Эстафеталық ойындар. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 12 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдану

Сабақтың тақырыбы:

Эстафеталық ойындар

Сабақтың мақсаттары:

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты дағдыларын қолдануды үйрету

Бағалау критерийлері :

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдана біледі.

Дескрипторлар:

- Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

эстафеталар, жылдамдату, командалық жұмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші Тапсырма:

(Т, ЖЖ, ҚБ) Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар бірнеше топқа бөлінеді. Топтар тізбектер құрап, қолдарына шеңбер ұстайды да (соңғы ойыншыда шеңбер болмайды), әр топтың бір ойыншысы сөре сызығының алдына тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншы үш конусты "жылан секілді" айналып өтіп, бағанға жеткенде оған шеңберді кигізіп, қарапайым жүгіріспен тобына оралады және эстафетаны сөре сызығының алдында тұрған келесі ойыншыға қолын тигізу арқылы береді. Ойын осындай ретпен жалғаса береді. Соңғы ойыншы бағанға дейін жүгіріп, шеңберлердің барлығын алады да, ойынды аяқтайды.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұраңыз: Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Бұл ойынның жеңіл атлетикамен қандай байланысы бар?

2-ші тапсырма:

(С, Ж, ҚБ) «Біріктірілген эстафета». Сынып командаларға бөлінеді. Әр команда ойыншыларын кезеңдерге қояды. Кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындап өтеді. Қатысушылар өз тапсырмаларын берілген қашықтықты өтіп орындайды да, эстафетаны келесі қатысушыға береді:

1. Біріншілер шеңберді үш рет өздерінен өткізіп, келесіге қолын тигізу арқылы эстафетаны береді.

2. Екінші қатысушылар бір орында секіртпе жіппен 5 рет секіреді.

3. Үшінші қатысушы эстафетаны алып, орындыққа ішімен жатып, қолдарымен көмектесіп сырғанайды.

4. Келесі қатысушы гимнастикалық маттың соңына дейін жанымен домалайды. Екі аяғы бірге, екі қолы түзу жоғары созылған.

5. Бесінші қатысушы бір орында 3 рет отырып тұруды орындайды.

6. Алтыншы қатысушы келесі кезеңге дейін бір аяқта секіріп барады.

7. Жетінші қатысушы бар жылдамдығымен мәреге жүгіредді.

Жеңімпаз-команда уақытпен анықталады.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Эстафеталық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Эстафета кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.

Сұраңыз:

Эстафеталық ойындар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Аздаған ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігі және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдылары

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор, конустар, нығыздалған доптар, теннис доптары, жалаушалар, волейбол доптары, рефлексия парағы.

 

Эстафеталар интернет ресурсына сілтеме:

http://kidportal.ru/konkursi-i-estafeti/estafeti/

Спорттық эстафеталарға сілтеме: http://www.razumniki.ru/estafeta.html

Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета интернет ресурсына сілтеме: http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу