Эстафеталық ойындар. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 12 сабақ.


 Бекітемін__________________________

 __________________________

 

 Дене шынықтыру сабағының №12 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эстафеталық ойындар

Оқу мақсаттары

6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану

Сабақ мақсаттары

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету

Бағалау критерийлері

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана біледі;

Дескрипторлар

  • Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

 

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

  •  арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері
  •  эстафеталар, жылдамдату, командалық жұмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?
  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-4мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

5-18мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-34мин

 

(Т, ЖЖ, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар екі тізбекке тұрып, әртүрлі ұзындықтағы бөліктерді жылдамдата жүгіріп жарысады.

Жүгіру нұсқасы:

а) белгіленген қашықтық (мысалы 10м) бөлігінде жылдамдата жүгіру ;

б) кенеттен берілген белгіден кейін жылдамдата жүгіру;

в) екі рет жылдамдата жүгіру (белгіге дейін және кері қайтқанда);

г) бұрылысқа өткенде жылдамдата жүгіру;

д) 2м алда тұрған әріптесін қуған кезде жылдамдата жүгіру. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Тапсырманы аяқтаған соң оқушылармен жасалған жұмыстарға талдау жасалады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Белгі бойынша олар жүгіруді бастап, әрбіреуі кезеңдерде жалаушаларды алуға тырысады. Жалаушаны алып үлгермегендер ойыннан шығады. Екінші кезеңнен кейін алты ойыншы, одан кейін төрт ойыншы қалады, ал ең соңында екі мықты жарысады. Соңғы жалаушаны алған ойыншы жеңіске жетеді. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін жасалған жұмыс талданады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары.

Эстафеталар интернет ресурсына сілтеме:

http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары.

Эстафеталар интернет ресурстарына сілтеме:

http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсынамын.

Үйге тапсырма:

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдылары.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын барлық білім алушылар қолдануын біледі деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдану бойынша сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу