Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 88 сабақ.


Әдістемелік нұсқау

7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы: Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену.

Оқу мақсаты: 6.2.4.1. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдана білу

Сабақтың мақсаты: Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсінуге және қолдана білуге үйрету

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

  • Сабақтың ортасы.

Білім алушылар футболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.
  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.
  • Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.
  • Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
  • Футбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Футбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сезіне білу;

Бір –бірін итермеу.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

(С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(Т, Ж, ҚБ) «Допты капитанға беру». Ойынға екі топ қатысады. Әрқайсысы өз капитанын таңдайды да, футбол добын алып, оған тиесілі алаңның бір бөлігіне, созылған қолдың қашықтығында және ортаға қолына доп ұстаған капитанды қойып, шеңберге тұрады. Белгі бойынша екі топтың капитандары, кезек-кезекпен, өз шеңберінің әр ойыншысына доптарды футбол әдістерімен (ары-бері бағытта) бере бастайды. Ойын барысында қандай да бір техникалық қателік салдарынан доп кетіп қалса, онда қателік жіберген ойыншы допты орнына қайтарады да, ойын жалғасады.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар:

  • Допты кедергілер арасымен алып жүру, келесі серіктесіне пас беру.
  • Серіктесіне пас беру және серіктесінен допты қабылдау.
  • Допты табанның ішкі жағымен серіктесіне беру.
  • Допты табанның сыртқы жақ қырымен серіктесіне беру.
  • Допты аяқтың ұшымен серіктесіне беру.
  • Аяқтың ішкі қырымен алып жүру.

Аяқ өрінің ортасымен соққы.

  Қақпаны көздеген уақытта көбінесе орта немесе ұзақ қашықтық таңдалып алынады.  Соққы тура жүгіріспен беріледі. Оның орындалу техникасы мынадай: кішкене тізе бүгіліп , доппен қатар қойылып, аяқ ұшы бағытқа қарай тураланады. Соққы доптың ортасына беріледі. Допқа соққы бергенде қол алға-артқа майысады.

  Оқыту барысында:

  1.Соққыимитациясы. Аяқтың соққы қимылын допсыз орындау.

  2.Жай соққы. Қабырғадан үш метр қашықтықта қимылсыз тұрған допқа соққы беру ұозғалыс жай темппен жасалады, 20-25 соққы беру керек.

  3.Дәл соққы. Қабырғада 1х1 м квадрат сызылады. Ойыншы 10 м қашықтықта көзделген квадрадқа 20 соққы беруі қажет. Соққы қимылсыз тұрған допқа беріледі.

  4.Жалаушалар арасы. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Әріптестестер ара-қашықтығы 24-26 м. Ортаға жалауша арқылы 1,5-2 м кеңдікте қақпа құрылады. Әріптестер допты бір-бірінежалаушалар арасы арқылы бағыттайды.

  5.Домаланған доппен. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Әріптесінің бірі допты бір жақтама береді, ал екіншісі домаланған допты қақпаға, көзделген жерге дәлдеп соққы береді. Екі аяқпен де 10 соққы берген соң , допты беріп тұрған ойыншымен орын алмасады.

  6.Алыстан соққы. Алаңда 15 м кеңдікте коридор белгіленеді. Ойыншылар кезекпен жүгіру арқылысоққылар орындайды. Әрқайсысына 3 ұмтылыстан беріледі. Коридормен ең алысқа допты кім соқса, сол жеңеді.

  7.Мықты соққы. Әріптестің біреуі қақпаға орналасады, екінші ойыншы қақпадан 12 кв м қашықтықтан оң және сол аяғымен шығып, 5 соққы береді. Онан соң орын алмасады.

  Бұл қабылдауларды меңгеруде бастауыш футболшылар аяқ ұшын максимальді төмен иеді. Бұл жағдайда доп қисық траекториямен ұшады. Бұл қателікті болдырмас үшін дұрыс жолмен 8-10 соққы беріп, жаттығу керек. Сонымен қатар олар тірек аяқты доппен өте алыс қашықтықта ұстап тұрады, ал соққы допқы допқа әлсіз беріледі. Бұл кемшіліктерді болдырмау жолы ұзақ әрі сапалы жаттығулар жасау.

  Аяқ өрінің ішкі жағымен соққы беру. Былайша соққы беру ойын кезінде қарсыластың қақпасына, айып соққы бергенде т.б. жағдайларда орын алады. Бұл қабылдаудың техникалыққолданылуы келесідей. Тірек аяқ доптан артта тұрады. Ол аяққа дененің ауырлығы түсіріледі, ал соққы беруші аяқ тізеден бүгіледі. Сонан соң соққы беруші аяқтың табаны ішке қарай кішкене майысады да бекиді. Соққы доптың төменгі бөлігіне беріледі. Бұл қабылдауларды оқытуда жоғарыда аталған жаттығуларды жасатады.

  Енді осы қабылдауларды орындау барысында жіберілетін қателер жөнінде айтатын болсақ, тірек-аяқ допқа өте жақын орналасады. Қатені болдырмас үшін қабырғаға соққыны дұрыс беру жолымен жаттығу керек. Жүгіруді дұға бойымен емес көзделген бағытқа сай түзу бағытта жүгіру керек.

  Аяқ өрінің сыртқы жағымен соққы беру. Былайша соққы беру айып кезінде , қақпаға және әріптесіне беру кезінде көп қолданылады. Бұл соққыда доп айналып ұшады. Бұл қабылдау дұрыс болу үшін дәлдікті арттыру керек, ол үшін тірек аяқ доп деңгейінде орналасады. Соққы берушіаяқ ішке қарай бұрылып, соққы беріледі. Ден салмағы тірек аяққа түсіріледі. Әрине бұл қабылдауды тез үйрене қою қиын, бірақ үйренуді жүзеге асыруғы әбден мүмкіндігі бар. Ең бастысы қателік болдырмау, болған кезде де тез жөндеу.

  Аяқ ұшымен соққы берукөбінесе ылғалды ауа райындағы ойында беріледі. Бұл қабылдаудың орындалу техникасы аяқ әрі ортасымен соққы техникасымен бірдей.

  Өкпемен соққы. Бұл соққы артта тұртұрған әріптеске допты елеусіз ғана беруде қолданылады.

  Бұл бастауыш футболшыларда дұрыс бола бермейді. Бірақ барлық футбол шеберлері оны ойында дұрыс қолдана біледі. Бастпқы кезеңде қабылдаулардың  дұрыс орындалуына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл қабылдауды жүзеге асыруда тірек аяқты доптан сәл алдын қою керек және тізені бүгеді. Сонан соң соққы беруші аяқты өзінен артқы бағытта өкшемен береді.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік. Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Қимыл-қозғалысқа арналған ойындарhttp://www.igraza.ru/page-3-1-8.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ Допты қақпақылдауhttps://www.youtube.com/watch?v=VVSdK-J77_A https://www.youtube.com/watch?v=zQ22tAcwdl4 https://www.youtube.com/watch?v=WIMeajstUBk https://www.youtube.com/watch?v=OTpO1uSIeaI

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=533



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу