына жол бермеу керек.

  10.Әріптестің доп беруі. Жаттығушы бір жағымен тұрып, әріптесіне табанның ішкі жағымен соққы берілген допты бағыттайды. Ал әріптесіне жүгіре отырып допты қабырғаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады .

  Табанның ішкі жағымен берілетін соққыны үйренуде бастауыш футболшыларда, келесі типтік қалеліктер болуы мүмкін. Біріншіден, ұратын аяқтың табаны әлсіз бұрылады, екіншіден соққы беру барысына дайындықта соққы беруші аяқ барынша артқа созылмайды. Осы қателіктерді болдырмау үшін жаттығу керек. Ол үшін 3-5 м қашықтықта тұрып, қимылсыз допқа соққылар беру арқылы жаттығу керек.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w Қимыл-қозғалысқа арналған ойындарhttp://www.igraza.ru/page-3-1-8.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=533



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу